"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 1997.27.06. № 1030; 1999.24.07. № 1059; 2005.21.04. № 376
Қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 1999.24.07. № 1059 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi:
зейнетақы жарналарына есеп жүргiзу;
зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеу мәселелерi бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру;
зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар төлеудiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 1997.27.06. № 1030 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн;
1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Ә. Қажегельдин |