Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1325 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 538-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 335-құжат).
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1325 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК
______________________________________________
(салық қызметі органының атауы)
Салық төлеушінің атауы «_________________________________________________»
Тегі _____________________________________________
Аты _____________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________
СТН __________________________________________________________________
ЖСН (БСН) ____________________________________________________________
Сериясы № _____________________________________________________________
Артқы беті
Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________________
Орналасқан орны ________________________________________________________
Тіркелген күні ___________________________________________________________
Салық органының басшысы:
____________________________________________________
Т.А.Ә
М.О.
____________________________________________________
Қолы
Берілген күні ________________________________________