ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының, «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету:
а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 жұмыс күні;
б) мемлекеттік қызметті алуға үшін (тіркелу сәтінен бастап) жүгінген сәттен бастап - 10 жұмыс күні.
2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
3) уәкілетті органда кеме куәлігін алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
4) ХҚКО-ға жүгінген кезде:
құжаттарды ресімдеу мерзімі уәкілетті органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
кеме куәлігін алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады.
Өзен кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ақы төлеу тәсілі: қолма-қол ақшасыз нысанда.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) уәкілетті органға жүгінген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
2) ХҚКО-ға жүгінген кезде:
жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күні. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген нысандағы кеме тізілімінің сауалнамасын қамтитын кемені мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсынады:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттар;
2) «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі беретін кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлік;
3) «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі беретін өлшеу куәлігі («өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін);
4) уәкілетті орган беретін сыныптау куәлігі;
5) «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесі беретін жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін);
6) өзен кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжат;
7) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын уақытша көтеріп жүзу құқығын беру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуниация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті» мемлекеттік мекемесінің шешімі;
8) жалға беру шарты;
9) туын ауыстырғанға дейін кеме тікелей тіркелген шетелдік мемлекеттің құзыретті билік орындары берген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатыла тұрғандығын растайтын құжат;
10) кеме иесінің және кеменің тіркелген ипотекасын немесе сондай сипаттағы тіркелген ауыртпалығын кепілге ұстаушының кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты;
11) кемені қазақстандық жалға алушының аты мен мекенжайын растайтын құжат.
Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалуы тиіс;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері да қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;
мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, олардың мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиіс емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
осы тармақтың 1) - 5), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
12. Белгіленген үлгідегі өтініштің және кеме тізілімі сауалнамасының нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ол ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне немесе ХҚКО-ға тапсырылады.
14. Уәкілетті орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері тұтынушыға өзен кемесі жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелгеннен кейін береді.
ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады.
16. Егер:
1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес тұлға жүгінсе;
2) Ережеде көзделген талаптар сақталмаса;
3) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар тиісті ресімделмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебін жазбаша негізден тұтынушыға қайтарады.
Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздеме береді.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері түсіндіреді.
ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандартын 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлері түсіндіреді.
21. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08 мекенжайы бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30).
ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергілікті атқарушы органға беріледі.
22. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ ХҚКО арқылы балама негізінде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.
Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес түскі үзіліспен 5 күндік жұмыс аптасын құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз аптасына 6 күн.
Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым ерікті нысанда жазылады.
25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің сенім телефоны: 24-29-09.
«Жалға алынған шетел
кемелерінің тізілімінде өзен
кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
Р/с № | Бөлімше атауы | Толық заңды мекенжайы | Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95 | 8-(7132) 54-29-03 ktk_@actb mtc.gov.kz |
2. | «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100 | 8-(7112) 53-86-43 ktk_zko@mtc.gov.kz |
3. | «Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107 | 8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz |
4. | «Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 | 8-(7232) 25-22-06 ktk_vko@mtc.gov.kz |
5. | «Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131 | 8-(7282) 24-55-01 ktlc_alm@mtc.gov.kz |
6. | «Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11 | 8-(7272) 76-93-71 ktlc_galm@mtc.gov.kz |
7. | «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Атырау қаласы, Абай көшесі, «10A» | 8-(7122) 32-73-65 ktk_art@mtc.gov.kz |
8. | «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Ақтау қаласы, 1 ш/а, 1 | 8-(7292) 60-55-50 ktk_mang@mtc.gov.kz |
9. | «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4 | 8-(7252) 56-44-88 ktk_uko@mtc.gov.kz |
10. | «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы | Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 1 | 8-(7262) 34-21-41 ktk_yamb@mtc.gov.kz |
11. | «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы | Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24А | 8-(7162) 25-69-93 ktk_kost@mtc.gov.kz |
12. | «Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87 | 8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz |
13. | «Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы | Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105 A | 8-(7142) 56-85-25 ktk_kost@mtc.gov.kz |
14. | «Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы | Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122 | 8-(7152) 46-44-07 ktk_sko@mtc.gov.kz |
15. | «Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5 | 8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz |
16. | «Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28 | 8-(7172) 46-44-07 ktk_ast@mtc.gov.kz |
«Жалға алынған шетел
кемелерінің тізілімінде өзен
кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2. | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-24-53 | 55-15-55 қабылдау бөлмесі |
3. | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4. | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5. | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6. | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7. | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8. | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9. | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | 41-63-10 42-09-10 қабылдау бөлмесі |
10. | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11. | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-07-51 | 23-07-16 қабылдау бөлмесі |
12. | Маңғыстау облыстық ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13. | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14. | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15. | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16. | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17. | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18. | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19. | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9 «а» үй | 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20. | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21. | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22. | Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рехорд Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23. | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | 61-84-03 | 61-84-04 қабылдау бөлмесі |
24. | Астана қаласы Алматы ауданыньщ № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Сұбханбердин көшесі, 2-үй | 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25. | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26. | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27. | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Жалға алынған шетел
кемелерінің тізілімінде өзен
кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының жұмыс
регламенті
Р/с № | Бөлімшенің атауы | Аумақтық органның жұмыс регламенті |
1 | 2 | 3 |
1 | «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы Сағат 8.00-18.00, түскі үзіліс 12.00-14.00 |
2 | «Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Орал қаласы Сағат 8.30-18.00 түскі үзіліс 12.30-14.00 |
3 | «Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы Сағат 9.00-18.00 түскі үзіліс 12.00-14.00 |
4 | «Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Өскемен қаласы Сағат 9.00-18.00 түскі үзіліс 12.00-14.00 |
5 | «Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Талдықорған қаласы Сағат 8.30-18.00 түскі үзіліс 12.30-14.00 |
6 | «Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Алматы қаласы Сағат 9.00-18.00 түскі үзіліс 12.30-14.00 |
7 | «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Атырау қаласы Сағат 8.00-18.00, түскі үзіліс 12.00-14.00 |
8 | «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы | Ақтау қаласы Сағат 8.00-18.00, түскі үзіліс 12.00-14.00 |
9 | «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі | Шымкент қаласы Сағат 9.00-19.00 түскі үзіліс 13.00-15.00 |
10 | «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы | Тараз қаласы Сағат 9.00-19.00 түскі үзіліс 13.00-15.00 |
11 | «Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы | Қызылорда қаласы Сағат 9.00-19.00 түскі үзіліс 13.00-15.00 |