2-ші ХҚЕСТК Түсіндермесі (ХалықаралықҚаржылықЕсептілікСтандарттарыБойыншаТүсіндірмеКомитеті) (IFRIC 2)
КооперативтікҰйымдардағыҚатысушылардыңҮлесіжәнеОсығанҰқсасРастау
• 9-шы Қаржы ҚұралдарыХҚЕС(IFRS)
• 13-ші Әділ Құнды Бағалау ХҚЕС (IFRS)
• 32-шы Қаржы Құралдары: Ақпаратты Ашып Көрсету және ҰсынуХҚЕС (IAS) (2003 жылғы редакция)[1]
1. Кооперативтік ұйымдар және басқа осыған ұқсас ұйымдар тұлғалардың топтарымен ортақ экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылады. Ұлттық заңдар әдетте кооперативке өз мүшелерінің экономикалық дамуын бірлескен ұйымдар жұмыстары арқылы (өз-өзіне көмектесу қағидасы) алға бастыруға тырысатын қауым деп анықтама береді. Мүшелерінің кооперативке акциялары көбіне мүшелер үлесі, бірліктері немесе тағы басқа ұқсас атаулармен сипатталады, және осы Түсіндірмеде «қатысушылардың үлесі» деп аталады.
2. 32 ХҚЕС (IAS) қаржылық құралдарды қаржылық міндеттемелер немесе меншікті капитал ретінде жіктеу қағидаттарын бекітеді. Атап айтқанда, сол қағидаттар иесіне сол құралдарды эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық құрал орнына ұсынуға мүмкіндік беретін мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар құралдарды жіктеуге қолданылады. Осы қағидаттарды кооперативтік ұйымдағы қатысушылардың үлесі және осыған ұқсас құралдарға қолдану қиындық туғызады. Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары бойынша кеңестің кейбір сайлаушылары 32ХҚЕС-тағы (IAS) қағидаттарды белгілі бір сипаттамалары бар қатысушылардың үлесі және осыған ұқсас құралдарға қалай қолданылатынын және сол сипаттамалар құралдардың міндеттемелер немесе меншікті капитал ретінде жіктелуіне әсер есетін жағдайларды түсінуге көмек сұраған.
3. Осы Түсіндірме мүшелердің меншік үлесінің дәлелі болатын кооперативтік ұйымдардың мүшелеріне шығарылған қаржылық құралдармен қоса, 32 ХҚЕС-тың (IAS) шегіндегі қаржылық құралдарға қолданылады. Осы Түсіндірме ұйымның меншікті үлестік құралдарымен есеп айырысатын немесе есеп айырысуы мүмкін қаржылық құралдарға қолданылмайды.
4. Мүшелік үлестермен қоса, көптеген қаржылық құралдар, дауыс беру құқықтары және дивидендтерді үлестіруге қатысу құқықтарымен қоса, үлестің сипаттамаларына ие болады. Кейбір қаржылық құралдар иелеріне ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына өтеу мүмкіндігін сұрауға құқық береді, бірақ қаржылық құралдар өтелуі бойынша шектеулерге ие немесе шектеулерге бағынуы мүмкін. Сол өтеу шарттары қаржылық құралдарды қаржылық міндеттемелер ретінде немесе үлес ретінде жіктеуді анықтау кезінде қалай бағалануы керек?
5. Қаржылық құрал иесінің өтеуге өтініш жасауға келісімшарттық құқығы (кооперативтік ұйымдағы қатысушылардың үлесімен қоса), өз алдына, қаржылық құралдың қаржылық міндеттеме ретінде жіктелуін талап етпейді. Оның орнына, ұйым оның қаржылық міндеттемелер немесе меншікті капитал ретінде жіктелуін анықтауда қаржылық құралдың барлық шарттар мен талаптарын ескеруі тиіс. Сол шарттар мен талаптарға жіктеу күнінде заңды күші бар тиісті жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысы жатады, бірақ оларға сол заңдарға, ережелерге немесе жарғыға енгізілуі мүмкін болашақ түзетулер жатпайды.
