ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 102-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыруды республикалық мерзімдік баспа басылымдарында және (немесе) медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 103-тармақ өзгертілді
103. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендерді өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекенжайы және банк деректемелері;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атауларымен), медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында ғана орналастырылуы мүмкін);
4) Тапсырыс берушілердің соңғы өтінімдерін ескере отырып, қажеттілікке қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне түзетулер енгізілуі мүмкін;
5) жеткізу шарттары;
6) жеткізу сәтінде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалған жарамдылық мерзімдері;
7) ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тоқтату күні, уақыты және орны;
8) ашық тендерді өткізуді бастау күні, уақыты және орны;
9) әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома.
Әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы есептеу кезінде бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдеріне сәйкес уәкілетті орган анықтаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шектік бағаларын он пайызға азайтады.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсынылуы,
өзгерту және кері қайтару
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
104. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға екі Кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімді ұсынады.
105. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну тәртібі, өзгерту және тендерлік өтінімдерді кері қайтару ұсынылмаған бағалар кестесін қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауының 2-бөлігінде белгіленген тәртіпке ұқсас.
3. Кепілдікті қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
106. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 107-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
107. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса;
2) егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңді ресімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы деп танылса, бірақ жеткізу шартын уақтылы жасамаса;
3) жеткізу шартын жасап, шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаса немесе уақтылы орындамаса;
4) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберіліп, бірақ рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімдерде баға ұсыныстарын ұсынбаса, қайтармайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 108-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
108. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша оған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуге берілген 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірі болғанда қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімін өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы мерзіміне дейін кері қайтарып алса;
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойса (көрсетілген жағдай жеңімпаз белгілеген екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысушыға қолданылмайды);
3) жеткізу шартының күшіне енуі және екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының жеткізу шартының орындалуын қамтамасыз ету рәсімдерін енгізуі;
4) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
4. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Комиссия әлеуеті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттерді екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Комиссия конверттерді ашу кезінде осы Ереженің 113 - 115 және 120-тармақтарына сәйкес рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілердің назарына Регламент жеткізіледі. Регламент бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында да орналастырылады.
110. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
111. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссияның хатшысы барлық қатысушы адамдарға ашық тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және мекенжайын, өтінімдерді құрайтын ұсынылған құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды. Бұл ақпарат тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
112. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынған тендерлік өтінімдерінің біліктілік талаптарына және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Комиссия Регламентке сай күні мен уақытына сәйкес тендерлік өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен) әлеуетті өнім берушілердің назарына ұсынады, онда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атауы;
5) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі ашу хаттамасын хабарлау күнін қоспағанда 3 (үш) жұмыс күнін құрауға тиіс;
6) екіден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі;
7) отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірі.
114. Ескертулер жойылғаннан кейін тендерлік өтінім беру кезінде қойылған талаптарға сәйкес ресімделген толықтыру түріндегі өзгертілген тендерлік өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімінің соңғы жұмыс күнінің 15 сағатына дейін комиссияның хатшысына ұсынылады.
115. Толықтырулары бар конверттерді ашу өзгерістер енгізу мерзімінің аяқталу күнінде 15 сағат 30 минутта комиссия жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
116. Өзгерістер енгізуге ұсынылған тендерлік өтінімдердің толықтыруларын зерделегеннен кейін комиссия Регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Әлеуетті өнім берушілерді ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына комиссия ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлау күні қол қоюы тиіс. Рұқсат беру хаттамасын бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атауы, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді қатыстыру туралы комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 118-тармақ өзгертілді
118. Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде, оның ішінде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер бір лот бойынша қатысатын болса және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін болса, комиссия осы лот бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға тек қана отандық тауар өндірушілерді қатыстырады (өтінім берілген көлемдер бойынша).
Егер екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылатын тендерде қандай да бір лот бойынша отандық өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес тек бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі немесе одан көп өтінімі берілсе оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
Осы тармақтың талаптары әлеуетті өнім берушінің өтініш берілген оның өндірістік қуаттылығынан шығатын көлемге қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 119-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін тендерлік өтінімді тұтастай не лоттар бойынша, егер:
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 8 және 8-1-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника осы Ереженің 12 және 13- тармақтарының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканың мемлекеттік тіркеу тәртібіне сай келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне енгізілсе;
5) осы Ереженің 118, 123-тармақтарында көзделген жағдайларда;
6) тендерлік өтінім осы Ереженің 38, 39, 40, 40-1, 43, 49-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
7) сараптама комиссиясы әлеуетті өнім беруші ұсынған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуннобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларына (техникалық өзіндік ерекшеліктеріне) қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған жағдайда қарамайды.
5. Ең төменгі бағаны анықтау
120. Рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 10-да (Астана қаласының уақытымен) комиссия ең төменгі бағаны анықтауға қатысатын әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын қабылдауды бастайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша келесі баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
123. Комиссия, егер лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса баға ұсынысын қарамайды және мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өтпей қалды деп таниды.
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Келесі баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысының хабарлау сәтінен бастап 5 минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші келесі баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын келесі ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Екі немесе одан да көп бірдей ең төменгі бағамен баға ұсыныстары болған кезде ең төменгі бір баға ұсынысы анықталғанға дейін анықтау рәсімі жалғастырылады.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 126-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің лот бойынша бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, осы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 129-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн техникалық өзіндік ерекшеліктердің көшірмелерімен қоса қағаз және doc*форматындағы электрондық түрде тендердiң қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiлердiң тендер жеңiмпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрi - сатып алу шарты) жасасуы үшiн қабылдау-беру актiсi бойынша тапсырыс берушiлерге беруге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-2-тармақпен толықтырылды
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 130-1-тармақпен толықтырылды
130-1. Егер сатып алу осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілдермен жүргізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы медициналық техниканы жеткізушіні айқындамаса, құндық мәндегі жылдық көлемі бір айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын медициналық техниканы сатып алуды Ережеге сәйкес тапсырыс берушілер жүзеге асырады.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана берілгенде не әлеуетті өнім берушілер олардың біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы Ереже талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп өтінім берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы аталған отандық тауар өндірушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейтуге қатысты сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады;
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының немесе сатып алу шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бұзылған жеткізу шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қалдық көлеміне осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
6) ұзақ мерзімді жеткізу шартының жасасқан кезде. Шартты жасасу мерзіміне жасалатын ұзақ мерзімді жеткізу шартын шеңберінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға болжанатын көлемдерін есептеуді бірыңғай дистрибьютор соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың тапсырыс берушілердің нақты пайдаланған қажеттілігі негізінде жүзеге асырады, бұл ретте сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жыл сайынғы көлемдерін бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде бірыңғай дистрибьютор нақтылайды. Медициналық техниканы сатып алуға болжанатын көлемдерді есептеу шарт жасасудың бүкіл мерзіміне уәкілетті орган белгілеген ұзақ мерзімді болжамды қажеттілік негізінде жүргізіледі;
7) Қазақстан Республикасында тек бір ғана:
халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты;
аналогтары жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника тіркелгенде.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-тармақ өзгертілді
132. Осы Ереженің 131-тармағының 1) - 5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:
1) баға ұсынысын;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар сұратады.
Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден мыналарды сұратады: