5) айыптау қорытындысының, айыптау немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының көшірмелері берілген-берілмегендігін;
6) айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жатпайтындығын;
7) қылмыспен келтірiлген залалды өтеудi және мүлкiн ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын;
8) арыздар мен өтiнiштердiң қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын анықтауға тиiс.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 301-бап өзгертілді ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 301-бап жаңа редакцияда; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.14.06. № 290-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 301-бап өзгертілді
301-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
1. Судья істі қосымша тергеуге қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, істі соттылығы бойынша жіберу, істі қысқарту, қылмыстық істерді біріктіру туралы шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткізу туралы мәселенi шешу үшiн аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ басқа да істер бойынша тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi.
2. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi.
3. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.
3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде), 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 171, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішінің бар-жоғын анықтайды.
4. Істi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
5. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 302-бап өзгертілді
302-бап. Басты сот талқылауын тағайындау
1. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекстiң процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
2. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7) заң оның iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi сотталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешiмдi;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтi;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда iстi соттың жабық отырысында қарау туралы шешiмдi;
10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
3. Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөніндегі шешiмдер баяндалуы қажет.
4. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс.
5. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 303-бап жаңа редакцияда
303-бап. Қылмыстық iстi қосымша тергеу үшiн қайтару
1. Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:
1) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса;
2) айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
2. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткізу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
3. Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен мазмұн 303-1-баппен толықтырылды
303-1-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі прокурорға жіберу
Сот осы Кодекстің 303-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі іс алдын ала тергеуді немесе анықтауды тағайындауы үшін прокурорға жіберіледі.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 304-бап өзгертілді
304-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату
1. Судья iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату туралы қаулыны осы Кодекстiң 50-бабының бiрiншi, 1-1 және екiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша шығаруы мүмкiн.
2. Iс бойынша iс жүргiзу бiрнеше сотталушылардың бiреуiне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да сотталушылардың құқығына нұқсан келтiрмеуi шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкiн. Оларға қатысты iс жүргiзу тоқтатылмаған сотталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде сотталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi уақытша тоқтатуға негiздер жойылмаса, онда басқа сотталушыларға қатысты iс жүргiзу жаңартылуы және басты сот талқылауының күнi белгiленуi тиiс.
3. Осы Кодекстiң 50-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген негiздерге сәйкес iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру кезiнде осы Кодекстiң 315-бабының екiншi бөлiгiнде және 321-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда iс прокурорға қайтарылады.
305-бап. Азаматтық талапты және мүлiктi тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары
Анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыспен келтiрiлген залалды өтеудi және мүлiктi ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдамаған жағдайда судья қылмыстық iзге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануды мiндеттейдi.
306-бап. Қылмыстық iстi соттың қарауына жататындығы бойынша жiберу
Егер судья iстiң өзi соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешiмнiң заңдық негiздерiн келтiре және iс жолданатын сотты көрсете отырып, iстi соттың қарауына жататындығы бойынша жiберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.
307-бап. Қылмыстық iстi қысқарту
Судья осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1-12-тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Iстi қысқарту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкiн тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi қысқарту туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбiрленушiге тапсырылады.
308-бап. Тараптардың iс материалдарымен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн судья тараптарға iстiң сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында өздерi таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу және олардан қажеттi мәлiметтердi жазып алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 309-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
309-бап. Құжаттардың көшiрмелерiн тапсыру
Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде бұлтартпау шарасы немесе сотқа шақыруға жататын адамдардың тiзiмi өзгертiлсе, не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға, оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне судьяның қаулысының көшiрмесi тапсырылады.
310-бап. Сот отырысына шақырту
Судья өзiнiң қаулысында көрсетiлген адамдарды сот отырысына шақырту туралы өкiм бередi, сондай-ақ сот отырысын әзiрлеу үшiн шаралар қолданады.
40-тарау. Басты сот талқылауының жалпы шарттары
311-бап. Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы
1. Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдер тiкелей зерттелуге тиiс. Сот сотталушы адамның, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуi және зерттеуi, заттай дәлелдемелердi тексеруi, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелдемелердi зерттеу жөнiнде басқа да сот iс-әрекеттерiн жүргiзуi тиiс.
2. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек осы Кодексте көзделген ерекше жағдайларда ғана мүмкiн болады.
3. Соттың үкімі тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған түрi кезiнде - анықтау жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауға салмаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi қажет.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 312-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
312-бап. Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi
1. Iстi бiр судья қарауы тиiс.
2. Судьяның сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкiн болмаған кезде ол басқа судьямен ауыстырылады, ал iстi талқылау осы Кодекстiң 313-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда қайтадан басталады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 313-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
313-бап. Запастағы судья
1. Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн.
2. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судья шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья алдыңғы судья шығып қалған кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекетiн жаңартуды талап етуге құқылы.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 314-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
314-бап. Төрағалық етушiнiң басты сот талқылауындағы өкiлеттiгi
1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.
2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық жасайды, әдiл соттың мүддесiнде объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн осы Кодексте көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң жай-күйiн жан-жақты және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы күн тәртібінiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсiндiредi. Сот талқылауына қатысушы адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң iс-әрекетiне қарсылық бiлдiрген жағдайда бұл қарсылық бiлдiру сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
315-бап. Сотталушы адамның басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделгеннен басқа жағдайларда сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуы тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны келтiруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот iстi қорғаушының мiндеттi түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.
