19-бап. Бағалау
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тиесілі асыл тұқымды және селекциялық мал міндетті түрде бағалауға жатады.
Бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар) жүргізеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер бағалаудан өтпеген асыл тұқымды және селекциялық малды тұқымды өз төлінен өсіру үшін өткізуге құқылы емес.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 20-бап өзгерді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау
Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
14.12.01 ж. № 269-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.
Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық зауыттар;
2) асыл тұқымдық шаруашылықтар;
3) асыл тұқымдық орталықтар;
4) дистрибьютерлiк орталықтар;
5) бағалаушылар (сыныптаушылар);
6) техник-ұрықтандырушылар;
7) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
8) асыл тұқымдық репродукторлар;
9) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар жатады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:
асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқымының сынақтан өткен зауыттық және бір тұқым ішіндегі, аймақтық типін, зауыттық тұқымдық желісін өсіру, жетілдіру және сату;
асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;
малдың жаңа тұқымдарын және зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, зауыттық желілерді шығару;
асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңына сәйкес 25-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, асыл тұқымдық желiлерiн және типтерiн, оның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) сату;
асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;
асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;
5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым, сапалық және сан құрамын уәкілетті орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым, сапалық жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргізу болып табылады.
2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары малды қолдан ұрықтандыру болып табылады.
3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желілерін және (немесе) арғы ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберінде және ғылым жетістіктеріне сәйкес асыл тұқымды, оның ішінде гендік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін жетілдіру;
4) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды
28-2-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата
1. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және қызмет ететін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеледі.
Қазақстан Республикасының аумағында ірі қара малдың әр тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады және қызмет етеді, ол облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) құруға құқылы.
Егер, ірі қара малдың бір тұқымының мүддесі Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ірі қара малдың бірнеше тұқымдары бойынша қандай да бір республикалық палатамен қорғалса, жұмыс істеп тұрған республикалық палатаның қайта құрылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, ірі қара малдың бұл тұқымы бойынша жеке республикалық палатаны құруға жол берілмейді.
Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледі.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-3-баппен толықтырылды
28-3-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның құзіреті
Ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар:
1) тиісті тұқымдағы асыл тұқымды малды есепке алуды ұйымдастырады және оларды селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпарат қорына тіркеу арқылы деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады;
2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестіреді;
3) асыл тұқымды малға мәртебе береді;
4) асыл тұқымдық куәліктер беруді жүзеге асырады;
5) аталған мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде субсидиялауға жататын, өткізілетін асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын айқындауға қатысады;
6) асыл тұқымдық кітапты жүргізеді және басып шығарады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
6-тарау. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен алып тасталды
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдіктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
Қазақстан Республикасының
Президентi