6. Егер мүшелердің өтеуді сұрауға құқығы болмаса, меншікті капитал ретінде жіктелетін мүшелер үлесі, егер 7 және 8 тармақтарда сипатталған шарттардың екеуі де болса немесе мүшелер үлесінің 32 ХҚЕС-тың (IAS) 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болса және барлық талаптарға сай болса, меншікті капитал болады. Талап еткенге дейінгі депозит, ағымдағы шотты, депозиттік шотты және мүшелер тұтынушы ретінде әрекет еткенде туындайтын ұқсас келісімшарттармен қоса, ұйымның қаржылық міндеттемелері болады.
7. Егер ұйым қатысушылары үлестерді өтеу туралы өтінішті қабыл алмауға сөзсіз құқығы болса, онда қатысушылардың үлесі меншікті капитал болып табылады.
8. Жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысына қатысушылар үлестерін өтеуге түрлі тыйымдар салынуы мүмкін, мысалы, сөзсіз тыйымдар немесе ликвидтік нормативтеріне негізделген тыйымдар. Егер жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысы өтеуге шүбәсіз тыйым салынса, қатысушылардың үлесі акционерлік үлесі болып табылады. Алайда, тек өтемпаздық шектеу сияқты - шарттар орындалғанда ғана (немесе орындалмағанда) өтеуге тыйым салатын жергілікті заңдар, құқықтық ережелер және ұйымның басқару жарғысындағы ережелер қатысушылар үлестерінің меншікті капитал ретінде жіктелуіне әкелмейді.
9. Сөзсіз тыйым абсолютті болуы мүмкін, яғни, барлық өтеулерге тыйым салынады. Сөзсіз тыйым жартылай болуы мүмкін, онда ол егер өтеу мүшелер үлес санының немесе мүшелер төленген меншікті капитал мөлшерінің нақты көрсетілген деңгейден төмен түсуіне алып келетін болса, мүшелер өтеуге тыйым салады. Өтеуге қарсы тыйым салынғаннан көп мүшелер үлесі егер ұйымның өтеуден бас тартуға 7-тармақта сипатталғандай шүбәсіз құқығы болмаса немесе мүшелер үлесінің 32 ХҚЕС-тың (IAS) 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болмаса және барлық талаптарға сай болмаса міндеттемелер болады. Кейбір жағдайларда өтеуге тыйым салынатын үлес саны немесе төленген ұйымдағы меншік мөлшері өзгеруі мүмкін. Өтеуге тыйымның осындай өзгерісі қаржылық міндеттеме мен үлес арасында ауысуларға әкеледі.
10. Бастапқы тану кезінде, ұйым өзінің қаржылық міндеттемесін әділ құны арқылы өтеу бойынша бағалауы тиіс. Қатысушылар үлестерінің өтелу сипаттамалары болғанда, ұйым қаржылық міндеттемесінің өтелуі бойынша әділ құнын басқару жарғысының немесе қолданыстағы заңның өтеу шарттары бойынша төленетін соманың төленуін талап етілетін, бірінші күннен бастап дисконтталған максималды мөлшерінен кем емес шамада бағалайды (3-мысалды қараңыз).
11. 32 ХҚЕС-тың (IAS) 35-тармағында талап етілгендей, үлестік құралдарды иелерге үлестіру тікелей барлық табыстық салық пайдалары шегерілген үлес арқылы танылады. Қаржылық міндеттемелер ретінде жіктелген қаржылық құралмен байланысты пайыз, дивидендтер және басқа түсімдер, сол төленген сомалар заңды түрде дивидендтер, пайыз немесе басқаша сипатталған-сипатталмағанына қарамастан, шығындар болып табылады.
12. Осы Түсіндірменің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада осы консенсусты қолдану мысалдары берілген.
