ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Тауарды Қазақстан Республикасының әкеткен шығарған кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат сол бір жүк жөнелтушіден сол бір жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын тауардың бір мезгілде жөнелтілетін әрбір партиясына ресімделеді.
26. Тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі тауардың шығу тегі туралы сертификат берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында сақталады.
ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 97 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тұлғасы ресімдейді, куәландырады және береді.
Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше мәрте жеткізу кезінде бір мезгілде түпнұсқасы тауардың барлық келісімшарттық партиясына немесе сериялы өндіріс тауарларына ресімделген және экспорттаушы бірінші жөнелтімде ұсынатын сараптама актісінің көшірмесімен жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.
Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтініште Өтініш беруші жөнелтілетін тауар партиясы өндіріс технологиясының және құрамдауыштарының өзгеріске ұшырамағанын, сондай-ақ бұл тауардың материалдарын жеткізуші елдерді растайды.
ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 97 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Тауардың шығу тегi туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi:
1) «СТ-1» нысан үшін ол берiлген күнiнен бастап он екi айды;
2) «Оригинал» нысан үшін ол берiлген күнiнен бастап он екi айды;
3) «А» нысан үшін ол берiлген күнiнен бастап он айды құрайды.
29. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қолдар және (немесе) мөрлер болмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады.
Тауардың шығу тегі туралы сертификатта қамтылған мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын берілген және тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген кезде негіздеме ретінде тігілетін сертификатты қайтарғаннан кейін ғана, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде беріледі.
30. Ресімделген сертификаттар берілген тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды тіркеу журналына өтініш беруші қол қойғаннан кейін беріледі.
31. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың өзге тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.
32. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың көшірмелері мен беруге негіз болған құжаттар аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күнінен бастап кемінде үш жыл сақталады.
33. Тауар шығарылған елде «СТ-1» нысанындағы сертификаттың көшірмесі болса, Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде тауарларды кері экспорттау кезінде алмастырушы сертификат берілуі мүмкін.
Тауарларды Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде, олардың аумақтарында дайындалған және Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен бекітілген тауардың шығу тегін айқындау ережесі күшіне енгенге дейін кері экспорттау кезінде, «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілуі мүмкін. Сертификатты тауарды шығарушы туралы (атауы, Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының Республикасы мен почталық мекен-жайын көрсете отырып) және тауардың дайындалған жылын растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда берілуі мүмкін.
3-тарау. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау және
тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру
§ 1. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау
34. Тауар шығарылған елді анықтау үшін, тауардың:
1) толықтай Қазақстанда шығарылғандығы;
2) жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы белгіленуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Толықтай Қазақстан Республикасында шығарылды деп саналатын тауарларды айқындау осы Ереженің 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері осы Ереженің 7-тармағында белгіленген.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 37-тармақ өзгертілді
37. Үшінші елдердің тауарларын өндірісте пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодын қайта өңдеу нәтижесінде алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгерту тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің негізгі өлшемі болып табылады.
Осы тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі дербес те, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдерімен үйлестіріліп те енгізілген.
Қазақстанда одан әрi айналымға арналған Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар мен бос қоймаларының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе тауарды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеуге түскен және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды шығарған елдi анықтау үшiн нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегi мәртебесiн беруге қажеттi шарттардың, өндiрiстiк және технологиялық операциялардың тiзбесi көрсетілген Ереженiң 9-қосымшасында белгiленген.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келмейтін шарттар осы Ереженің 9-тармағында белгіленген.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 10-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 1-қосымшасындағы формулаға сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Бөлшектенген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлар шығарылған елді айқындау осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
41. Тауар шығарылған елді айқындау кезіндегі ерекшеліктер осы Ереженің 12-тармағында белгіленген.
42. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар шарттық негізде және өтінім мен осы Ереженің 64-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 97 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
44. Тауардың шығу тегінің сараптамасы:
1) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасын;
2) қажет болған кезде тауар орналастырылған жерге барып тауарды сыртқы белгілері бойынша, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, шығарушы кәсіпорны);
3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауарды өндіру кезіндегі үрдістің сараптамасын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 97 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес өтініммен бірге мынадай құжаттар тапсырылады:
1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - паспорт, жеке куәлік, дара кәсіпкердің патенті немесе куәлігі);
2) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды алуға жасалған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
3) қызмет түріне берілген лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі;
4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен компоненттердің құны және/немесе шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар оларға сәйкес тауар өндірілетін нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе компоненттердің құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі):
5) егер тауар жануар тектес болса, өзен және теңіз кәсіпшілігінің тауары болып табылса, ветеринариялық куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
6) қойманың мекен-жайын көрсете отырып, қоймадағы тауардың бар екендігі және саны туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі;
7) өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органның өтінім берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 97 Қаулысымен 45-1-тармақпен толықтырылды
45-1. Сериялы өндiрiс тауарының шығу тегiне сараптама жүргiзген кезде жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар, сондай- ақ қоймалық анықтама талап етілмейді.
46. Қосымша зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды сұратады:
1) шикізаттың, материалдардың, құрамдауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
2) егер тауарды зертханалық зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасы.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
47. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған, тауардың:
1) толық Қазақстанда шығарылғаны;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған болып табылатыны туралы тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 47-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 97 Қаулысымен 47-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.
Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел өзгерген жағдайда тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін және ішкi айналымға арналған тауардың шығу тегі сертификатын алу мақсатында Өтiнiш берушi сараптамалық ұйымға мұндай өзгерiстер туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
48. Сараптаманы біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар тізіліміне енген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
49. Толықтай Қазақстанда шығарылған тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға ақы төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).
§ 2. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегi туралы сертификат осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес бланкiде ресiмделедi, куәландырылады және берiледi.
«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегi туралы сертификат мынадай тауарларға:
1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 843 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкелген және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді немесе сериялы өндіріске және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.
Еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі сататын тауарларға әкелінетін тауардың әр партиясына ресімделетін тауардың бірегей нөмірін қамтитын жүкқұжат СТ- KZ сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүкқұжатты өндіруші ресімдейді және салық немесе кеден органы сұратқан жағдайда ғана ұсынылуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 51-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 843 Қаулысымен 51-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-1. Сериялы өндіріс тауарларына арналған CT-KZ нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат сериялы өндіріс тауарын өндіруші болып табылатын өтінім берушіге тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзіміне және тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде көрсетілген тауар көлеміне беріледі. Тауардың бірегей нөмірін қамтитын, сериялы өндіріс тауарының әкелінетін әрбір партиясына ресімделетін жүкқұжат СТ-KZ сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады. Жүкқұжатты өндіруші ресімдейді және салық немесе кеден органы сұратқан жағдайда ғана ұсынылуға жатады.
52. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат:
1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес өтініш беруші сараптамаға берген құжаттар;
4) қоса берілген құжаттар тізімдемесі негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегi туралы сертификат осы Ереженiң 60-тармағында баяндалған тәртiпке сәйкес толтырылады, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының уәкiлеттi тұлғасы куәландырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 54-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары осы Ереженiң талаптарына сәйкес «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегi туралы сертификаттың бланкiлерiн жасауды, оларды пайдалануды, сақтауды және берудi есепке алуды ұйымдастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 55-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
55. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегi туралы сертификат үш данада ресiмделедi: бiрiншiсi түпнұсқа, екiншiсi мен үшiншiсi қорғалған бланкiлерде орындалған көшiрмелерi болып табылады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бiр көшiрмесi өтiнiш берушiге берiледi, ал екiншi көшiрмесi аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.
Тауардың шығу тегi туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары өтiнiш берушiнiң талабы бойынша қажеттi мөлшерде тауардың шығу тегi туралы сертификаттың қорғалмаған бланкiлердегi көшiрмелерiн бередi. Көшiрмелердiң алдыңғы бетiнде бланкінiң «Қызметтiк белгiлер үшiн» немесе «Қосымша мәлiметтер» деген бағандарында мынадай жазулар жазылады: «Көшiрме дұрыс», уәкiлеттi тұлғаның қолы қойылған көшiрменiң берiлген күнi, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталасының мөрiмен расталады.
56. «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттың толтырылған 6, 7, 8, 9, 10-бағандарындағы бос жерлер оны растағаннан кейін қосымша жазуларды жазбау үшін, қолмен («Z» таңбасымен) сызылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Егер онда тазартып өшiрулер, түзетiлген жерлерi, расталмаған түзетулер болса, қажеттi қолдар қойылмаса және (немесе) мөрлер басылмаса, тауардың шығу тегi туралы сертификат жарамсыз болып саналады. Тауардың шығу тегi туралы сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетiлген мәлiметтердi iшiне жазу жолымен, одан кейiн тауардың шығу тегi туралы сертификатты беруге уәкiлеттi тұлғаның қол қоюымен жүргiзiледi және аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мөрiмен расталады.
