Тіркеуді тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі және электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.»;
13) 31-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда:
1) құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер мемлекеттік тіркеу тоқтатыла тұрған кезде қажетті құжаттар ұсынылмаған болса, өтініш иесі осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде;
3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар тiркеуге ұсынылған кезде;
4) осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде;
5) заңды күшiне енген сот актiсiнiң негiзiнде;
6) егер тiркеудi тоқтата тұру мерзiмi iшiнде тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаған болса;
7) егер бұрын туындаған құқықтың ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе оған қатысты ауыртпалықтың анықталуы тіркеу объектісі болып табылса, мұндай құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптар:
1) болған ауыртпалық өз мүддесінде тіркелген тұлғаның өзге ауыртпалықтары болмаған жағдайда, жылжымайтын мүлікке құқықтарының туындағанын;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың мұраға қалдыру тәртібімен ауысқанын;
3) борышкердің мүлкін басқару құқығы оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) ауысқанын;
4) пайдалану құқығы түріндегі ауыртпалық тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауысқанын;
5) ортақ мүліктегі үлеске құқықты;
6) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылатын құқық иеленуші туралы мәліметтердің өзгергенін;
7) бөлінуіне (бірігуіне) немесе нысаналы мақсатының өзгеруіне әкеп соқпайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергенін;
8) кепіл міндеттемелері сомаларының өсуіне әкеп соқпайтын, шарттар талаптарының өзгергенін;
9) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарламаларды тіркеу кезінде қолданылмайды.
Ауыртпалықтар болған кезде құқықтардың ауысуын тіркеген жағдайда тіркеуші орган тіркеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды жүргізілген тіркеу туралы хабардар етуге тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге бас тартудың себептерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс.
13) тармақшаның жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде - мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
Тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаның және өтініш беруші тіркеуші органға ұсынған басқа да құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ тіркеуден бас тарту туралы электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.»;
14) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ауыртпалықтардың болуы мәмілені немесе өзге де құқық белгілейтін құжатты жарамсыз деп тану туралы сот актісінің орындалуына кедергі болмауға тиіс.
Ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтың туындағанын тіркеу туралы жазбаның күші жойылған жағдайда, тіркеуші орган сот актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күші жойылғаны туралы хабардар етуге тиіс.»;
15) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық тіркеуді қоспағанда, тіркеуші орган жүргізілген тіркеуді тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде - мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама жіберу арқылы расталады.»;
16) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді.»;
17) 38-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Байқоңыр» кешенінің мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіліп берілген үйлеріне (құрылыстарына, ғимараттарына) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жер учаскесіне байланыстырылмай жүзеге асырылады.»;
18) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот актiсiмен белгiленген жылжымайтын мүлiкке құқық (құқық ауыртпалығы) осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, жалпы негiздерде тiркелуге жатады.
Тіркеуші орган, сот актісі негізінде туындаған ауыртпалықтардың болуын қоспағанда, сот шешімімен белгіленген құқықтарды тіркеуден бас тартуға құқылы емес.».
47. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):
20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;».
48. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат):
10-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді.».
49. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат):
1) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыру
Атқарушылық әрекеттер жасауға кедергi келтiретiн мән-жайлар болған кезде сот орындаушысы борышкердің өндіріп алушымен келісілген өтініші бойынша немесе өндіріп алушының өтініші бойынша оларды он күнге дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырады, бұл жөнiнде тиiстi қаулы шығарылып, оны мемлекеттік сот орындаушылары үшін аумақтық бөлімнің басшысы бекiтедi. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру туралы сот орындаушысы өндіріп алушы мен борышкерді, сондай-ақ олардың өкілдері атқарушылық іс жүргізуге қатысқан жағдайда, оларды хабардар етуге мiндеттi.»;
2) 48-бапта:
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) прокурордың қаулысы прокурорға қайтарылады;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар сотқа қайтарылады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
3) 95-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 98-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардан, кәмелетке толмаған балаларды асырауға берілетін жәрдемақылардан, сондай-ақ зейнеткерлер мен I топтағы мүгедектерге төленетін жәрдемақылардан;»;
5) 138-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысының орындауына, мемлекеттен өндіру туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттар қабылдануы мүмкін.»;
6) 140-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке сот орындаушысы лауазымына жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлiк бiлiмi бар, жеке сот орындаушысында үздiксiз тағылымдамадан өткен, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрi - сот орындаушысының лицензиясы) алған, осы Заңда белгiленген тәртiппен жеке сот орындаушысының бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.