13. Өтеуге салынатын тыйымға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қаржылық міндеттеме мен меншікті капитал арасында қайта бөлуге әкелгенде, ұйым осы өткен сома, өту мерзімі және себебі туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
14. Осы түсіндірменің күшіне ену күні және өтпелі кезең талаптары 32 ХҚЕС-тағымен (IAS) (2003 жылғы редакция) бірдей. Ұйым осы Түсіндірмені 2005 жылдың 1 қаңтарында немесе бұдан кейінгі күннен басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Егер ұйым осы түсіндірмені 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Осы Түсіндірме ретроспективті түрде қолданылуы тиіс.
14A Осы 6, 9, А1 және А12 тармақтарындағы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер ұйым 2008 жылдың ақпанында шығарылған Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдары және міндеттемелер (32 ХҚЕС-қа (IAS) және 1 ХҚЕС-қа (IAS) түзетулер) құжатын ертерек мерзім ішінде қолданса, 6, 9, А1 және А12 тармақтарындағы түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.
15. [Жойылған]
16. 2011 жылы мамыр айында жарияланған 13 ХҚЕС (IFRS) A8 -тармақтарына түзету енгізді. Ұйым 13 ХҚЕС-ын (IFRS) қолданғанда осы түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.
17. 2012 жылғы мамыр айында жарияланған 2009-2011 Кезеңдерге Жетілдірулер 11 тармаққа түзетулер енгізді. Ұйым осы түзетулерді ретроспективті түрде 8 ХҚЕС (IAS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер мен қателерді 2013 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс.Егер ұйым осы түзетулерді 32 ХҚЕС-на (IAS)2009-2011 Кезеңдерге Жетілдірудің(2012 жылғы мамыр айында жарияланған) бір бөлігі ретінде қолданса, 11 тармақтағы түзетулер сол ерте кезеңдер үшін қолданылуы тиіс.
18. 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) A8 және A10 тармақтарына түзету енгізіп, 15 тармағын жойды. Ұйым 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде, осы түзетулерді қолдануы тиіс.
Қосымша
Осы консенсусты қолданудың мысалдары
Осы қосымша Түсіндірменің ажырамас бөлігі болып табылады.
A1 Осы қосымша ХҚЕСТК-ті (IFRIC) консенсусты қолданудың жеті мысалын баяндайды. Бұл мысалдар тізімі толық емес; басқа факт үлгілері болуы мүмкін. Әрбір мысал мысалдың факілерінде баяндалғаннан басқа қаржылық құралды қаржылық міндеттеме ретінде жіктеуді талап ететін шарттар жоқ және қаржылық құралдың 32 ХҚЕС-тың (IAS) 16А және 16В-тармақтарына немесе 16С және 16D-тармақтарына сәйкес барлық белгілері болмайтындығын және барлық талаптарға сай емес екендігін ескереді.
Өтеу өтінішін қабыл алмауға сөзсіз құқық (7-тармақ)
1-ші мысал
Деректер
A2 Ұйымның жарғысы өтеу тек ұйымның қолдауымен жасалатындығын мәлімдейді. Жарғыда қолдау жөнінде басқа дәлірек мәлімет немесе шектеу берілмеген. Ұйымның жұмысы барысындағы тарихында, басқарушылар қатысушыларының акциялар үлестерін өтеу жөніндегі өтінішті қабыл алмауға құқығы болса да, өтеуге тыйым салмаған.
