3. Лизинг шартында көзделген (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігін төлеу күні тауарларға (лизинг нысаналарына) меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша осы тауарларды (лизинг нысаналарын) кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бастапқы күні болып табылады.
Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.
Осы Кодекстiң 276-1-бабының 2-тармағында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген сәттен бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн болып танылады.
Егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда бірінші басталатын күн:
шот-фактура жазылған күн;
әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алған күн айналым жасау күні болып табылады.
Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы олардың нәтижелерін өзінің өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алатын жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді он екі ай және одан артық мерзімге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын және кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) болып табылатын резидент еместен сатып алған жағдайда - жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі фактісін растайтын құжаттарға қол қою күні өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні болып табылады.
276-7-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде әрбір лизингтік төлемді алған күні айқындалады.
Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.
3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты, багаж ведомосы, почта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар; шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.
276-8-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау жөніндегі шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаты үшін тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаларды айқындау принциптері негізінде анықталады.
Салық салу мақсатында баға айқындау принципі шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде тауарлар құнын, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші шеккен мынадай шығыстарды қоса алғанда, егер олар бұрын енгізілмесе:
1) тауарды әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарды әкелудің өзге де орнына дейін жеткізу бойынша шығыстарды:
тасымалдау құнын (экспедиторлық қызметтер көрсетуді қоса алғанда);
тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар тауарлардың құнын айқындауды білдіреді.
Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін тауарларды әкелудің өзге орны мыналар болып табылады:
халықаралық автомобиль қатынасында тауарларды тасу кезінде - келісімшарттың (шарттың) талаптарына сәйкес айқындалған орын, не тауарларға ілеспе құжаттарға сәйкес жеткізу орны, ал жеткізу талаптарын айқындау мүмкін болмаған жағдайда - салық төлеуші көлік шығыстарының есебін табыс ете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін; көлік шығыстарының есебін табыс етпеген жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі соңғы пунктке дейін;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол қатынасында тасу кезінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген бірінші шекара маңындағы өткізу пункті (стансасы);
тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тасымалдаған кезде - тауарларды тапсыру пункті;
2) сақтандыру құнын;
3) сатып алушы шеккен шығыстарды:
контейнерлердің немесе айналымға көп түсетін басқа да ыдыстардың құнын, егер олар бағаланатын тауарлармен біртұтас зат деп қаралса;
буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құнын қамтиды.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша осы тармақтың
1) - 3) тармақшаларында көрсетілген шығыстар мәміле бағасына енгізілсе, онда әкелінген тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы негізінде айқындалады.
3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі.
Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.
4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері шартта (келісімшартта) көзделген тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құны, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда - егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген шығыстар құнға енгізілмесе, олар ескеріле отырып, бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципін ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген бағаның, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда бағасы көрсетілмеген кезде - тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасының негізінде айқындалады.
5. Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, осы алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.
6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері, осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай, осы Кодекстің 276-6-бабы 3-тармағында белгіленген күні көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.
Егер, осы баптың 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген шеккен шығындар тауардың құнына енгізілмеген болса, онда осындай шығыстар тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күнінде тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне енгізілуге жатады.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері, сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді.
Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизинг төлемдері мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы аталған жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне енгізіледі.
7. Салық қызметi органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жоғарыда көрсетілген тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетеді.
276-9-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшері осы Кодекстің 238 және 241-баптарына сәйкес айқындалады.
276-10-бап. Кеден одағындағы тауарлардың экспорты
1. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасы қолданылады.
Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде осы Кодекстің 34-тарауына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Осы баптың ережелері оларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты да қолданылады.
3. Меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасы қолданылады.
276-11-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі - шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі немесе зат түрінде қарыз берілетін жағдайда - лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште) (бұдан әрі - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш);
3) кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттар.
Тауарлардың магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорты жағдайында тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.
Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ олардың көрсетілген операциялар бойынша алған тауарлардың импортын растайтын құжаттардың болуы есепке алынады.
Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарт) бойынша оларды әкеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған өзінің банк шоттарына тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде лизингтік төлемнің түсуін растайтын құжаттарды салық органына табыс етеді;
5) зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда - оның құны туралы зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растамасы.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) өңделетін өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатын әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың;
5) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің (аумағына өңделетін өнімдер импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);
6) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан өңделетін өнімдерді әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Егер өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын өңдеу бойынша жұмыстар орындалған кеден одағына мүше-мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе, - осындай өңделетін өнімдерді тиеп-жөнелтуді растайтын құжаттардың;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңделетін өнімдердің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының өңдеу өнімдерін кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);
2) оның негізінде өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттардың;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың;
5) өңдеу өнімдерінің кеден одағы шегінен тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың;
6) тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы баптың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар кедендік жүк декларациясының;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
кезең-кезеңдік декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендік декларациялауды жүргізген кеден одағына мүше-мемлекеттің кеден органының белгілері бар толық кедендік жүк декларациясының;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
4. Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
276-12-бап. Кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кеден одағында халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 244-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Экспортталатын тауарларды кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу кеден одағының аумағындағы сатып алушыға не аталған тауарларды кеден одағының аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін сатып алушыға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттар мыналар:
1) тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі;
2) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
3) шот-фактуралар болып табылады.
4. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін транзиттік жүктерді кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен тасымалдауды растайтын құжаттар:
1) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
2) шот-фактуралар болып табылады.
276-13-бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға, осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 276-14-бабында көзделген, тауарларды өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі сақталған жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен сол кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау мыналар болып табылады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
6) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, өңделген өнімді кейіннен кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады: