Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын
және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен
мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету - қол қойған адамның қолының түпнұсқалылығын және оның уәкілеттілігін, сондай-ақ осы құжатты куәландыратын мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растау (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Респубикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет), интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ баламалы негізде тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
Комитетке өтініш білдірген кезде:
1) жеке өзі келгенде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсынылған кезде құжаттар тапсырған күні;
2) почта арқылы жазбаша өтініш берілгенде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек бар болса, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - Орталық құжаттарды Комитетке жіберген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 %-ын құрайтын мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банктері арқылы төленеді, оған төлем мөлшері мен күнін растайтын түбіртек беріледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, тізбелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардағы стенділерде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет:
Комитетке өтініш білдірген кезде:
сенбі мен жексенбіні қоспағанда, күн сайын. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кесте белгіленеді, филиалдар мен өкілдіктер үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Қызмет мына мекенжайда көрсетіледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 221-кабинет. Үй-жайдың жұмыс істеу режимі: сенбі мен жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін үй-жайда тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, мұнда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
Комитетке өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелері;
2) тұтынушының жеке басын немесе сенім білдірілген тұлғаның (жеке өзі келгенде) өкілеттілігін куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік баж төлем туралы түбіртек.
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) қызмет көрсету туралы өтініш;
2) мемлекеттік мұрағаттың ілеспе хатымен бірге мемлекеттік мұрағат мекемесі берген, апостиль қойылатын мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелері;
3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат немесе сенім білдірілген тұлғаның (жеке өзі келгенде) өкілеттілігін куәландыратын құжат;
4) мемлекеттік баж төлем туралы түбіртек.
Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелердің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырып, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып береді.
13. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін бланкілер, өтініштер толтыру талап етілмейді.
Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, не Орталықтың консультанттарында болады.
14. Мемлекеттік қызметті Комитет арқылы алу үшін құжаттар мына мекенжайға тіркеуге беріледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 221-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
Орталық инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына беруді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттары арқылы Комитетке жіберуді жүзеге асырады.
Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді мемлекеттік мұрағатқа жеткізуді өтініш деректері қабылданған күні арнайы байланыс арқылы кем дегенде екі мәрте жүзеге асырады.
Мемлекеттік мұрағаттар Орталықтан құжаттарды алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, түскен құжаттарды есепке алу кітабына (журналына) тіркейді.
Мемлекеттік мұрағат құжаттарды тексергеннен кейін, құжаттар пакетін бір күн ішінде Комитетке жібереді.
Комитет мемлекеттік мұрағаттан құжаттардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, түскен құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркейді.
Құжаттарды дайындау және Орталыққа жіберу олар Комитетке түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алғанын Комитеттің осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі растайды.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
1) сұраудың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
16. Комитет қызметкері апостильденген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін тұтынушы (сенімді тұлға) жеке өзі келгенде тұтынушыға (сенімді тұлғаға) береді не пошта арқылы тұтынушыға жібереді.
Тұтынушыға дайын құжаттарды беру мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 221-кабинет, телефон: (7172) 74-05-29.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
17. Тұтынушының осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Тұтынушыдан немесе Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеудегі қателіктер анықталған кезде не осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған кезде Комитет құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды тұтынушыға немесе Орталыққа қайтарады.
Егер тұтынушы құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда, Орталық оларды 1 ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталықтың мұрағатына тапсырады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Комитеттің және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау көзінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, жеткілікті әрі толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігінің мақсатты көрсеткіштерін жыл сайын Комитеттің жауапты қызметкерлері қатарынан арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Комитеттің уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Комитеттің мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша түсіндіреді: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 221-кабинет, телефон: (7172) 74-05-31.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда Комитет төрағасының атына шағым беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде поштамен, не қолдан Комитет кеңсесі арқылы, 224-кабинетте жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ке дейін сенбі мен жексенбі күндерін қоспағанда, күн сайын қабылданады.
Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған сатыда қарауды талап етсе, тұтынушы шағымды жазбаша, сондай-ақ электронды түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының атына мына мекенжайға жібере алады: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 309-кабинет, телефон: (7172) 74-01-63.
Орталық арқылы мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қатысты шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталық мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісі тәртібімен шешіледі.
23. Қабылданған шағым Комитеттің немесе Орталықтың кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады.
Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.
Шағымды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы, не электронды поштамен хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Комитет пен Орталықтар басшыларының жұмыс істеу және қабылдау кестелері Комитет пен Орталықтардың осы стандарттың 10-тармағында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес анықталады.
Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 225-кабинет. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51.
Орталықтардың байланыс телефондары, мекенжайлары, осы стандарттың 1-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналастырылған стенділерде көрсетілген.
25. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.mki.gov.kz.
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мұрағаттарынан
шығатын және шет елге
жіберілетін мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне
апостильдеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
Р/с № | Орталықтардың атауы | Орталықтар орналасқан мекенжай | Телефон нөмірлері |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» - үй | 40-10-76 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6-үй | 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 51-03-46 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-ші квартал, 21-үй | 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-18 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысьшың ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, нөмірсіз үй | 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б» үй | 31-85-16 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-55 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй | 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 263-82-51 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, 70 «а» көше | 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй | 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, 81-ші көше, 85-үй | 37-74-34 |
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мұрағаттарынан
шығатын және шет елге
жіберілетін мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне
апостильдеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) | | | |
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |