ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық
анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет), интернет-ресурсы: www.egov.kz, www.mсі.gov.kz, баламалы негізде тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Респубикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БАМ) интернет-ресурсында: www.mсі.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Орталықтардағы стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Комитетке өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызмет мына сәттен:
а) жеке өзі келгенде тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызмет құжаттар берілген күні көрсетіледі;
б) пошта арқылы жазбаша өтініш берілгенде осы Стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
в) портал арқылы электрондық сұраныс берілгенде осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттар келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 10 минут;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
а) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырып, Орталық құжаттарды Комитетке жіберген сәттен бастап күнтізбелік 20 күнге дейін (Орталық орналасқан жердің ара қашықтығына байланысты) көрсетіледі;
2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минут;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50%-ын құрайтын мемлекеттік баж алынады. Апостиль қойылғаны үшін мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді.
9. Мемлекеттік қызмет:
Комитетке өтініш білдірген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу Комитеттің жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кесте белгіленеді, филиалдар мен өкілдіктер үшін 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Ғимаратта құқықтық тәртіпті қорғау үшін үй-жайда тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, мұнда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
Комитетке өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелері;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе сенім білдірілген тұлғаның (жеке өзі келгенде) өкілеттігін куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электронды сұраныс сұранысты жіберген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, жоғарыда көрсетілген құжаттар сканерге түсіріліп қоса беріледі.
Апостиль мөртабанын қою үшін мұрағаттық анықтаманың түпнұсқасы не мұрағат құжаттарының көшірмелері талап етіледі.
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелері;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе сенім білдірілген тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелердің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырып, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып береді.
12. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін бланкілер, өтініштер толтыру талап етілмейді.
Тұтынушы портал арқылы өтініш білдіргенде электронды сұраныс нысанын толтырады.
Орталықта өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады.
13. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін құжаттар мына мекенжайға тіркеуге тапсырылады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29.
Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгісінде жүргізіледі.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алуының белгіленген күнін көрсете отырып, Комитеттің осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі растайды.
Тұтынушының электронды жәшігіне немесе порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып хабарлама есеп жолданады.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
1) сұраудың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні мен орны;
5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Комитет апостильденген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін тұтынушы (сенімді тұлға) жеке өзі келгенде тұтынушыға (сенімді тұлғаға) береді не пошта арқылы тұтынушыға не тұтынушыға жіберу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге жібереді.
Тұтынушыға дайын құжаттарды беру мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 215-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29.
Портал арқылы сұраныс берілген жағдайда тұтынушыға алынғаннан кейін апостиль қойылатын мұрағаттық анықтаманың түпнұсқасын және мұрағат құжаттарының көшірмесін ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Құжаттар тиісінше рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Комитет тұтынушыға не Орталыққа бас тарту себебін жазбаша негіздей отырып оларды қайтарады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет және Орталық қызметтерді тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Комитеттің Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 462-бөлме, телефон: (7172) 74-05-31 түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық басшысы түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
21. Қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда Комитет төрағасының атына шағым беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс, 231-бөлме. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz.
Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық директорының атына шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Өтінуші өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнін баяндау;
4) жеке қолы және күні.
Қажет болған жағдайда өтінуші өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.
25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.
26. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.mсі.gov.kz.
