ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 23 маусымдағы № 593
қаулысымен бекітілген
Геодезиялық пункттердi қорғау туралы
ереже
(2012.28.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы Ереже «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және геодезиялық пункттердi қорғауды қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік геодезиялық желiнiң геодезиялық пункттерi (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлiк және гравиметриялық пункттер, жер бетiндегi белгiлер мен осы пункттердiң орталығы), сондай-ақ арнайы геодезиялық желiлер пункттерi (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгiлер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншiк болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1730 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сакталуының қамтамасыз етілуін бақылауды геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгiден және геодезиялық белгiнiң шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түрiндегi сыртқы безендiруден тұрады.
Геодезиялық пункттiң сыртқы безендiруi болмаған жағдайда сыртқы белгiнiң негізі оның шекарасы болып табылады.
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа да құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшiн пункттердiң шекаралары мен қорғау аймақтары белгiленбейдi.
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиiс.
5. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесi, геодезиялық белгiнiң шекарасы және оларды бойлай жағаланған енi 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттi қорғау аймағы болып табылады.
6. Геодезиялық-пункттердiң сақталуын қадағалауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
7. Уәкiлеттi органның рұқсатынсыз геодезиялық пункттердi қорғау аймағының шегiнде геодезиялық пункттердi бүлдiруге немесе жоюға әкеп соғатын немесе геодезиялық өлшемдер жүргiзу кезiнде қиындықтар туғызатын жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
8. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылар геодезиялық пункттердiң бүлiнуiнiң немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы уәкілеттi органға хабарлауға мiндетті.
9. Геодезиялық пункттердiң бүлiнгендiгi немесе жойылғандығы туралы ақпарат келiп түскен жағдайда уәкiлеттi орган осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлiнген немесе жойылған геодезиялық пункттерге акт жасайды.
10. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (көшiру) уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
11. Геодезиялық пункттердiң бүлiнуiне немесе жойылуына (бұзу) әкеп соғуы мүмкiн құрылыс жұмыстарын жүргiзген, карьерлердi өндiрген, құрылыстарды салған немесе бұзған және басқа да жұмыстарды жүргiзген жағдайда, осындай жұмыстарды жүргiзетін адамдар геодезиялық пункттердi көшiру немесе бұзу мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органға алдын ала сұрау салады.
12. Уәкiлеттi орган әрбiр нақты жағдайда геодезиялық пункттердiң тығыздығын, қолда бар геодезиялық желiлердi дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi көшiрудiң қажеттiгi немесе бұзудың мүмкiндiгi туралы мәселенi шешедi және телiмiнде көшiрiлетiн немесе бұзылатын геодезиялық пункттер орналасқан мүдделi ұйымдарды, жердi пайдаланушыларды және жер телiмдерiнiң меншiк иелерiн қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
13. Геодезиялық пункттерді жүйелi түрде зерттеудi және қалпына келтiрудi, ал қажет болған кезде толық қалпына келтiрудi:
қалалық аумақтарда - уәкiлеттi орган;
қалған жерлерде - келісілген жоспарлар бойынша уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
14. Геодезиялық пункттердi жою немесе бүлдiру және олар дайындаған материалдарды тонау Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
Геодезиялық пункттердi қорғау
туралы ережесiне қосымша
Геодезиялық пункттiң бүлiнуi (жойылуы) туралы
Aкт
20__ ж.»__"____________ _____________________________
(елдi мекен пунктiнiң атауы,
почталық мекен-жайы
_____________________________
Бiз төмендегi қол қоюшылар _________________________________
(актiнi жасаушының тегi, және
__________________________________________________________________
әкесiнiң аты, лауазымы, мекеменiң атауы)
__________________________________________________________________
геодезиялық пункттiң бүлiнуi (жойылу) туралы осы актiнi жасадық
__________________________________________________________________
(пункттiң атауы немесе нөмiрi)
____________________________________________________ орналасқан
__________________________________________________________________
(сақталуын қадағалау үшiн пункттi беру актiсiне сәйкес)
20__ ж.»___»__________ акт бойынша сақталуын бақылау үшiн қабылданған
Қараған кезде анықталады _________________________________________
(орталықтық жай-күйiн, сыртқы белгiсi,
__________________________________________________________________
бағдарлы пункттер және сыртқы ресiмделуi, пункттiң бұзылуына
__________________________________________________________________
немесе жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кiнәлi
адамдар көрсетiледi;
__________________________________________________________________
Қолдары ________________________
________________________