Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы
(2011.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 7 шілдедегi
№ 645 қаулысымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;
2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;
5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы;
6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;
8) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы» сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады;
3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) және «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроИнновация» АҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4) Холдингті және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.
4. «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
5. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдарының және лауазымды тұлғаларының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мамандандырылған ұйымдар бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.