Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөнінідегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 156-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1598 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесі
р/с № | Біліктілік талаптары: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар,сондай-ақ белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген мемлекеттік рәміздерді дайындау процесін регламенттейтін техникалық құжаттамалар (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама) | Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық- технологиялық құжаттама, технологиялық процесс туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | |
2 | Жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы | Жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | |
3 | Пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы | Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | |
4 | Мемлекеттік рәміздерді дайындаудың технологиялық процесіне байланысты, лицензияланатын қызмет саласында тиісті біліктілігі және білім деңгейі бар персоналдың болуы | Оқу орнының атауын, мамандығы мен біліктілігін, дипломның берілген күні мен нөмірін, орнын, сондай-ақ куәлікті, сертификатты берген ұйымның атауын, нөмірі мен күнін көрсете отырып, ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | |
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар:
стандарттың атауы____________________________________________________________________________
стандарттың нөмірі____________________________________________________________________________
2. Техникалық құжаттаманың болуы:
1) техникалық тапсырманың атауы_______________________________________________________________
техникалық тапсырманың қабылданған күні_______________________________________________________
келісілді______________________________________________________________________________________
бекітілді______________________________________________________________________________________
2) Техникалық шарттардың атауы________________________________________________________________
келісілді_____________________________________________________________________________________
бекітілді______________________________________________________________________________________
3. Өндірістік техникалық база:
өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату/жалға алу келісім шартының нөмірі_______________________________
жасалған күні__________________________________________________________________________________
кіммен жасалды (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның атауы)_________________________________________
технологиялық жабдықтың атауы_________________________________________________________________
өлшеу және бақылау құралдарының атауы__________________________________________________________
түстер атласының болуы бар/жоқ__________________________________________________________________
4. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар:
салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы
сертификаттың берілген күні_______________________________________________________________________
сертификатты берген органның атауы_______________________________________________________________
сертификаттың қолданылу мерзімі___________________________________________________________________
5. Персонал:
тегі, аты, әкесінің аты_______________
мамандығының және біліктілігінің атауы______________
дипломның/аттестаттың нөмірі________________________
дипломның/аттестаттың берілген күні_________________
дипломды/аттестатты берген оқу орнының атауы_________
сертификаттың/куәліктің нөмірі_______________________
сертификаттың/куәліктің берілген күні________________
сертификатты/куәлікті берген ұйымның атауы___________