Сыныптау
A3 Ұйым өтеу жөніндегі өтінішті қабыл алмауға шүбәсіз құқығы бар және қатысушылардың үлесі меншікті капитал болып табылады. 32 ХҚЕС (IAS) қаржылық құралдың мерзімдері негізделген жіктеу үшін қағидаттар бекітеді және еркін төлемдер бұрын жасалғандығы немесе жасау ниеті міндеттеменің жіктелуіне түрткі болмайтынын ескертеді. 32 ХҚЕС-ының (IAS) АG26-тармағында баяндалған:
Артықшылықты акциялар төленбейтін болып табылғанда, тиісті жіктеу оған бекітілген басқа құқықтармен анықталады. Жіктеу негізін келісімшарт мәмілелерінің мәнін бағалау және қаржы міндеттемесінің және үлестік құралдың анықтамалары құрайды. Жиынтықты немесе жиынтықты емес артықшылықты акциялардың иелеріне табыстарды төлеу эмитенттің қарауына қарай жүзеге асырылған кезде акциялар үлестік құралдар болып табылады. Осылайша, үлестік құралдар немесе қаржы міндеттемесі ретінде артықшылықты акцияларды жіктеу мынадай факторларға тәуелді емес, мысалы:
(a) табыстардытөлеудіңбұрынғытәжірибесі;
(b) болашақтатабыстардытөлеуниеті;
(c) табыстың төлемдері болмағанда эмитенттің әдеттегі акцияларының бағасына мүмкін болатын теріс әсері (егер артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленбесе, әдеттегі акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қойған шектеулерден);
(d) эмитентрезервтерініңсомасы;
(e) кезеңі шіндегі эмитенттің пайданы немесе залалды күтуі; немесе
(f) кезең ішіндегі пайданың немесе залал шамасына эмитенттің әсер ету қабілеттілігі немесе қабілетсіздігі.
2-ші мысал
Деректер
A4 Ұйымның жарғысы өтеу тек ұйымның қолдауымен жасалатындығын мәлімдейді. Алайда, жарғыда әрі қарай, ұйым ликвидтік немесе резервтік қорға қатысты жергілікті заңдарды бұзбай төлемдер жасауға қабілетсіз болмаса, өтеу өтінішін қолдау бірден жасалатындығы айтылған.
Сыныптау
A5 Ұйым өтеу жөніндегі өтінішті қабыл алмауға сөзсіз құқығы жоқ және қатысушылардың үлесі қаржылық міндеттеме болып табылады. Жоғарыда сипатталған шектеулер ұйымның өз міндеттемесін өтеу қабілетіне негізделген. Олар, тек егер ликвидтік немесе резервтік қорға қатысты талаптар орындалмайтын болса ғана және тек олар орындалғанша ғана, жергілікті заңдарды бұзбай төлемдер жасауға қабілетсіз болмаса өтеулерді шектейді. Осылайша, олар, 32 ХҚЕС-ында (IAS) бекітілген қағидаттар бойынша, қаржылық құралды акционерлік үлес ретінде жіктеуге әкелмейді. 32 ХҚЕС-ының (IAS) AG25-тармағында баяндалған:
Артықшылықты акциялар әртүрлі құқықтармен шығарылуы мүмкін. Тартылған акцияларды міндеттеме немесе үлестік құрал ретінде жіктеген кезде ұйым қаржы міндеттемесінің негізгі қасиеттеріне қаншалықты жауап беретіндігін анықтау үшін акциялармен расталатын нақты құқықтарды бағалайды. Мысалы, белгілі бір күні, немесе иеленушінің қарауы бойынша өтеуді қамтамасыз ететін тартылған акция, егер эмитенттің қаржы активтерін акцияларды иеленушіге жіберу міндеттемесі болса, қаржы міндеттемесінің анықтама талаптарына жауап береді. Қаражаттың жетіспеу салдарынан, не әкімшілік тарапынан болган шектеулерден шарт бойынша талап етілген кезде эмитент міндеттемені орындауга және тартылган акцияны өтеуге қабілетті болмай қалу ықтималдылыгы осы міндеттемені тоқтатпайды. [Курсивтенген мазмұн қосылған].
Өтеуге тыйым салу ( 8-ші және 9-шы тармақтар)
3-ші мысал
Деректер
A6 Кооперативтік ұйым өз мүшелеріне әртүрлі күндерде және әртүрлі сомаларға төмендегідей акциялар шығарған:
(a) 20Х1 жылдың 1 қаңтарына әрқайсысы 10 а.б. (ақша бірлігі) болатын 100,000 акция (1,000,000 а.б.);
(b) 20Х2 жылдың 1 қаңтарына әрқайсысы 20 а. б. болатын 100,000 акция (тағы 2,000,000 а.б., шығарылған акциялардың барлығы 3,000,000 а.б.-ін құрайды);
Үлестер өтініш бойынша олардың шығарылған құнымен өтеледі.
