3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілуге жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операция жүргізу кезінде оралымды штабтың басшысы болып табылады.
4. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операция жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау
1. Терроризм актісінің қоғамға қауіп төндіру ауқымы мен дәрежесіне, оның күтілетін келеңсіз салдарына қарай терроризмге қарсы операцияға басшылықты республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық оралымды штабтың басшысы жүзеге асырады.
2. Оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап ол аяқталғанға дейін операция басшысы және оны жүргізуге тартылатын барлық әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарының бастығы болады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операцияға қатысуға тартылатын шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері мамандарының бастығы болады.
3. Оралымды штабтың басшысы:
1) терроризмге қарсы операцияның жүргізілу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берілген күштер мен құралдардың қолданылу бағыттары мен шегі туралы шешім қабылдайды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өкілдерімен байланыста болуға жауапты болатын оралымды штабтың өкілін айқындайды;
3) терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және әскери өкім (әскери бұйрық) шығарады.
4. Республикалық оралымды штабтың басшысы:
1) терроризм актісінің жасалғандығы туралы немесе оның дайындалып жатқандығы туралы расталған ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын және Қазақстан Республикасының Үкіметін дереу хабардар етеді;
2) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерін терроризм актісінің жолын кесуге тарту мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.
5. Атқаратын қызметіне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берілмейді.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар
1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін оралымды штабтарға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары беріледі.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшін шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері тартылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысу үшін тартылады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақтағы құқықтық режим
1. Оралымды штаб басшысының шешімі бойынша терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта оны жүргізу кезеңіне терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілуі мүмкін.
2. Терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта құқықтық режимді енгізу туралы шешім (осындай режим енгізілген арнайы аймақты және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін қоса алғанда) және терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақтағы құқықтық режимді тоқтату туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дереу хабарлануға тиіс.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер
1. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы тұлғалардың:
1) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олар болмаған жағдайда - жеке басын анықтау үшін оларды ұстап, ішкі істер органдарына немесе басқа мемлекеттік органдарға жеткізуді жүзеге асыруға;
2) жеке қарап тексеруге және жеке адамның заттарын қарап тексеруге, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып куәгерлердің қатысуынсыз қарап тексеруге;
3) құқық бұзушылықты немесе терроризмге қарсы операцияға қатысушы адамдардың заңды талаптарына кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекетті жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағына рұқсатсыз енген немесе енуге әрекет жасауға байланысты әрекеті үшін адамдарды ұстауға және ішкі істер органдарына жеткізуге;
4) жеке адамдарды жергілікті жердің жекелеген учаскелерінен және объектілерден кетіруге, көлік құралдарының, оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің көлік құралдарының жол жүрісін, оларды сүйреп әкетуді қоса алғанда, шектеуге немесе тыйым салуға;
5) радиоэфир мониторингін жүргізу, телефонмен сөйлесуді және телкоммуникациялық жүйелер арналары арқылы берілетін өзге де ақпаратты бақылау үшін, сондай-ақ электрлі байланыс арналары мен почта жөнелтілімдерінде іздестіруді жүзеге асыру үшін арнайы байланыс құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын қызметтік мақсатта пайдалануға;
6) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдарынан басқа) меншік иелеріне материалдық зиян келтірілген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен өтей отырып, пайдалануға;
7) адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнаулы құралдарды террористерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ескертулерсіз және шектеулерсіз қолдануға;
8) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп туғызатын болса, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кедергісіз кіруге құқығы бар.
Оралымды штаб басшысы не ол уәкілеттік берген адам азаматтардың тұрғын үйіне кірген жағдайлар туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды.
2. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында оралымды штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкін:
1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желісі мен құралдарын қолдануды шектеу;
3) қоғамдық тәртіптің, мемлекеттік күзетке жататын объектілердің, халықтың тұрмыс-тіршілігін және көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілердің күзетілуін күшейту;
4) терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта тұратын жеке адамдарды уақытша көшіру;
5) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
6) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольді өнімдер айналымының айрықша режимін орнату.
3. Терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шаралардың бүкіл кешені мен уақытша шектеулер сияқты жекелеген шаралар мен уақытша шектеулер де белгіленуі (енгізілуі) мүмкін.
4. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуына және олардың дыбыс жазуды, фото және бейнетүсіруді жүзеге асыруына оралымды штаб басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі.
5. Терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысушы адамдардың операция басталған кезден бастап ол аяқталған кезге дейінгі іс-қимылы қажетті қорғаныс жағдайында немесе аса қажетті жағдайда жасалатын іс-қимыл деп есептеледі.
5-тарау. Терроризм актісі салдарынан зардап шеккен адамдардың залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту
2004.20.12 № 13-III Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
16-бап. Терроризм актісі салдарынан келтiрiлген залалды өтеу
Терроризм актісі салдарынан келтiрiлген залалды өтеу бюджет қаражаты есебiнен, кейiн сол соманы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеткiзу арқылы жүргiзiледi.
17-бап. терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту
Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi, психологиялық және медициналық оңалтуды қамтиды.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылға қатысушы адамдарды қорғау
Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылда көмек көрсететiн адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, олардың өтiнiштерi бойынша келбетiн, тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн осы органдарды ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен өзгертудi жүзеге асыруға болады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату
Терроризмге қарсы операция жүргізу кезiнде осы Заңда белгiленген негiзде және шектерде террористің денсаулығы мен мүлкiне, сондай-ақ өзге де құқықпен қорғалатын мүдделерiне лажсыз зиян келтiруге жол берiледi. Бұл орайда терроризмге қарсы іс-қимылға қатысушы әскери қызметшiлер, мамандар және басқа адамдар терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде келтiрiлген зиян үшiн немесе террористі жою туралы шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықтан босатылады.
6-тарау. Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық
2009.10.07. № 175-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Адамдардың террористік iс-әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы
1. Террористік iс-әрекетке қатысушы адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық жауапты болады.
2. Егер терроризм актісін дайындауға қатысқан адам мемлекеттік органдарға дер кезiнде ескертсе немесе терроризм актісін болғызбауға өзге де әдiспен жәрдемдессе және оның iс-қимылында өзге қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауаптан босатылады.
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңымен 21-бап өзгертілді; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21 -бап. Ұйымдардың террористік іс-әрекет үшін жауаптылығы
1. Заңда белгіленген тәртіппен сот шешімі бойынша ұйым террористік деп танылады және ол жойылуға (оның қызметі - тыйым салынуға) жатады.
2. Террористік деп танылған ұйымды жою кезінде оған тиесілі мүлік тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тіркелген шетелдік немесе халықаралық ұйымды (оның бөлімшесін, филиалын, өкілдігін) сот террористік деп таныған жағдайда, осы ұйымның (оның бөлімшесінің, филиалының, өкілдігінің) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне тыйым салынады және ол (оның бөлімшесі, филиалы, өкілдігі) жойылады, ал Қазақстан Республикасы аумағындағы оған (оның бөлімшесіне, филиалына, өкілдігіне) тиесілі мүлік тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынады.
4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдардың бірыңғай тізімін жүргізеді. Көрсетілген тізім Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ресми мерзімді басылымдарда жариялануға жатады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының
арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру
аңдылығын бақылау мен қадағалау
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылауды терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің заңдылығын жоғары дәрежеде қадағалау
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және бірізді қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, Ақорда, 1999 жылғы шілденің 13-ы.
№ 416-І ҚРЗ