«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 Қаулысы
(2009.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Жедел басқару құқығындағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 1999.24.07. № 1059 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1298 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен өзге де төлемдердің орталықтандырылған, дербестендірілген есебін жүргізу;
зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда берілетін және балалы отбасыларға берілетін бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берілетін жәрдемақылар мен оларды жүзеге асыру заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдермен Кәсіпорынға жүктелген өзге де төлемдерді уақтылы төлеу.
салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтке болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаны жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберу және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру;
салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тарту;
2009 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енді
салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 1997.27.06. № 1030 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн;
1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Ә. Қажегельдин |