A7 Ұйымның жарғысы жиынтықты өтеу оның мүшелерінің айналымдағы үлестердің ең көп санының 20 пайызынан артық болмауы тиіс екендігін мәлімдейді. 20Х2 жылдың 31 желтоқсанында ұйымның 200,000 айналымдағы үлестері болды, бұл -оның мүшелерінің айналымдағы үлестерінің ең көп саны және өткен уақытта ешқандай үлес өтелмеген. 20Х3 жылдың 1 қаңтарында ұйым өзінің басқару жарғысына түзетулер енгізген және жиынтықты өтеудің рұқсат етілетін деңгейін оның мүшелерінің айналымдағы үлестерінің ең көп санының 25 пайызына көбейткен.
Сыныптау
Басқару жарғысына түзетулер енгізілгенге дейін
A8 Қатысушылар үлестерінің өтеуге тыйым салынған мөлшерінен артық мөлшері қаржылық міндеттеме болып табылады. Кооперативтік ұйым осы қаржылық міндеттемені бастапқы тану кезінде әділ құны бойынша бағалайды. Себебі бұл үлестер өтініш бойынша өтелетін болғандықтан, кооперативтік ұйым осындай қаржылық міндеттеменің әділ құнын 13 ХҚЕС-тың (IFRS) 47-тармағында талап етілгендей анықтайды, онда баяндалған: «Талап ету құқығы бар қаржы міндеттемелерінің (мысалы, талап ету бойынша депозиттің) әділ құны талап ету бойынша төленетін сомадан аз болмауы тиіс...» Осыған сәйкес, кооперативтік ұйым өтеу талаптары бойынша өтініш бойынша төленетін максималды мөлшерді қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді.
A9 20Х1 жылдың 1 қаңтарында өтеу талаптары бойынша төленетін максималды сома әрқайсысы 10 А. Б. болатын 20,000 А.Б. акцияға тең болды және осыған сәйкес, ұйым 200,000 А.Б.-ін қаржылық міндеттемелер ретінде және 800,000 А.Б.-ін меншікті капитал ретінде жіктейді. Дегенмен, 20Х2 жылдың 1 қаңтарында, әрқайсысы 20 А. Б. үлестердің жаңа шығарылымы болғандықтан, өтеу талаптары бойынша төленетін максималды мөлшер әрқайсысы 20 А.Б. болатын 40,000 акцияға көбееді. Әрқайсысы 20 А.Б. болатын қосымша үлестердің шығарылуы бастапқы тану кезінде әділ құны бойынша бағаланатын жаңа міндеттеме туындатады. Осы үлестер шығарылғаннан кейін міндеттеме шығарылымдағы әрқайсысы 20 А. Б. болатын бағаланған үлестердің жалпы санының (200,000) 20 пайызына, немесе 800,000 А.Б. -не тең. Бұл 600,000 А.Б. болатын қосымша міндеттемені тануды талап етеді. Осы мысалда ешқандай кіріс немесе шығыс танылмайды. Осыған сәйкес, ұйым енді 800,000 А.Б. -ін қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді және 2,200,000 А.Б.-ін меншікті капитал ретінде жіктейді. Осы мысал осы сомалардың 20Х1 жылдың 1 қаңтары мен 2002 жылдың 31 желтоқсаны арасында өзгермегендігін болжамдайды.