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мұрағаттарынан
шығатын және шет елге
жіберілетін мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
№ | Орталықтардың атауы | Орталықтардың мекенжайы | Телефон нөмірлері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 1.1 | Астана қаласының Алматы ауданы: Астана қаласы Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Астана қаласы, Республика даңғылы, 12/2 | 8-7172-32-80-09 |
1.2 | № 1 филиалы | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25 | 8-7172-61-85-00 |
1.3 | № 2 филиалы | Астана қаласы, Абай даңғылы, 53 | 8-7172-21-10-27 |
1.4 | № 3 филиалы | Астана қаласы, Железнодорожный ауылы, Ақтас көшесі, 20 | 8-7172-94-71-79 |
1.5 | Астана қаласының Есіл ауданы: Астана қаласының Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7 | 8-7172-50-14-71 |
1.6 | Филиал | Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 5/1 | 8-7172-50-91-95 |
1.7 | Астана қаласының Сарыарқа ауданы: Астана қаласының Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 | 8-7172-32-66-58 |
1.8 | «Тілендиев» филиалы | Астана қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 6А | 8-7172-94-99-97 |
1.9 | «Ақжайық» филиалы | Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 16/2 | 8-7172-59-28-21 |
1.10 | «Өндіріс» филиалы | Астана қаласы, Кемеңгерұлы көшесі, 6/1 | 8-7172-30-40-70 |
1.11 | «Кенесары» филиалы | Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 12 | 8-7172-29-79-03 |
1.12 | «Жеңіс» филиалы | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 34 | 8-7172-31-70-25 |
2 2.1 | Алматы қаласының Алмалы ауданы: Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 | 8-7272-48-17-77 |
2.2 | Алматы қаласының Әуезов ауданы: Алматы қаласының Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 | 8-7272-47-16-33 |
2.3 | Алматы қаласының Бостандық ауданы: Алматы қаласының Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9А | 8-7273-96-37-00 |
2.4 | Алматы қаласының Жетісу ауданы: Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 | 8-7273-78-46-70 |
2.5 | Алматы қаласының Медеу ауданы: Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 | 8-7273-78-09-09 |
2.6 | Алматы қаласының Түрксіб ауданы: Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9 | 8-7272-34-09-74 |
2.7 | Алматы қаласының Алатау ауданы: Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24 | 8-7273-95-36-10 |
3 3.1 | Ақмола облысы: Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189А | 8-7162-40-10-76 |
3.2 | Көкшетау қаласының филиалы | Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42 | 8-7162-25-06-21 |
3.3 | Красный Яр филиалы | Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 47А | 8-7162-40-43-27 |
3.4 | Ақкөл аудандық филиалы | Ақкөл кенті, Нұрмағамбетов көшесі, 102 | 8-716-38-2-218-49 |
3.5 | Аршалы аудандық филиалы | Аршалы кенті, М.Мәметова көшесі, 19 | 8-716-44-2-10-77 |
3.6 | Атбасар аудандық филиалы | Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11 | 8-716-49-2-45-94 |
3.7 | Астрахан аудандық филиалы | Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44 | 8-716-41-2-21-94 |
3.8 | Бұланды аудандық филиалы | Макинск ауылы, Сейфуллин көшесі, 186 | 8-716-46-2-37-20 |
3.9 | Бурабай аудандық филиалы | Шортанды қаласы, Абылай хан көшесі, 42 | 8-716-36-4-29-97 |
3.10 | Егіндікөл аудандық филиалы | Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7 | 8-716-42-2-15-57 |
3.11 | Ерейментау аудандық филиалы | Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 39 | 8-716-33-2-37-42 |
3.12 | Еңбекшілдер аудандық филиалы | Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2А | 8-716-39-2-22-18 |
3.13 | Есіл аудандық филиалы | Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56 | 8-716-47-2-22-05 |
3.14 | Жарқайың аудандық филиалы | Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104 | 8-716-48-9-00-35 |
3.15 | Жақсы аудандық филиалы | Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8 | 8-716-35-2-17-10 |