2. Сотталушы болмағанда iстi талқылауға:
1) ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшiн айыпталған сотталушы iстi оның қатысуынсыз қарау туралы өтiнiш берген;
2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
316-бап. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Сотталушының қорғаушысы осы Кодекстің 125-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет заттарды, құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді, басқа дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн айтады.
2. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкiн болмаған кезде iстi талқылау кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыруға тек сотталушының келісімімен ғана жол берiледi. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың iшiнде мүмкiн болмаса, сот басты сот талқылауын кейiнге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.
3. Iске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi. Ол өзi iске кiрiскенге дейiн iстi соттың қарауы кезiнде жасалған кез келген әрекеттiң қайталануы туралы өтiнiш жасауға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 317-бап өзгертілді
317-бап. Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Прокурордың жеке айыптау iстерiн қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi.
2. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттік айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн.
3. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуының мүмкiн еместiгi анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған iс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды, бiрақ прокурордың өтiнiшi бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады.
4. Прокурор дәлелдердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады.
5. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделердi қорғау талап етсе, прокурор iс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды.
6. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және iстiң барлық жағдайларын қарау нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе iшiнара) мiндеттi. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi.
7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгіндегі iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 67-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде прокурор заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүддесіне келтірілген зиян бөлігінде сотталушымен татуласуға келісетіндігі туралы сотқа мәлімдеуге құқылы. Прокурордың сотталушымен татуласуға келісуі туралы мәлімдемесі қылмыстық қудалаудан бас тартуды білдірмейді.
318-бап. Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
2. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны жәбiрленушiнiң болмауынсыз iстiң барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуына қарай оны кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi.
3. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оны айғақ беру үшiн белгiлi уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады.
4. Жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелсiз себептермен келмеуi iстi қысқартуға әкеп соғады, бiрақ сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнiсi жөнiнде жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
319-бап. Азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы
1. Сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады.
2. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қаралмауы мүмкiн. Азаматтық талапкердiң азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен талап қою құқығы сақталады.
3. Сот азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердiң қатысуынсыз қарауға құқылы.
4. Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе талап қоюды прокурор қолдағанда сот азаматтық талапты азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне байланыссыз қарайды.
5. Азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.
320-бап. Басты сот талқылауының шегi
1. Басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берiлген айыптаудың шегiнде ғана жүргiзiледi.
2. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол берiледi.
3. Егер басты сот талқылауы барысында алдын ала тыңдау сатысында бастапқы айыптауды негiзсiз өзгертуге байланысты айыптауды неғұрлым ауыр айыптау етiп өзгерту қажет болса, онда iстi тағылған айыптау шегiнде қарау үшiн сот айыптаушы тараптың бұл жөніндегі өтiнiшi бойынша, процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескере отырып, сот талқылауын жетi тәулiкке дейiн мерзiмге кейiнге қалдырып, iстi жаңадан алдын ала тыңдау өткiзе алады.
2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен 321-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
321-бап. Басты сот талқылауын кейiнге қалдыру және қылмыстық iстi тоқтата тұру
1. Сот отырысына шақырылған адамдардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдер алдыру қажеттiгiне байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. Осымен бiрге сот келмеген адамдарды шақыру немесе жаңа дәлелдердi алдыруға шаралар қолданады. Сот iстi талқылау кейiнге қалдырылатын мерзiмдi белгiлейдi.
2. Осы Кодекстiң 50-бабының бiрiншi, 1-1 және екiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер болған кезде сот бiр немесе бiрнеше сотталушыға қатысты iс бойынша iс жүргiзудi осы жағдайлар жойылғанға дейiн уақытша тоқтатады және басқа сотталушыларға қатысты сот талқылауын жалғастыра бередi.
3. Жасырынып жүрген сотталушыны iздеу сот-қаулысымен жарияланады.
322-бап. Бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешу
1. Басты сот талқылауы кезiнде сот сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдап алуға, өзгертуге немесе оның күшiн жоюға құқылы.
2. Сотталушыны бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу мерзiмi iстiң сотқа түскен күнiнен бастап үкiм шығарылғанға дейiн алты айдан аспауға тиiс.
3. Ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн сот өзiнiң қаулысымен қамауға алу мерзiмiн он екi айға дейiн ұзартуға құқылы.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген қамау мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйде қамауда ұстау немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруға тиiс.
5. Осы баптың екiншi және төртiншi бөлiктерiнде белгiленген шектеулер аса ауыр қылмыстар туралы iстерге қолданылмайды.
323-бап. Iстi қосымша тергеуге жiберу
1. Сот осы Кодекстiң 303-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, iстi қосымша тергеуге жiбередi.
2. Iс қосымша тергеу аяқталғаннан кейiн сотқа келiп түскен кезде сот отырысын тағайындау туралы мәселе жалпы тәртiппен шешiледi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 324-бап толықтырылды
324-бап. Басты сот талқылауында iстi тоқтату
Егер басты сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-12-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар анықталса, сондай-ақ айыптаушы осы Кодекстiң 317-бабының алтыншы бөлiгiнiң ережелерiне сәйкес айыптаудан бас тартқанда, iс басты сот талқылауында қысқартылуға тиiс. Iс осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да басты сот талқылауында қысқартылуы мүмкiн.
325-бап. Басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі
1. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс.
2. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады.
3. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.
2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен 326-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
326-бап. Басты сот талқылауының тәртібі
1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi.
2. Соттың сот отырысы залына кіруiнiң алдында сот приставы: «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрi орындарынан тұрады, мұнан соң төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.
3. Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi.