Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының нысаны (әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әр лотқа жеке толтырылады)
Лот №__
р/с № | Мазмұны | |
1. | Дәрілік заттың қысқаша сипаты (халықаралық патенттелмеген атауы және саудадағы атауы) | |
2. | Шығарылған елі, медициналық мақсаттағы бұйым | |
3. | Жасаушы - зауыт | |
4. | Өлшем бірлігі | |
5. | Баға ________ бірлікке ________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ________ (белгіленген пункті) | |
6. | Саны (көлем) | |
7. | Жалпы бағасы, ___________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _____________, белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар | |
_________________ М.О. __________________________
(қолы) (лауазымы, А.Т.Ә.)
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпеуіне болады, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім беруші барлық шығындарды ескере отырып анықтаған баға ретінде қарайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 11-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 11-қосымша
Беру үлгі шарты
_________ қ. №_________ 20__ жылғы «__» ______________
Бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан, _____________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын төмендегі туралы осы беру шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
Өнім беруші Сатып алушыға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген саны, бағасы бойынша, қабылдау орны мен мерзімінде тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді (бұдан әрі - өнім) жеткізіп беруге міндеттенеді және Сатып алушы Шарттың талаптарына қарай өнімді қабылдауға және құнын төлеуге міндеттенеді.
2. Шарттың құны
1. Шарттың құны ____ теңгені құрайды. Осы Шарт бойынша жеткізілетін өнім бірлігінің құны теңгемен Шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Шарттың құнына салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер, өнімді орауға және таңбалауға арналған шығындар, сондай-ақ Өнім берушінің өнімді Сатып алушыға беруге байланысты барлық шығыстары жатады.
3. Шарттың құны мен өнімнің бір бірлігінің құны белгіленіп қойылады және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.
3. Төлем тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 4-тармақ өзггертілді (бұр.ред.қара)
4. Шарт бойынша жеткізілген өнім үшін төлемді Сатып алушы теңгемен жүргізеді. Өнімнің әр партиясы үшін төлем мерзімі осы Шарттың 2-тармағының 3-бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған және қол қойылған күнінен бастап 90 (тоқсан) банк күнінен аспауы тиіс.
5. Шарт бойынша төлем Сатып алушыға өнімді жеткізгенін растайтын мына құжаттардың тиісті ресімделген (Шартқа міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс) түпнұсқаларын уақтылы тапсырған кезде жүргізіледі:
Өнім берушінің салық шот фактуралары;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша енімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар көлік құжаттамасы;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша өнімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің қаптама қағаздары;
Өнімнің сапа сертификаты;
Өнімнің тіркеу куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
қабылдау-беру орнында жасалған Тараптардың немесе олардың заңды өкілдерінің белгілері бар қабылдау-тапсыру актілері;
Сатып алушы Өнім беруші алдындағы расталған берешекті төлеуге міндетті мерзім көрсетіле отырып Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуды салыстыру актісі (осы құжатты Өнім беруші өнімнің соңғы партиясымен бірге береді).
4. Өнімді орау және таңбалау
6. Өнім Сатып алушыға оны темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, тиеу, ауытқуды қоса алғанда, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
7. Өнімді орау және таңбалау шарттары Шартқа 2-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Ерекше жағдайлар
8. Шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында Өнім беруші Сатып алушыға 1-тармақтың 2-бөлігінде белгіленген Шарттың құнынан 3 %-ы мөлшерінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауға осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынады.
9. Өнім беруші күн сайын Сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін осы Шарттың барлық орындалу сатылары (өндіру, сақтау, тиеу) туралы ақпарат беріп отыруға міндетті.
10. Өнімді тиеуді бастауға 24 сағат қалғанда Өнім беруші Сатып алушыға мынаны көрсете отырып, жазбаша түрде факс немесе телекс арқылы алдағы тиеу туралы ақпарат беруге міндетті:
Шарттың нөмірі мен күнін;
берілетін Өнімнің атауын;
көліктің нөмірін (вагонның, контейнердің);
тиеу күнін;
орындар саны мен салмағын;
тиелген өнімнің құнын.
11. Өнім тиелгеннен кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім беруші Сатып алушыға Шарттың 2-тармағындағы 3-бөлікте көрсетілген тиеуге қатысты құжаттарды толық көлемде ұсынуға міндетті.
12. Өнімді беру күні болып Шартқа 1-қосымшада көрсетілген жеткізу орнында Тараптар арасында қабылдау актісі жасалған күн болып саналады.
13. Шарт бойынша жеткізілетін өнім Өнім беруші тапсырған және Сатып алушы қабылдаған болып саналады:
Екі тарап қол қойған Өнімді қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген саны бойынша;
өндірушінің сапа сертификатында және шығарылу сертификатында көрсетілген сапаға сай сапасы бойынша, егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаты бар болғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай міндетті болса.
14. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін немесе тиісті сапасының болмауын анықтаған жағдайда, анықталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Өнім берушіге өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуді ұсынып факсимильді байланыспен хабарлама жіберуге тиіс.
15. Өнім беруші Сатып алушының шақыруын алғаннан кейін Шарттың 7-тармағындағы 5-бөлікте көзделген келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада басқа мерзім көрсетілмесе) өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге міндетті. Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бірлесіп тексеру нәтижесі бойынша ескертулерді жою үшін мерзімдері (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсетіле отырып, екі Тарап қол қоятын тексеру актісі жасалады.
16. Шарттың 7-тармағының 5-бөлігінде белгіленген мерзімде Өнім берушінің уәкілетті өкілі келмеген жағдайда, Сатып алушы Шарттың 10-тармағында белгіленген тәртіппен кейіннен оны Өнім берушіге жіберу арқылы ескертулерді жою үшін мерзімдерін (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсете отырып, Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бір жақты тексеру актісін жасайды. Өнім беруші Шарттың 8-тармағында көзделген, актіде көрсетілген ескертулерді жоймаған жағдайда, Сатып алушы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Өнім берушінің әрекетін өнімді уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
17. Бұрын Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған, Сатып алушы немесе оның заңды өкілі сақтау орнына қабылдап алған өнімде ақаулар анықталған жағдайда Сатып алушы немесе оның заңды өкілдері 3 жұмыс күні ішінде Өнім берушіге жазбаша хабарлауы тиіс және Өнім беруші өкілінің өнімді сақтау орнына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
18. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімде ақауларды анықтаған жағдайда, егер осы алмастыру өнімнің сапасы мен басқа техникалық сипаттамасының төмендеуіне алып келмейтін болса және техникалық әзірлемелерге сай келетін болса Өнім беруші бұзылған және/немесе ақаулы өнімді тегін алмастыруы тиіс. Өнім беруші өз еркімен ақау анықталған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Өнім қабылданған сақтау орнынан барлық ақауы бар өнімді толығымен алуды (қайтаруды) қамтамасыз етуге міндетті.
19. Өнім беруші Сатып алушының жеткізілген өнімге жасаған ескертулерін 15 күнтізбелік күн ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Сатып алушы өнім берушінің әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
6. Өнімге берілетін кепілдіктер
20. Өнім беруші өнімге берілетін таңбаға немесе өзге де танып айыратын деректеріне сай оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің барлық көлеміне кепілдік береді.
21. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелінен Сатып алушыдан кепілдік міндеттемелерін орындау жағдайының туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау ұйымындағы сапасыз өнімді алмастыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
22. Жеткізілетін өнімнің сапасы МЕМСТ-қа, ОСТ-қа, өнімге берілетін техникалық шарттарға сәйкес келуі және тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
23. Өнім беруші Сатып алушыға өзі жеткізген өнімнің үшінші бір тұлғалардың кез келген құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне және еркін болатынына кепілдік береді.
24. Жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан артық өнім үшін беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.
7. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
25. Өнім беруші беру, жеткізілген өнімді алмастыру мерзімін немесе ескертулерді жою мерзімін бұзған жағдайда, Өнім беруші мерзімі өткен әр күн үшін мерзімінде жеткізілмеген өнім сомасының 0,2 %-ы мөлшерінде, бірақ өнімнің құнынан 20 % артық емес өсімақы төлейді. Өсімақыны төлеу Өнім беруші Сатып алушыдан тиісті шотты алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
26. Өнім беруші барлық өнімді немесе бір бөлігін беруден бас тартқан жағдайда, ол Сатып алушыға осы Шарттың сомасының 10 %-ы мөлшерінде бір реттік айыппұл төлеуге міндетті. Сатып алушы бір реттік айыппұл төлеуге шотты Шартқа 1-қосымшада көрсетілген өнімді берудің соңғы күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өнімді беру орындалмаған жағдайда берілуі мүмкін.
27. Сатып алушы Өнім берушіге өсімақы және/немесе айыппұл төлеу үшін берген шот, өсімақы және/немесе айыппұл төлеу және жеткізілген өнімге төлем жасау бойынша біртектес екі жақты талаптарды есептеуді жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Сатып алушы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес шартты орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың 25 және 26-тармақтарына сәйкес өсімпұл және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу шотына ұстауға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29. Егер:
1) өнім жеткізуді кідірту күнтізбелік 30 (отыз) күннен асса және/немесе өсімақы және/немесе айыппұл төлеуді кідірту күнтізбелік 15 (он бес) күннен асса;
2) өнім беруші Ереженің 139-тармағының талаптарын бұза отырып шартты орындауды қамтамасыз етуді ұсынса, сатып алушы бір жақты тәртіппен өнім берушіге кез келген шығыстары мен шығындарын өтеместен шартты бұзуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Жеткізілген өнімге төлемді негізсіз кідірткен жағдайда, Сатып алушы Өнім берушінің жазбаша хабарламасының негізінде Өнім берушіге кешіктірілген әр күні үшін берешек сомасының 0,1 % мөлшерінде, бірақ берешек сомасының 5 %-ынан аспайтын өсімпұл төлейді.
