188) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
189) өлшем құралдарына, әдістері мен нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
190) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастырады;
191) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
192) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;
193) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
194) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
195) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
196) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
197) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
198) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
199) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
200) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
201) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
202) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
203) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
204) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
206) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
207) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
208) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
209) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
210) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
211) ҚР Үкіметінің 2012.09.07. № 926 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
212) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және мемлекеттік статистика саласындағы құзыретті органмен келісім бойынша отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері туралы мемлекеттік статистикалық есептіліктің енгізілуін қамтамасыз етеді;
213) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
214) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
215) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
216) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылармен қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзеді;
217) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
218) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қағидаларға сәйкес, салықтардың бюджетке толық төленуін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесін айқындау бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
219) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасайды, мемлекеттiк тiркеуді және сақтауды жүзеге асырады;
220) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiреді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
221) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдаланушылардың жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
222) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына қатты пайдалы қазбалар бөлігінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді;
223) мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде қатты пайдалы қазбалар бөлігінде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдайды;
224) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптама комиссияның ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiленi тiркейді;
225) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында беру актісі не бөлу балансы негізінде қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуына Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабында белгіленген тәртіппен рұқсатты береді;
226) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;
227) сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепілге салынған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иегері болуға) рұқсат береді;
227-1) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
227-2) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
228) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
229) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарт талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне ұсынады;
230) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутек шикізаты бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын әзірлейді;
231) құрамында көмірсутек шикізаты бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады;
232) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдайды;
233) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде келiсiмшартты орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзеді және келiсiмдер жасайды;
234) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптамалық комиссия туралы ереженi бекiтеді;
235) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуiн конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең аз мөлшерiн айқындайды;
236) модельдiк келiсiмшарттардың жобаларын әзiрлейді;
237) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді коса алғанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауының мониторингін және бақылауды жүзеге асырады;
238) келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
239) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын, жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
240) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар ұсынатын, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
241) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
242) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
243) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтеді;
244) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін келіседі;
245) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшін кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамтуды ұсыну тәртібін келіседі;
246) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін келіседі;
247) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін кадрлардағы пайызбен санағанда ең аз қазақстандық қамтуды ұсынудың тәртібін келіседі;
248) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат береді;
249) кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутегі шикізаты бойынша келісімшарттарды қоспағанда, ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;
250) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бірлесіп өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралғандардан және көмірсутек шикізаттан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін айқындайды;
251) кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутегі шикізаты бойынша келісімшарттарды қоспағанда, конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға әзірлеген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын келіседі;
252) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда барлауды, өндіруді жүргізу үшін немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген сервитуттарды тіркеуді жүзеге асырады;
253) кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат береді;
254) өндіруші салалардың, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;
255) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiтеді;
256) мұнай операцияларын жүргiзу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейді және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтеді;
257) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi әзiрлейді;
258) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi әзiрлейді;
259) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларды әзiрлейді;
260) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн әзiрлейді;
261) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызу тәртiбiн әзiрлейді;
262) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзiрлейді;
263) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлейді;
264) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн әзiрлейді;
265) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн әзiрлейді;
266) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау қағидаларын әзiрлейді;
267) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысанын әзiрлейді;
268) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлейді;
269) «Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмі» деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын әзiрлейді;
270) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
271) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру тәртiбiн әзiрлейді;
272) тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қабаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн әзiрлейді;
273) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
274) мұнай мен газ саласындағы уәкiлеттi органмен келiсім бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстер тiзбесiн бекiтеді;
275) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлейді;
276) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындау туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін әзірлейді;
277) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн әзiрлейді;
278) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртiбiн әзiрлейді;
279) жер қойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
280) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде жер асты өндірістік-техникалық суларын барлау және өндіру рұқсатын береді және кері қайтарады;
281) жер қойнауын пайдалану құқығын береді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарттар (шарттар) жасасады;
282) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) оларды пайдалануға келісімшарттарды жасасады;
283) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді;
284) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
285) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін, кен орындарының және пайдалы қазбалардың білінулері, қауіпті геологиялық үдерістердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
286) тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
287) жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтың қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
288) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы мен жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
289) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
290) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
291) жер қойнауын, минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
292) геологиялық және тау-кен бөлінісін береді;
293) техногендік минералдық тізілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
294) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
295) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
296) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
297) жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
298) жерасты су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларына рұқсаттарды келіседі;
299) бассейндік схемалардың және су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсер ету нормативтерінің негізінде жерасты су объектілеріне арналған су пайдалану лимиттерін келіседі;
300) су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келіседі;
301) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткізуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектілері арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келіседі;
302) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
303) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
304) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;
305) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
306) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
307) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен байланысты объектiлердiң жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргiзу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртiбiн бекiтедi;
308) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекiтедi;
309) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
310) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттік мен геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттардың, сондай-ақ барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарының орындалуы жөніндегі бақылау мен оның мониторингі мен бақылауды жүзеге асырады;