Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.04.12 № 2016 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 Қаулысы

(2011.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Республикалық бюджет қаражаты есебінен республика азаматтарын шетелге емделуге жіберудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 117-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1206 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 409-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2011.10.09. № 1039 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 2016 қаулысымен

бекітілген

 

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу

ережесі

 

 

  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымына емделуге жіберу тәртібін және шарттарын реттейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберуді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бюджет қаражаты есебінен:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне сәйкес;

2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Уәкілетті орган:

1) республика азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамы мен ережесін бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері жөніндегі жұмыс органын (бұдан әрі - жұмыс органы) белгілейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі

 

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармасы) Комиссияның қарауына мынадай құжаттарды енгізеді:

1) денсаулық сақтау басқармасының пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу туралы қолдаухаты;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жұмыс органының пациентті бюджет қаражаты есебінен дәлелді медицинаның негізінде осы пациентті емдеудің жоғары технологиялық әдісі неғұрлым тиімді жүргізілетін шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберудің орындылығы туралы қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Қорытындыны алу үшін денсаулық сақтау басқармасы жұмыс органына республикалық медицина ұйымы ұсынған, жүргізілген барлық зерттеулердің, консультациялардың, емдеудің нәтижелерін және пациентті шетелдік медицина ұйымдарында емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны қамтитын ауру тарихынан егжей-тегжейлі үзіндінің көшірмесін жібереді.

Емдеуші дәрігер қол қойған және бірінші басшы (оны алмастыратын тұлға) растаған әрі мөр соғылған ауру тарихынан үзінді жұмыс органына жіберілгенге дейін бір айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің медициналық құжаттарын жұмыс органына қолма-қол немесе интернет-байланысы арқылы үш жұмыс күнінің ішінде жеткізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Жұмыс органы қорытындыны ұсынуы үшін:

1) денсаулық сақтау басқармасы ұсынған пациенттің медициналық құжаттарын қарайды;

  • Показать изменения

2) Уәкілетті органның штаттан тыс бас мамандарын тартады;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасының медицина ұйымдарының жағдайында жүргізілген барлық зерттеулерді ұсына отырып, пациентті шетелге емделуге жіберу мәніне шетелдік медицина ұйымдарымен міндетті түрде алдын ала телемедициналық консультациялар өткізеді. Қажет болған кезде шетелдік медицина ұйымы телемедициналық консультацияны пациенттің қатысуымен өткізеді;

4) шетелдік медицина ұйымы пациентті емдеу туралы келіскен және растаған кезде емдеу бағдарламасы мен оны көрсетуге арналған шығыстар калькуляциясын сұратады;

5) ұсынылған емдеу бағдарламасына сәйкес шетелдік медицина ұйымының келісімі бойынша жұмыс органы немесе Қазақстан Республикасының өзге бейінді медицина ұйымдарының жағдайында қосымша тексеруді, мамандардың консультациясын өткізеді, ал оларды өткізу мүмкін болмағанда оларды шетелдік медицина ұйымдарында өткізуге келіседі;

  • Показать изменения

6) өткізілген телеконсультацияның, баға саясатының маркетингтік зерттеулер нәтижелерінің және емдеуді жүргізу талаптарының негізінде шетелдік медицина ұйымын іріктеуді жүргізеді және кемінде 2 шетелдік медицина ұйымында емдеу құнының талдауы бар осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Қорытындыны науқасты емдеуге жатқызуға немесе қосымша зертханалық-диагностикалық зерттеулерді жүргізуге айғақтары болмаған жағдайда жұмыс органы денсаулық сақтау басқармасына құжаттар келіп түскен күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде және пациентке Қазақстан Республикасының медицина ұйымдарында қосымша тексеру немесе емдеу жүргізілген жағдайда 20 күннің ішінде ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Жұмыс органының телемедициналық консультациялар бойынша шығыстарын төлеуді Уәкілетті орган жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімді Комиссия осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың негізінде, олар Уәкілетті органға түскен күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Шетелдік медицина ұйымын таңдауды Комиссия осы шетелдік медицина ұйымында медициналық көмек көрсетудің сапасын, күту ұзақтығын және баға саясатын есепке ала отырып, жұмыс органы берген ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Комиссияның пациентті кезектілік немесе басым тәртіппен шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

Басым тәртіппен балалар, жүкті әйелдер, туыстық донор болған жағдайда ағзаларды, тіндерді трансплантаттау жүргізуді қажет ететін пациенттер аурудың бір бейіні бөлігіндегі қалыптасқан кезектілікке сәйкес жіберіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Комиссияның пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі 3 жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда пациентке (оның заңды өкіліне) жіберіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Балалар, сондай-ақ бөгде күтімді қажет ететін тұлғалар шетелдік медицина ұйымдарына көліктік шығындарын бюджет қаражаты есебінен Уәкілетті орган төлейтін ілесіп жүретін адаммен жіберіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Комиссия пациентті шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Уәкілетті орган 5 күнінің ішінде пациентке (оның заңды өкіліне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республиканың аумағында медициналық көмек көрсету туралы ұсыным береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16. Уәкілетті орган жұмыс органның ұсынымдарын ескере отырып, Комиссия шешімінің негізінде шетелдік медицина ұйымымен Қазақстан  Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17. Уәкілетті орган шетелдік медицина ұйымдарына пациенттерді жіберуге байланысты (емдеу, жол жүру) шығыстарды төлеуді қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Ерекше жағдайларда Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім болған жағдайда Комиссияның шешімі бойынша шетелдік медициналық ұйымдарда жатқан ауыр жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдауға байланысты шығыстарды төлеуді жүргізеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

азаматтарын бюджет қаражаты

есебінен шетелге емделуге

жіберу ережесіне

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың

тізбесі

 

1. Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері.

2. Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер.

3. Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.

4. Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері.

5. Кератопротездеу.

6. Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар.

7. Өңеш стеноздары.

8. Трахея стеноздары.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының

азаматтарын бюджет қаражаты

есебінен шетелге емделуге

жіберу ережесіне

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының

тізбесі

 

1. Айғақтары болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар.

  • Показать изменения

2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

азаматтарын бюджет қаражаты

есебінен шетелге емделуге

жіберу ережесіне

3-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберудің орындылығы туралы қорытынды

 

  • Показать изменения

1.

Тегі, аты, әкесінің аты

 

2.

Туған жылы

 

3.

Мекенжай

 

4.

Клиникалық диагноз

 

5.

Ілеспелі диагноз

 

6.

Жүргізілген ем

 

7.

Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер

 

  • Показать изменения

8.

Консилиум қорытындысы және шетелдік клиника ұсыныстарының негізінде емделушіні шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Қажет етеді

2. Қажет етпейді

(керегінің асты сызылсын)

  • Показать изменения

9.

Ұсынылатын шетелдік медициналық орталықтар (ел)

1.

2.

3.

10.

Шетелдік медициналық орталықтарда емдеудің құны

1.

2.

3.

11.

Калькуляция мен емдеу бағдарламасы (қоса беріліп отыр)

 

  • Показать изменения

12.

Ілесіп жүретін адамның қажеттілігі (себебін көрсету)

 

  • Показать изменения

13.

Жіберу басымдылығы

 

14.

Емдеуге жатқызуға жіберу мерзімі

 

15.

Ескертпе

 

 

  • Показать изменения

Медицина ұйымының басшысы   /___________/_____________/

  • Показать изменения

                                                                 (қолы)              (Т.А.Ә.)

 

  • Показать изменения

МО.