Басқару жарғысына түзетулер енгізілгеннен кейін
A10 Басқару жарғысы өзгертілгеннен кейін, енді кооперативтік ұйымның өзінің айналымдағы үлестердің максималды 25 пайызын өтеуі немесе әрқайсысы 20 А.Б. болатын максималды 50,000 үлесті өтеуі талап етіледі. Осыған сәйкес, 20Х3 жылдың 1 қаңтарында кооперативтік ұйым 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 5.4.3-тармағына сәйкес анықталатын 1,000,000 А.Б. болатын өтеу талаптары бойынша өтініш бойынша төленетін максималды мөлшерді қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді. Сонымен, ұйым 20Х3 жылдың 1 қаңтарында 200,000 А.Б. сомасын акционерлік үлестен қаржылық міндеттемелерге ауыстырады, 2,000,000 А.Б. меншікті капитал ретінде қалады. Осы мысалда ұйым осы ауыстыру бойынша кіріс немесе шығыстарды танымайды.
4-ші мысал
Деректер
A11 Егер қатысушылардың үлесінен алынатын төленген меншікті капитал мөлшерінің төленген меншікті капиталдың мөлшерінің ең көп мөлшерінің 75 пайызынан төмен азайып кетуіне әкелетін болса қатысушылар үлестерін өтегенде, кооперативтердің қызмет етуін реттейтін жергілікті заңдар, немесе ұйымның басқару жарғысының шарттары қатысушылар үлестерін өтеуге тыйым салады. Нақты кооператив үшін ең көп мөлшері 1,000,000 А.Б. болып табылады. Есепті кезеңнің соңында төленген меншікті капиталдың қалдығы 900,000 А.Б. болады.
Сыныптау
A12 Бұл жағдайда, А.Б. 750,000 үлес ретінде жіктеледі және 150,000 А.Б. қаржылық міндеттемелер ретінде жіктеледі. Аталған тармақтарға қоса, 32 ХҚЕС-тың (IAS) 18(b) тармағының бір бөлігінде төмендегілер баяндалады:
иесіне эмитентке ақша қаражаты немесе басқа қаржылық актив орнына қайтаруға құқық беретін қаржылық құрал («мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал») 16А және 16В-тармақтарына немесе 16С және 16D-тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеме болып табылады. Қаржылық құрал, тіпті ақша немесе басқа қаржылық активтерінің мөлшері көбею немесе азаю мүмкіндігі бар индекс немесе басқа бірлік негізінде анықталғанда да, қаржылық міндеттеме болып табылады. Құралдың иесінің оны эмитентке ақша қаражаты немесе өзге де актив орнына қайтару мүмкіндігінің болуы мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал, 16А-және 16В-тармақтарына немесе 16С-және 16D-тармақтарына сәйкес үлестік құралдар ретінде жіктелген құралдардан басқасы қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай келетіндігін білдіреді.
A13 Осы мысалда сипатталған қатысушылар үлестерін өтеуге салынған тыйым 32 ХҚЕС-тың (IAS) 19 және AG25-тармақтарында сипатталған шектеулерден ерекшеленеді. Бұл шектеулер ұйымның қаржылық міндеттеме бойынша төлеуге тиісті соманы төлеу қабілетінің шектелгендігі болып табылады, яғни олар міндеттемені төлеуге тек аталған шарттар орындалса ғана кедергі жасайды. Керісінше, осы мысал аталған сомадан тыс өтеуге, ұйымның қатысушылар үлестерін (мысалы, оның ақша ресурстары, табысы немесе үлестірмелі резервтері болса) өтеу қабілетіне қарамастан салынатын шүбәсіз тыйымды сипаттайды. Іс жүзінде, қатысушылар үлестерін өтеуге салынған тыйым ұйымға төленген акционерлік капиталдың белгіленгеннен артық мөлшерін өтеуге қаржылық міндеттемені қабылдауға кедергі жасайды. Сондықтан, өтеуге тыйым салынған акциялардың бөлігі қаржылық міндеттеме болып табылмайды. Әрбір мүшенің акциялары жеке өтелетін болғанмен, айналымдағы акциялардың жалпы санының бір бөлігі, ұйымның жабылуынан басқа, барлық жағдайларда өтелмейді.
