11) тармақшадағы «көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.» деген сөздер «көрсетілген салық сомасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.»;
51) 263-бапта:
6-тармағының 51) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы тармақтың 3), 3-1) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің немесе өзі құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, қосылған құн салығын төлеуші - заңды тұлғаның деректемелерін көрсетеді;»;
6-тармағының 51) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн көрсетудi, коммуналдық қызмет көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен;
дара кәсіпкерлер үшін - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қол таңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушінің шешімімен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураны заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген, осындай құрылымдық бөлімшесінің мөрімен салық төлеушінің шешімі бойынша куәландыруға құқылы.
6-тармағының 51) тармақшасының он екінші - он төртінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті өкілдің атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкіл басшысының және бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады;»;
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың жеткізуші (сатып алушы) ретіндегі деректемелерін көрсете отырып, осы баптың талаптарына сәйкес жазып беріледі.»;
52) 267-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «акцизделетін өнімді» деген сөздер «акцизделетін тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 53) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
53) 268-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша - тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша - оларды сатып алған күні қолданыста болған ставкалары қолданылады.»;
54) 270-бапта:
1-тармақта:
«Қосылған» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 54) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекстiң 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.»;
55) 36-тарау мынадай мазмұндағы 271-1-баппен толықтырылсын:
6-тармағының 55) тармақшасының екінші - он жетінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«271-1-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері
1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін:
қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;
не өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салық міндеттемесін орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.
2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындауы кезінде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 235-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару декларацияны табыс еткен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына әрқайсысына қатысты қолданылады.
3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 263-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;
қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;
қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары оператордың дербес шотында көрсетіледі;
қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару операторға жүргізіледі;
салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына тапсырылды деп есептеледі.
6-тармағының 55) тармақшасының он сегізінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.»;
56) 272-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
«өкілдіктер» деген сөз «шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімшілік-техникалық персоналға» деген сөздер «осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер - олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
57) 273-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы «243 - 245-баптарына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы «243 - 245-баптарына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
58) 276-бапта:
тақырыбындағы «өкілдіктерге» деген сөздер «шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«өкілдіктерге» деген сөздер ««шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкімшілік-техникалық персоналға» деген сөздер «осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоса алғанда,» деген сөздерден кейін «консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер - олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
59) 8-бөлім мынадай мазмұндағы 37-1-тараумен толықтырылсын:
«37-1-тарау. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу ерекшеліктері
276-1-бап. Жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелері кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейді.
Егер осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік ету бөлігінде Кодекстің басқа тарауларындағыдан өзге нормалар белгіленсе, онда осы тараудың нормалары қолданылады.
Осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік етуіне қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актімен реттеледі.
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.
Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын өндіріп алуды Қазақстан Республикасының салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында белгіленген ставка бойынша жүзеге асырады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды салық қызметі органдары салық төлеуші табыс еткен салық есептілігінің, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгемен қайта есептеледі.
2. Осы тараудың мақсатында мүлікті лизинг (лизинг нысанасы) шарты бойынша үш жылдан артық мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:
1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартымен анықталса;
2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асса;
3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің (лизинг нысанасы) бүкіл мерзімінде мүлік лизингі бойынша берілетін құнның тоқсан пайызынан асса, лизинг болып танылады.
Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте, лизинг
алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер тауарлар құнының бір бөлігінің лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.
Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп сыйақыны есептегенде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауар құнының бір бөлігі түсініледі.
Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты, осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды.
Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша сыйақы деп, осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер түсініледі.
276-2-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер
Мыналар:
1) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;
2) тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы тұлғалар:
резидент заңды тұлға;
егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
егер резидент-заңды тұлға мен кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген резидент емес-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлға;
қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттаушы сенімгерлік басқарушылар;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;
нотариаттық, адвокаттық қызметтерді жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жекеше нотариустер, адвокаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импорттайтын жеке тұлға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлға кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
276-3-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау
Егер осы Кодекстің 276-4-бабында өзгеше белгіленбесе, кеден одағында қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 229, 230, 241-баптарына сәйкес айқындалады.
276-4-бап. Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау
1. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспорты тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.
2. Егер осы Кодекстің 276-5-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айналымдар оларды кеден одағында өткізу бойынша айналым болып табылады.
3. Мыналар салық салынатын импорт болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 276-15-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылғандарды қоспағанда).
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын тауарлар.
276-5-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны
1. Тауарларды өткізу орны осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікпен байланысты болса;
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалға алу және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсетуге қатысты да қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес зиянсыз көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбырлар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік деп танылады;
2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (көлік құралдарын жалға беру, лизинг бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа).
Осы тармақшаның мақсаты үшін осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, «өзен-теңіз» аралас жүзу кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда автомобильдер; жүк контейнерлері көлік құралдары болып танылады;
3) мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе;
4) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мыналарды:
консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызмет көрсетулерді, ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсетулерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
ЭЕМ мен деректер қорлары (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдері) үшін бағдарламаларды әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен деректер қорын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істейтін жағдайда, персонал беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ мынадай:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты растайтын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, лизингті және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизингі және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Мыналар:
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен кеден одағына мүше-мемлекеттердің салық төлеушісі арасында жасалған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы тараумен реттелетін қызметтің, жұмыстың бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізудің басқа жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосымша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
276-6-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні
1. Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын, тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша алғашқы күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің импортталған тауарларды (оның ішінде олардың дайындалғаны туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тараудың мақсаты үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды кiрiске aлу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не иеленуді) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте, тауарлардың жеткізілуін растайтын құжаттар болған кезде, тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.