31. Өсімақы немесе айыппұл төлеу Тараптарды Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
32. Өнім беруші Шарттың 1-тармағының 5-бөлігінде белгіленген міндеттемелерді уақтылы немесе толық орындамаған жағдайда, Сатып алушы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте осылай бұзу туралы әлдебір қосымша келісімнің бар болуы талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды
32-1. Өнім беруші сақтау орнынан өнімнің ақауы бар барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, өнім беруші сатып алушыға осы шарт бойынша сақтау орнынан өнімнің сапасыз (зақымданған және/немесе ақауы бар) барлық партиясын ауыстыру және/немесе толық алып қою (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған әр күні үшін ауыстыруға, алып қоюға (қайтаруға) жататын өнімнің құнының 1%-ы мөлшерінде өсімақы төлейді.
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
33. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса (топан су, жер сілкіну, тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің немесе өкімдерінің шығуы), бұл мән-жайлар кез келген Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе.
34. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар болатын уақытқа дейін ұзартылады.
35. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары пайда болған кезде осындай жағдай туындаған кез келген Тарап басқа Тарапқа 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы мән-жайлар туралы жазбаша хабарлама жібереді. Осы мән-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органымен немесе Қазақстан Республикасының Сауда палатасымен расталуы тиіс.
36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
37. Егер Тараптардың міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындай алмау мүмкіндігі 2 (екі) айдан артық болса, онда Тараптар Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуға құқылы.
9. Дауларды шешу тәртібі
38. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Шарт бойынша келіссөздер жолымен шешіледі.
39. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
40. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Хат-хабарлар
41. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.
43. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне Шартқа 3-қосымшада көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.
44. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта почта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 2-тармағы 10-бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.
11. Өзге де жағдайлар
45. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, онда Сатып алушы Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
46. Сатып алушы болжалды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі, күшін жойған шарттық міндеттемелердің көлемі жазылуы тиіс, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
47. Сатып алушы Шарттың 2-тармағы 11-бөлігінің талаптарын сақтаған жағдайда, Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығыстар үшін ақы төлеуді ол бұзылған күні талап етуге құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі:
1) № 1-қосымша - жеткізілетін өнім тізбесі;
2) № 2-қосымша - өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар;
3) № 3-қосымша - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі.
48. Шартқа жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылса, және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса олардың күші болады.
49. Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, Өнім беруші Сатып алушының оған алдын ала жазбаша келісімі болмаса, өзінің Шарт бойынша міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
50. Кез келген Тараптың заңды мекен-жайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
51. Шарт Өнім берушіге және Сатып алушыға бір данадан 2 данада жасалды.
52. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін, өзара есеп айырысу бөлігінде оларды Тараптар толық орындағанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекен-жайлары, банк деректемелері
және Тараптардың қолдары
Беру үлгі шартына
1-қосымша
Жеткізілетін өнімнің тізбесі
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бағасы | Сомасы | Жеткізу орны | Жеткізу мерзімі |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Ерекше жағдайлар:
1.______________
2.______________
3.______________
Беру үлгі шартына
2-қосымша
Өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар
1. Әрбір жәшіктің немесе қаптаманың сыртқы жағында қаптама қағазының көшірмесі бар су өткізбейтін қағаздан жасалған конверт жапсырылады. Конверт жәшікке бекітілетін метал пластинкамен жабылуы тиіс. Қаптама қағаздың екінші көшірмесі өнім салынған жәшікке салынуы тиіс. Егер өнім қаптамасыз жіберілетін болса, онда конверт өнімнің тікелей жұмыс істемейтін бөліктеріне бекітіледі.
2. Егер техникалық құжаттама көзделген болса, атап айтқанда өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулар өнім салынған жәшікке немесе қаптамаға қажет жеріне салынады.
3. Таңба өнімі бар әрбір жәшіктің немесе қаптаманың үш жағынан (әр жәшіктің қақпағына, алдыңғы және сол жағына) жуылмайтын бояумен орыс тілінде жазылады. Өнімі бар әрбір жәшік мынадай үлгіде таңбалануы тиіс:
Жіберушінің атауы - ____________________
Алушының атауы - хххххххххххх
- шарт №
- брутто салмағы - _____________________
- таза салмағы - _______________________
- жәшік немесе қаптама № __________________________
Беру үлгі шартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 12-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
12-қосымша
Банк кепілдігі
(жеткізу шартын/сатып алу шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:
______________________________________________________________________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
______________________________________________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
№___ кепілдік міндеттеме
___________________ (орналасқан жері) | ___ ж. «__»________ |
«Өнім беруші» ________________________________________________________________________________________________________
(өнім берушінің атауы)
тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*
және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы _________
теңге____________________________________________________________________________ банктік кепілдеме түрінде оның орындалуын
(банктің атауы)
қамтамасыз етуді енгізетінін көздегеніңізді назарға ала отырып, осымен жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынымызды растаймыз және Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге сіздің талабыңыз бойынша___________________________________________________________соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
(сандармен және жазбаша жазылған сома)
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындаған барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі | Күні және мекенжайы |
(банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасары мен банктің бірінші бухгалтері атынан)