3.16 | Зеренді аудандық филиалы | Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 52 | 8-716-32-2-29-43 |
3.17 | Қорғалжын аудандық филиалы | Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44А | 8-716-37-2-23-71 |
3.18 | Степногорск қаласының филиалы | Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 7 үй | 8-716-45-6-52-03 |
3.19 | Сандықтау аудандық филиалы | Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119 | 8-716-40-9-26-66 |
3.20 | Целиноград аудандық филиалы | Ақмол кенті, Гагарин көшесі, 16 | 8-716-51-3-12-30 |
3.21 | Шортанды аудандық филиалы | Шортанды кенті, Безымянная тұйық көшесі, 1 | 8-716-31-2-17-97 |
4 4.1 | Ақтөбе облысы: Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 | 8-7132-55-13-55 |
4.2 | Қарғалы ауылындағы филиал | Қарғалы ауылы, Сәтпаев көшесі, 10 | 8-7132-98-60-05 |
4.3 | Алға филиалы | Алға қаласы, Р.Аимбаев көшесі, 23 | 8-71337-4-20-79 |
4.4 | Мәртөк филиалы | Мәртөк кенті, Байтұрсынов көшесі, 1Б | 8-713-31-22-4-13 |
4.5 | Ырғыз филиалы | Ырғыз ауылы, Жангелдин көшесі, 7 | 8-713-43-21-8-28; 8-713-43-21-8-92 |
4.6 | Қарғалы филиалы | Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27 | 8-713-42-23-4-64 |
4.7 | Байғанин филиалы | Қарыуылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41А | 8-713-45-23-5-86 |
4.8 | Темір филиалы | Шұбарқұдық ауылы, Байғанин көшесі, 15 | 8-713-46-23-5-83 |
4.9 | Әйтеке би филиалы | Комсомол ауылы Балдырған көшесі, 10 | 8-713-39-22-3-73 |
4.10 | Мұғалжар филиалы | Қандыағаш қаласы, Жастар шағын ауданы, 47В | 8-713-33-30-2-19 |
4.11 | Хромтау филиалы | Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12 | 8-713-36-26-6-33 |
4.12 | Ембі филиалы | Ембі қаласы, Ж.Тлепбергенов көшесі, 1 | 8-713-34-23-9-83 |
4.13 | Шалқар филиалы | Шалқар ауданы, Әйтеке би көшесі, 63 | 8-713-35-23-6-10 |
4.14 | Қобда филиалы | Қобда кенті, Нұрымжанов атындағы тұйық көше, 2 | 8-713-41-22-1-47 |
4.15 | Ойыл филиалы | Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 | 8-713-32-21-1-81 |
5 5.1 | Алматы облысы: Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б | 8-7282-21-29-83; 8-7282-24-41-33 |
5.2 | Талдықорған қаласының филиалы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б | 8-7282-40-00-10; 8-7282-24-40-43 |
5.3 | Ақсу аудандық филиалы | Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 20 | 8-7283-2-14-51 |
5.4 | Алакөл аудандық филиалы | Үшарал ауылы, 8-наурыз көшесі, 63 | 8-728-33-2-35-44; 8-72833-2-35-48 |
5.5 | Балхаш аудандық филиалы | Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 А | 8-72773-95-2-22 |
5.6 | Еңбекшіқазақ аудандық филиалы | Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А | 8-72775-4-54-70; 8-72775-4-00-86 |
5.7 | Ескелді аудандық филиалы | Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52 | 8-72836-3-22-16 |
5.8 | Жамбыл аудандық филиалы | Ұзынағаш ауылы, Мәжитов көшесі, 1 | 8-72770-2-40-40 |
5.9 | Іле филиалы | Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, н/ж | 8-7272-51-74-47 8-7272-51-74-46 |
5.10 | Қарасай филиалы | Қаскелең қаласы, Төле би көшесі, 24 | 8-7277-12-56-96; 8-7277-12-56-86 |
5.11 | Қаратал филиалы | Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22 | 8-728-3-42-02-07 |
5.12 | Қапшағай ауданының филиалы | Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41 | 8-7277-24-79-62; 8-7277-24-79-61 |
5.13 | Кербұлақ филиалы | Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж | 8-72840-3-11-40 |
5.14 | Көксу ауданының филиалы | Балпық би ауылы Измайлов көшесі, 10 | 8-72838-2-16-19 |
5.15 | Панфилов филиалы | Жаркент қаласы, Головцкий көшесі, н/ж | 8-7277-2-20-84 |
5.16 | Райымбек филиалы | Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, н/ж | 8-7277-2-20-84 |
5.17 | Сарқанд филиалы | Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, н/ж | 8-72839-2-37-52 |
5.18 | Талғар филиалы | Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 | 8-72774-2-2-2133 |
5.19 | Текелі филиалы | Текелі ауылы, Октябрьская көшесі, 7 | 8-72835-2-35-38 |
