311) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;
312) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және қорытуды жүзеге асырады;
313) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;
314) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша келісімшарт аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жазбаша рұқсат береді;
315) келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді алдын ала келіседі;
316) конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын айқындайды;
317) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды береді;
318) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келісім бойынша пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының көлеміне қарай өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзімін ұзартады;
319) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізеді;
320) кен орындары қорларын жіктеу тәртібін айқындайды;
321) жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемде өндіру кезінде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес оларды қабаттарға айдау үшін жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негізінде бекітеді;
322) бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу тәртібін келіседі;
323) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын келіседі;
324) кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен барлау немесе өндіру туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасын келіседі;
325) жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерінің жою немесе консервациялау жобаларын келіседі;
326) құзыретті органның тарату қорын пайдалану жөніндегі рұқсатын келіседі;
327) алдағы салынатын құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытынды береді;
328) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат береді;
329) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
330) мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі бойынша ақпарат береді;
331) жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды;
332) кеден одағының аумағы шегінде геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;
333) кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге арналған кеден одағының уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензияны келіседі;
334) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің арнайы есебін жүргізеді;
335) қайта өңдеу үшін Кеден одағына әкелу және оларды Кеден одағынан әкету кезінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;
336) Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны береді;
337) Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкелу кезінде Мемлекеттік бақылау актісін береді;
338) Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағынан экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкету кезінде Мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін береді;
339) Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместегі) туралы қорытындыларды береді;
339-1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
339-2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
339-3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;
339-4) туристік қызмет саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорытып жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
339-5) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
339-6) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
339-7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
339-8) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
339-9) туристерді орналастыру орындарын жіктеу ережелерін бекітеді;
339-10) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
339-11) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
339-12) туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
339-13) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
339-14) туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
339-15) туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
339-16) туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
339-17) Туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады;
339-18) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;
339-19) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады;
339-20) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетін туроператордың және турагенттің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
340) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
341) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады;
342) өз қызметі саласында республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асырады;
343) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
343-1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
343-2) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
343-3) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
343-4) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді;
343-5) іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің бұзылуына, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауаптылыққа тартады;
344) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;
345) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
14. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің орынбасарлары (вице-министрлер) болады, оларды Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады.
15. Министр басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
16. Министр:
1) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Премьер-Министрі Кеңесінің Басшысына жіберілген құжаттарға қол қою бойынша өкілеттіктерді жүктейді;
4) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
5) өз қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
9) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
10) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
11) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
12) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
18. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
19. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
20. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 349 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) комитеттердің басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Жауапты хатшының мыналарға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
23. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапты болады.
24. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен Министр бекітеді.
25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
26. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.
27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 616; 2006.14.09. № 868; 2007.15.01. № 22; 2007.09.04. № 280 (бұр.ред.қара); 2007.11.05. № 376; 2007.18.09. № 818; 2007.05.12. № 1180; 2008.17.10 № 962 (бұр. ред. қара); 2009.02.10. № 1521 (бұр.ред.қара); 2009.15.12. № 2123 (бұр.ред.қара); 2010.10.03. № 185 (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 266 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.06. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.05. № 602 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 836 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.09. № 1076 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.07. № 926 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.12. № 1531 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2011.30.05. № 602 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстанэнерго» ұлттық электр энергетикалық жүйесі» РМК.
4. «Қарағандышахтатарату» РМК.
Акционерлік қоғамдар
1. «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
2. ҚР Үкіметінің 2011.21.07. № 836 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2010.24.11. № 1240 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ.
5. «Достық Энерго» АҚ.
6. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы» ЖАҚ.
7. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ
8. «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ.
9. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 228 Қаулысымен тізбе бөліммен толықтырылды
Мемлекеттік мекемелер
1. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
ҚР Үкіметінің 2010.24.11. № 1240 Қаулысымен тізбемен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.01.03. № 207 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.05. № 566 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 808 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбесі өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
2. ҚР Үкіметінің 2011.15.07. № 808 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен Құрылымдар алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енді) (бұр.ред.қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен құрылым өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен құрылым өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi
комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен тiзбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.14.05. № 416 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1640 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.