Осы редакция 2013 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1359 қаулысымен тақыры өзгертілді (бұр.ред.қара)
Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен
жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының
тізбесі
(2009.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен ; 2009.11.09. № 1359 қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының аскопизациясынан басқасы), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру).
Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.
Қой және ешкi аурулары - қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.
Жылқы аурулары - инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, жұқпалы энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық ауру), эпизоотиялық лимфангоит.
Түйе аурулары - түйе обасы.
Шошқа аурулары - классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.
Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, құстардың жоғары патогенді тұмауы.
Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары - үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.
Ит және мысық аурулары - ет қоректiлердiң обасы.
Балық аурулары - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.
Бал арасының аурулары - варроатоз, аскофероз.