5.20 | Ұйғыр филиалы | Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35 | 8-72778-2-43-35 |
6 6.1 | Атырау облысы: Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 23 | 8-7122-21-34-67 |
6.2 | № 1 филиал | Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16 А | 8-7122-35-75-05 |
6.3 | № 2 филиал | Атырау қаласы, Байжігітов көшесі, 80 А | 8-7122-24-34-90 |
6.4 | Индер филиалы | Индер кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30 | 8-71234-2-12-96 |
6.5 | Махамбет филиалы | Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10 | 8-71236-2-24-96 |
6.6 | Қызылқоға филиалы | Миялы ауылы, Абай көшесі, 1 | 8-71238-2-20-46 |
6.7 | Жылыой филиалы | Құлсары қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8 | 8-71237-5-03-54 |
6.8 | Құрманғазы филиалы | Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесі, 66 А | 8-71233-2-05-13 |
6.9 | Мақат филиалы | Мақат кенті, Центральная көшесі, 2 | 8-71239-3-22-97 |
6.10 | Исатай филиалы | Аққыстау ауылы, Қазақстан көшесі, 9 | 8-71231-2-16-70 |
7 7.1 | Шығыс Қазақстан облысы: Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37А | 8-7232-78-42-36 |
7.2 | № 1 Өскемен филиалы | Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 20/1 | 8-7232-60-39-22 |
7.3 | № 2 Өскемен филиалы | Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1 | 8-7232-55-24-78 |
7.4 | Глубокое филиалы | Глубокое ауылы, Попович көшесі, 22 | 8-7233-12-23-35 |
7.5 | Зайсан филиалы | Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 52 А | 8-72340-2-67-81 |
7.6 | Зырян филиалы | Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 39 | 8-72335-6-02-39 |
7.7 | Қатон-Қарағай филиалы | Үлкен нарын ауылы, Абылай хан көшесі, 96 | 8-72341-2-23-60 |
7.8 | Күршім филиалы | Күршім ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 77 | 8-72339-2-19-69 |
7.9 | Риддер филиалы | Риддер қаласы, Семипалатинск көшесі, 12 | 8-72336-4-62-62 |
7.10 | Тарбағатай филиалы | Ақсуат ауылы, Абылай хан көшесі | 8-72346-2-24-96 |
7.11 | Ұлан филиалы | Молодежный кенті, 9-үй | 8-72338-27-1-68 |
7.12 | Шемонаиха филиалы | Шемонаиха қаласы, 3 шағынаудан, 12-үй | 8-7233-23-410 |
7.13 | Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Семей қаласы, 408-ші квартал, 21 үй | 8-7222-33-55-93 |
7.14 | Абай филиалы | Қарауыл ауылы, Құнанбаев көшесі, 12 | 8-72252-9-22-64; 8-72252-9-23-39 |
7.15 | Бесқарағай филиалы | Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 А | 8-72236-9-06-30 |
7.16 | Бородулихин филиалы | Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25 | 8-72351-2-20-48 |
7.17 | Жарма филиалы | Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 | 8-72347-6-54-00; 8-72347-6-55-03 |
7.18 | Курчатов филиалы | Курчатов қаласы, Абай көшесі, 12 | 8-72251-2-21-66 |
7.19 | Көкпекті филиалы | Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 38 | 8-723-48-2-11-94 |
7.20 | Семей филиалы | Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 161 А | 8-7222-52-69-29; 8-7222-52-69-83 |
7.21 | Аягөз филиалы | Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 84 | 8-72237-5-24-32 |
7.22 | Үржар филиалы | Үржар ауылы, Абылай хан көшесі, 116 | 8-72230-2-19-85; 8-72230-3-34-58 |
8 8.1 | Жамбыл облысы: Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 | 8-7262-56-90-01 |
8.2 | Тараз филиалы | Тараз қаласы, К.Қойгелді көшесі, 158 А | 8-7262-43-84-15 |
8.3 | № 1 филиал | Тараз қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 Б | 8-7262-526864 |
8.4 | № 2 филиалы | Тараз қаласы, Талас шағын ауданы, 2-үй | 8-7262-26-17-78 |
8.5 | № 3 филиал | Тараз қаласы, Абай көшесі, 232 | 8-7262-56-90-04 |
8.6 | Байзақ аудандық филиалы | Сарыкемер ауылы, Медеуов көшесі, 33 | 8-72634-61077 |
8.7 | Жамбыл аудандық филиалы | Асы ауылы, Абай көшесі, 127 | 8-72635-20078 |
8.8 | Жуалы аудандық филиалы | Б.Момышұлы ауылы, Сауранбекұлы көшесі, 49 | 8-726-42-24-793 |
8.9 | Қордай аудандық филиалы | Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215 | 8-726-33-2-11-99 |