2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; кезеңдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан артық кезеңдік өндіріп алу бойынша берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.»;
7) 142-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрақты судьялар, өз мiндеттерiн орындау кезiнде атына кiр келтiретiн терiс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, атқарушылық iс жүргiзу саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, кемінде он жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдары қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;
8) 152-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана және Алматы қалаларындағы жеке сот орындаушысы қызметiнiң аумағы Астана және Алматы қалаларының бүкiл аумағын қамтиды. Атқару округтерi болып табылатын облыс орталықтарының және облыс аудандарының шектерiндегi жеке сот орындаушысы қызметiнiң аумағы облыстың бүкiл аумағын қамтиды.».
50. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат):
1) 25-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат беруді келіседі;»;
2) 27-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;»;
3) 35-бапта:
1-тармақтағы «және 9» деген сөздер «, 9 және 10» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.»;
4) 40-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«6-тармағына сәйкес» деген сөздер «6 және 10-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өндiруге» деген сөзден кейін «, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге» деген сөздермен толықтырылсын.
51. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекітеді;»;
2) 44-баптың 2-тармағы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 106-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жұмысқа алу кезінде заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.».
52. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар):
16-баптың 7-тармағының 5) тармақшасындағы «белгіленбеген» деген сөз «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын.
Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
53. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат):
1) 47-бапта:
3-1-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды;»;
2) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Кезектен тыс аттестаттау
1. Кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
2. Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және қызметтен босату ұсынылады.
3. Кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырмаған және тестілеу кезінде шекті мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы баптың 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің біреуін қабылдайды.
4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген қызметкерлерді осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босату ұсынылады.
5. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге, оның ішінде төменгі тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға жатады.»;
3) 48-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «шарттарын,» деген сөз «шарттары, кәсіптік жарамдылығын анықтау бойынша нормативтер,» деген сөздермен ауыстырылсын.
4) 50-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Тестілеудің не кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырудың нәтижелерін бұрмалау фактілері анықталған жағдайда, жоғары тұрған аттестаттау комисиясы немесе құқық қорғау органының жоғары тұрған басшысы аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жоюға тиіс.».
54. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат):
1) 134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін қаруды, әскери техниканы және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті жою (құрту, кәдеге жарату, көму), қорғаныс объектілерін жалға беру, қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы және жинақтауыш бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлас қолданылатын тиісті технологияларды өткізу (оның ішінде экспорттау) және сатып алу (оның ішінде импорттау);»;
2) 138-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.
Қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн жергілікті атқарушы орган белгiлейдi.».
55. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) қоныс аударушы - тұруға аса қолайсыз экологиялық жағдайлар қалыптасқан және даму әлеуеті төмен елді мекендерден тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан перспективалы өңірлеріне ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;»;
2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткеннен кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Көшіп келушілер тұратын жерлері өзгерген жағдайда, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шыққан күннен бастап, күнтiзбелiк бес күн iшiнде тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.
Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кеткен кезде тапсырылуға жатады.»;
3) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) халықты құжаттандыру және тіркеу тәртібін айқындайды;».
56. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат):
15-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «мемлекеттiк орган» деген сөздердің алдынан «арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «арнаулы мемлекеттiк органдар» деген сөздер «құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 21-құжат):
1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 541-баптың бiрiншi бөлiгi «218-1 (жетiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «219-6, 219-8 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң, 1-баптың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 53-тармағын, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағын, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларын, 46-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2), 4) тармақшаларын, 6) тармақшасының төртінші - жиырма бірінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының бесінші - он үшінші абзацтарын, 13) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 15) және 16) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы сәуірдің 27-і.
№ 15-V ҚРЗ