Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 Қаулысы
(2012.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
3. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзілсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы «, Тіл комитетi.« деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада:
бесiншi абзацтағы «, Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру« деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Өзге де ұйымдар» деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен ереже алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Тіл комитетi туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен құрылым алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі Тіл комитетінің құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.14.01. № 12 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.