Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 және 16-1- баптарының негізінде жүзеге асырылады.
4. «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz «Ақпараттық материалдар» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады, сондай-ақ ресми ақпарат құқықтық ақпарат қызметінің телефоны: (87172) 58-00-58 арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Комитеттің немесе уәкілетті органның заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу туралы бұйрығын қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығарудан бас тартылған жағдайда қағаз тасымалдағышта берілген құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келмеген сілтемесі бар дәлелді бас тарту беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған және қолхат алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - күнтізбелік 10 күн;
2) тұтынушының өтініш жасаған жерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтініш жасаған жерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұрау салу көзделмеген.
8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеппен ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеу алымы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған әне (немесе) құжаттар берген орны бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген мөлшерде және төлеген күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банкі мекемелері арқылы төленеді.
9. Комитетте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліс уақытымен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін құжаттарды күн сайын қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Комитет мемлекеттік қызметті анықтама ақпараты, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған кабинетте көрсетеді.
Орталықтар мемлекеттік қызметті заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған ғимаратында көрсетеді.
Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жасау, Комитетте және Орталықта жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында шағымдар мен ұсыныстар журналы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар Комитетке немесе Орталыққа мынадай құжаттар:
1) белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімін;
3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін;
4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжатын;
5) таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі туралы мәліметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін;
6) тарату балансын;
7) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе өзге де органның заңды тұлғаның мөрі басылған аралық және тарату баланстарын бекіту туралы шешімін;
8) заңды тұлға мөрінің жойылғандығы туралы құжатын;
9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжатын;
10) салық, міндетті зейнеткерлік жарналары және әлеуметтік аударымдары жөнінде берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасын;
11) кеден органдарының кедендік төлемдер бойынша берешектері жоқ екендігі туралы анықтамасын;
12) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшін) күші жойылғандығы туралы уәкілетті органның хабарламасын;
13) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат ұсынады.
Сот шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын тіркеу сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті тұтыну үшін филиалдар мен өкілдіктер Комитетке немесе Орталыққа мынадай құжаттар:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның мөрімен бекітілген және соттың филиалды (өкілдікті) тарату туралы шешімдерін;
3) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің және филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқаларын;
4) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжатын;
5) филиалдың (өкілдіктің) тұрған жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасын ұсынады.
12. Мемлекет қызмет алуға өтініш Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша толтырылады.
Өтініштің бекітілген нысаны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің интернет-ресурсы www.minjust.kz «Ақпарат мәліметтер» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (олардың филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу» одан әрі «Өтініш үлгілері» бөлімдерінде орналастырылған.
Комитетте белгіленген нысандағы өтініштер бланкілері кабинеттегі арнайы тағандарда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
13. Комитетте құжаттарды қабылдауды кезекші маман мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
14. Комитетте және Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы мына нысан бойынша мәліметтер көрсетілген қолхат беріледі:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған маманының тегі, аты, әкесінің аты.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушы өзі келу тәртібімен қабылдайды.
Комитетте заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу туралы бұйрықты тұтынушыға беруді маман осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған кестеге сәйкес онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
Егер тұтынушы заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы бұйрықты мерзімінде алуға келмеген жағдайда, Комитет оны тұтынушы талап еткенге дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер тұтынушы заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу туралы бұйрықты алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.
16. Комитет және уәкілетті орган заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғанын анықтаған кезде тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда, онда кемшіліктер болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздемелер бойынша құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайда заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мерзімдері үзіледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет, уәкілетті органдар мен Орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) сыпайылық;
3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну;
5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақытында ұсынылуы;
6) тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
7) тұтынушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызметінің сапалылығы мен тиімділігінің көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітеді
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін анықтау үшін тұтынушы осы стандартқа 1-қосымшада телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді.
21. Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
Уәкілетті органдар көрсеткен қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша немесе электронды нысанда (krs.opp@minjust.kz) пошта арқылы немесе қолмен жеткізу арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 13-кіреберіс, 1021 кабинет, кеңсе телефоны 8 (7172) 740768, Комитет Төрағасының қабылдау телефоны 8 (7172) 740276, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының телефоны 8 (7172) 740229.
Жұмыс кестесі: күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13:00-ден 14:30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін.
22. Мемлекеттік қызметті Комитет және уәкілетті органдар тікелей ұсынады.
Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым беру тәртібі осы стандартқа 21-тармақта көзделген тәртіпке сәйкес келеді.
23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым беру кезінде мемлекеттік құпияларды немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қоспағанда, тұтынушылар шағымды қарауға қажетті маңызы бар құжаттары мен басқа да материалдарын қоса ұсынады.
25. Қолмен алып келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады.
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекенжайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | (87162) 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | (87132) 56-24-53 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | (87282) 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | (87122) 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | (87232) 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | (87232) 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | (87112) 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | (7212) 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | (87142) 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | (87242) 23-07-51 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | (87292) 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | (87182) 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | (87152) 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | (87252) 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | (8727) 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | (8727) 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | (8727) 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9а | (8727) 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | (8727) 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | (8727) 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9-үй | (8727) 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | (87172) 61-84-03 | 61-84-03 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Субханбердин көшесі, 2-үй | (87172) 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | (87172) 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | (87172) 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27 | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | (87172) 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |