118) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының өндірістік объектілеріне пошталық индекстер беруді жүзеге асырады;
119) пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді;
120) почта желілерімен жөнелту шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлейді;
121) пошта жөнелтімдеріндегі пошталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлейді;
122) Ұлттық пошта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін, олармен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
123) франкирлеу машиналарын қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін айқындайды;
124) депозитке беруді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекітеді;
125) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жарты жылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
126) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
127) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;
128) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған нормативтік шығындарды әзірлейді және бекітеді;
129) электрондық мемлекеттік қызметтердің үлгі регламентін әзірлейді;
130) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізеді;
131) регистратураларды айқындайды, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
132) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
133) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
134) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлейді;
135) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлейді;
136) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
137) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды;
138) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асырады;
139) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады;
140) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
141) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын бекітеді;
142) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
143) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
144) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізеді;
145) Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде олардың Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы куәлік береді;
146) автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
147) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекітеді;
148) поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
149) Жүк және жолаушылар вагондары мен тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекітеді;
150) темір жол өтпелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
151) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекітеді;
152) жолаушыларды, багажды, жүк багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекітеді;
153) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысады;
154) поездар қозғалысына байланысты терминдерді бекітеді;
155) авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
156) авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарын авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;
157) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асырады;
158) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында өкілдік етуін жүзеге асырады;
159) азаматтық авиация саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысады;
160) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйымдарды азаматтық авиация саласында сертификаттауға, инспекциялық тексеруге тартудың тәртібі мен шарттарын айқындайтын қағидаларды бекітеді;
161) әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидаларын бекітеді;
162) әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындайды;
163) Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерін қоспағанда, кемелердің ішкі су жолдарымен жүзу жағдайларын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
164) Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларын бекітеді;
165) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын бекітеді;
166) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидаларын бекітеді;
167) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаларды бекітеді;
168) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды бекітеді;
169) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларын бекітеді;
170) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар береді;
171) кемелердің, порттардың, жағалаудағы объектілердің, кеме жүзетін гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңіздегі басқа да құрылыстардың куәландырылудан өткізілуін қамтамасыз етеді;
172) теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
173) теңіз жолдарының навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақтағы құрылысты келіседі;
174) кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамының танылуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
175) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тартады;
176) теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын бекітеді;
177) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидаларды бекітеді;
178) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келіседі;
179) теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын бекітеді;
180) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті аудандары мен міндетті емес аудандарын белгілейді және мұндай аудандар туралы ақпаратты теңіз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей етіп жеткізеді;
181) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;
182) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасайды;
183) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқарады;
184) пошта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекітеді;
185) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі;
186) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекітеді;
187) радиожиілік спектрін перспективалы пайдаланудың жоспарларын бекітеді;
188) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалану құқығына рұқсат беру құжаттарды береді;
189) бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алып қою тәртібін бекітеді;
190) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді;
191) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін айқындайды;
192) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтер нарықтарында басым жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметтеріне бағаларды реттейді;
193) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
194) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде береді;
195) цифрлық эфирлік телерадио хабарлар тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіреді;
196) мемлекеттік техникалық қызметтің жұмысын үйлестіреді;
197) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
198) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
199) телерадио хабарларын тарату саласында нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын, телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсетуі қағидаларын бекітеді;
200) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын әзірлейді;
201) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
202) көлік және коммуникация саласында кадрлар қажеттігін анықтайды;
203) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.03. № 314 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.20.11. № 1466 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу;
4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;
6) ауыр салмақты және ірі өлшемді көлік құралдарының (шетелдікін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;
7) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
8) магистральдық байланыс желілерін басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншігіндегі байланыс желілерінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасы аумағынан жүріп өтуге қосымша рұқсат беру;
10) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық тұрақты автомобиль тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту;
11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісу;
12) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу;
13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;
14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру;
15) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу;
16) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін келісу;
17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу;
18) жол органдары немесе концессионерлер пайдаланбайтын халықаралық, республикалық, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі жерлерінің учаскелерін шарт бойынша жеке және заңды тұлғаларға сыртқы (көрнекі) жарнамаларын орналастыру үшін уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға беру;
19) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруды келісу;
20) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
22) мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
23) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылдау;
24) темір жол көлігінде пайдаланылатын бірыңғай есепке алу - есеп беру уақытын белгілеу;
25) жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
26) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
27) тұрақты ұшулар кестесін бекіту;
28) сертификаттауды және үлгілік сертификатын беруді жүзеге асыру;
29) халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарын беру;
30) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру;
31) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
32) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттауды және оның жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
33) сериялық өндіріске арналған жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесі зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін оған үлгі сертификатын беру;
34) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (бір жолғы) ұшуына рұқсат беру;
35) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асыру;
36) авиациялық персоналға жататын тұлғаның қажетті білімі мен дағдыларының болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына авиация персоналының куәлігін беру, қайтарып алу, мұндай куәліктің қолданысын тоқтата тұру;
37) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру;
38) құзыретті орган әуе кемесін ұшуға жарамды деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда әуе кемесінің ұшуына рұқсат беру;
39) ішкі әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға келісу;
40) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беру;
41) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;
42) халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру;
43) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
44) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына сертификаттауды жүзеге асыру;
45) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар беруден бас тарту, қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтата тұру;
46) шетел мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлігін, не тиісті куәлікті бере отырып, жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлігін тану;
47) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
48) сертификаттауды және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
49) азаматтық әуе кемелерімен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;
50) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат ету;
51) егер әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқу белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, мұндай ауытқуларға келісу;
52) авиация персоналына жататын тұлғалардың «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
53) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану;
54) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітусіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
55) шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына келісу;
56) әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерді, не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүлік пен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
57) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
58) хаттамалар толтыру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
59) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша актілер жасау және көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда, оларды жою туралы ұйғарымдар енгізу;
60) кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді) мемлекеттік тіркеу және тиісті құжаттар беру;
61) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беруді жүзеге асыру;
62) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
63) теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту;
64) кемелердің сыныпталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
65) кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
66) кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру;
67) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлігінде қызметін тексеру;
68) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;
69) авариялық жағдайларды және көлік оқиғаларын, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықты алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
70) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
71) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының келісімі бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
72) теңіз порты акваториясының шекараларын айқындау;
73) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беру;
74) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру;
75) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру;
76) бербоут-чартер шартымен жалға алынған шет мемлекеттің кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру;
77) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;