Сертификат бағанындағы мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын алынған сертификатты қайтарған соң беріледі, алдыңғы сертификат күшін жояды, жаңа сертификатты берген кезде негіздеме ретінде, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде, іске тігіледі. «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттың 5-бағанында күші жойылған (күші жойылған сертификаттың орнына берілген сертификатқа жаңа тіркеу нөмірі беріледі) сертификаттың нөмірі мен уақыты көрсетіле отырып, «Сертификат орнына берілді» деген белгі жазылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмелерi мен олардың негiзiнде сертификаттар берiлген құжаттар үш жыл бойы аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.
59. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 60-тармақ өзгертілді
60. «СТ-KZ» нысанындағы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында тауар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған - «Тауарды өндіруші (атауы мен почталық мекен-жайы)» - тауар өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес тауар өндіруші болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
Бағанды толтырған кезде өндірушінің почталық мекен-жайы тауар өндірушінің нақты мекен-жайын растайтын құжатына сәйкес көрсетіледі;
2) 2-баған «Тауарды алушы (атауы мен почталық мекен-жайы)» - тауарды алушы болып табылатын тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
Бағанды толтырған кезде тауарды алушының почталық мекен-жайы тауарды алушының нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес көрсетіледі;
«Тауарды алушы» деген баған өтініш беруші осы тауарды өндірушінің өзі емес, ол уәкілеттік берген, сенімхат бойынша тауар өндірушінің мүддесін білдіретін тұлға немесе өндірушінің өзі осы тауарды сатқан тұлға болған жағдайда ғана толтырылады, «Қызметтік белгілер үшін» деген 5-бағанда тауар өндіруші мен тауарды алушы арасындағы тауарды алуға арналған жоғарыда аталған шарт көрсетіледі.
Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған аумағына шығарған жағдайда «Тауарды алушы» деген 2-баған тек уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.
3) 3-баған - «Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты». Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
4) 4-баған - тауардың шығу тегі туралы сертификаттың тіркеу нөмірі; сертификатты берген ел («Қазақстан Республикасы»);
5) 5-баған - «Қызметтік белгілер үшін». Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері енгізіледі, сондай-ақ мынадай жазулар болады: «Көшірме», «Сертификат орнына берілді» және/немесе «Сериялық өндіріске берілген». Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;
6) 6-баған - «Нөмір». Тауардың реттік нөмірі жазылады;
7) 7-баған - «Орындар саны мен қаптама түрі». Тауардың (лектің) орындар саны мен қаптама түрі көрсетіледі;
8) 8-баған - «Тауардың сипаттамасы» - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір белгімен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін басқа мәліметтер.
Бағанды толтырған кезде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші бойынша тауардың коды көрсетіледі;
9) 9-баған - «Шығу тегі өлшемдері». Тауарлардың шығу тегінің мынадай өлшемдері көрсетіледі:
П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
Д - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы қазақстандық қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі қазақстандық қамтудың үлесін есептеу осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әртүрлі тауар позицияларында жіктелетін және шығу тегінің өлшемдері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің өлшемдері сараланған түрде көрсетіледі;
10) 10-баған - «Тауардың саны».
СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың брутто/нетто (кг) салмағы және/немесе басқа сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауы тиіс;
«СТ-KZ» нысанды сертификатты сериялық өндіріс өніміне ресімдеген жағдайда 2,7,10-бағандары толтырылмайды.
11) 11-баған - «Куәлiк». Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының атауын, оның мекен жайын, сертификатта көрсетiлген мәлiметтердi куәландыратын мөрi мен күнiн, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкiлеттi тұлғаның қолын, тегi мен аты-жөнiн қамтиды;
12) 12-баған - «Өтініш берушінің декларациясы». Тауар шығарылған елдің атауы, тауар шығарылған ел туралы мәліметтер декларацияланған орны мен күні, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні және өтініш берушінің қолы мен мөрі көрсетіледі.
4-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен (ретроспективтік) беру
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1633 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61. Сертификат экспортты жүзеге асыру, сондай-ақ қателік, кездейсоқ жіберіп алу, ерекше мән-жайлар немесе техникалық себептер бойынша Қазақстан Республикасында сату үшін бос қоймалардың және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өндірілген тауарларды әкету сәтінде берілмеген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификат айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының қалған аумағына бос қоймалардан және арнайы экономикалық аймақтардан тауарларды шығарғаннан және сатқаннан кейін беріледі.