1999-2000 жылдарда жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 тамыздағы № 1198 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2000.10.24. № 1587 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегі шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы № 119 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2000.01.11. № 47 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай мемлекеттiк меншiк объектiлерi 1999-2000 жылдарда жекешелендiруге, оның iшiнде алдын ала кезеңдерiне жатпайды деп белгiленсiн:
1) жер (Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жеке меншiкте болатындарынан басқа), жер қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар әлемi, басқа да табиғи ресурстар;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми-техникалық саланың мемлекеттiк ұйымдары;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Республикалық Ұланның, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегі комитетiнiң қарамағындағы штаттық және резервтiк мүлiк, кәсiпорындар мен объектiлер;
5) мемлекеттiк және жұмылдыру резервiнiң мүлкi мен екiұдай мақсаттағы өнiмдер шығару жөнiндегі жұмылдыру қуаттары;
6) әскери комиссариаттар немесе жергiлiктi атқару органдары, азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру тапсырмалары бар әскери бөлiмдер мен ұйымдарға тiркелiп берiлген мүлiк;
7) әскери-техникалық мақсаттарды қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде ғарыштық аппараттарды қамдауды, ұшыруды және алып жүрудi қамтамасыз ететiн, аталған салаларда және сондай ақ әуе қорғанысы және ракетаға қарсы қорғаныс, радио-электрондық тұншықтыру салаларындағы тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар мен объектiлер;
8) басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;
9) мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын азаматтық қорғаныс басқармасының баспаналары мен бекеттерi;
10) геологиялық, картографиялық-геодезиялық, гидрометеорологиялық мемлекеттiк ұйымдар, обсерваториялар, табиғи ортаның жай-күйiн бақылау және табиғатты қорғау қызметтерi;
11) еңбекпен түзеу колонияларының кәсiпорындары, еңбек-емдеу және емдеу-өндiрiстiк саладағы денсаулық сақтау жүйесiнiң кәсiпорындары;
12) мемлекеттiк патент беру, стандарттау және метрология ұйымдары;
13) мемлекеттік халықаралық маршруттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, күре тамырлы темiр жолдар, жалпы пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса, кеме қатынасы су жолдары, маяктар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгiн реттейтiн және қамтамасыз ететiн құрылғылар мен су қатынасы белгілерi;
14) қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды ұқсататын, жоятын және көметiн мемлекеттік ұйымдар, объекттер мен жабдықтар, мал қорымдары;
15) молалар мен крематорийлар;
16) халықты әлеуметтік қорғау объектілерi, балалар үйлерi, бөбектер үйлерi, қарттар үйлерi, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, мүгедектерiнің және оларға теңестiрiлген тұлғалардың, балалар мен қарттардың интернаттары, госпитальдар мен санаторийлар;
17) фельдьегерлiк байланыс мүлкi;
18) балық қорларын ұдайы өндiруде маңызы бар мемлекеттiк ұйымдар (бейiмдендiру станциялары, балық өсiргіштер, уылдырық өсiру шаруашылықтары);
19) мемлекетаралық, облысаралық маңызды гидротехникалық құрылыс-жайлары бар су қоймалары мен күре тамырлы каналдардың шлюздерi.
2. «Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мұнайгаз және көлiк-коммуникациялар кешендерiндегі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, денсаулық сақтау, ғылым, бiлiм беру, мәдениет және спорт жүйелерiнiң кәсiпорындарындағы жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламаларында:
«Мұнайгаз кешенi» бөлiмiнiң «Мұнайгаз кешенi кәсiпорындарын қайта құрылымдауға және жекешелендiруге негiзгі ыңғайлар» бөлiмшесiнде:
бiрiншi абзацтағы «(2-қосымша)» деген сөздер алынып тасталсын;
«Көлiк-коммуникация кешенi (ККК)» бөлiмiнiң «Көлiк-коммуникация кешенiн қайта құрылымдауға және жекешелендiруге негiзгi ыңғайлар» бөлiмшесiнде:
27-абзац алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жүйелерiнiң кәсіпорындары» бөлiмiнде:
11-абзац алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымшаға сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 19 тамыздағы
№ 1198 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
тiзбесi
1. «Ерекше мемлекеттiк меншiктегi және 1996-1998 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1336 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 44, 426-құжат).
2. «Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысының 4-тармағы.
3. «1999 жылға дейiнгi кезеңде жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң атаулы тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 тамыздағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 366- құжат).
4. «Орал-Атырау бекiре-балық өсiру зауытын жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi № 909 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 33, 295-құжат).