5-ші мысал
Деректер
A14 Осы мысалдың деректері 4-мысалда баяндалғанмен бірдей. Сонымен бірге, есепті кезеңнің соңында, жергілікті билік органдары қойған ликвидтік талаптары ұйымға қатысушылар үлестерін өтеуге, ақша резервтері және қысқа мерзімді инвестициялары белгіленген сомадан көбірек болмаса, кедергі жасайды. Осы ликвидтік талаптардың есепті кезеңнің соңындағы әсері-ұйым қатысушылар үлестерін өтеу үшін 50,000 А.Б.-нен артық төлей алмайды.
Сыныптау
A15 4-мысалдағыдай, ұйым 750,000 А.Б.-ін акционерлік үлес ретінде және 150,000 А.Б.-ін қаржылық міндеттемелер ретінде жіктейді Себебі, міндеттеме ретінде жіктелген сома ұйымның өтеу өтінішін қабыл алмауға сөзсіз құқығына негізделген және өтеуге, тек ликвидтік немесе басқа шарттар орындалмағанда ғана және олар орындалғанша ғана кедергі жасайтын шартты шектеулерге негізделмеген. 32 ХҚЕС-тың (IAS) 19 және AG25-тармақтарындағы ережелер осы жағдайда қолданылады.
6-шы мысал
Деректер
A16 Ұйымның жарғысы, алдыңғы үш жыл бойы қосымша қатысушылар үлестерін жаңа немесе бар мүшелер үшін шығарудан қабылданған түсім шамасындағыдан басқа, қатысушылар үлестерін өтеуге тыйым салады. Қатысушылар үлестерін шығарудан түскен түсім мүшелер өтелуін өтінген акцияларды өтеуге қолданылуы тиіс. Алдыңғы үш жыл бойы қатысушылар үлестерін шығарудан түсетін түсім 12,000 А.Б.-ті құраған және ешқандай қатысушылардың үлесі өтелмеген.
Сыныптау
A17 Ұйым қатысушылар үлестерінің 12,000 А.Б.-ін қаржылық міндеттеме ретінде жіктейді. 4-мысалда сипатталған қорытынды бойынша, өтеуге шүбәсіз тыйым салынатын қатысушылардың үлесі қаржылық міндеттеме болмайды. Осындай өтеуге шүбәсіз тыйым алдыңғы үш жылға дейін шығарылған акциялардың түсіміне тең сомаға қолданылады және осыған сәйкес, осы сома меншікті капитал ретінде жіктеледі. Дегенмен, алдыңғы үш жылда шығарылған үлестерден түсетін түсімге тең болатын сома өтеуге шүбәсіз тыйымға бағындырылмайды. Осылайша, қатысушылар үлестерінің алдыңғы үш жылдағы шығарылымынан түсетін түсім, олар бұдан былай қатысушылар үлестерін өтеу үшін мүмкіншілікті болуын тоқтатқанша, қаржылық міндеттемелерді туындатады. Осының нәтижесінде, ұйымның алдыңғы үш жылда шығарылған үлестерден түсетін түсімге тең сол кезеңдегі барлық өтеулері шегерілген қаржылық міндеттемесі болады.
7-ші мысал
Деректер
A18 Ұйым кооперативтік банк болып табылады. Кооперативтік банктердің қызмет етуін реттейтін жергілікті заңдар ұйымның жалпы «өтелмеген міндеттемелерінің» (құқықтық ережелерде мүшелер үлестерінің шотын қосатын деп анықталған термин) ең кемінде 50 пайызы мүшелермен төленген капитал түрінде болу керек деп мәлімдейді. Осы ереженің әсері - егер кооперативтің барлық өтелмеген міндеттемелері мүшелердің үлестері түрінде, ұйым олардың барлығын өтей алады. 20Х1 жылдың 31 желтоқсанында ұйымның өтелмеген міндеттемелерінің жалпы саны 200,000 А.Б. болды, оның 125,000 А.Б.-і мүшелердің үлестерінің шоттары болып табылады. Мүшелердің үлестерінің шоттарының шарттары иелерге оларды өтініш бойынша өтеуге рұқсат береді және ұйымның жарғысында өтеуге ешқандай шектеулер қойылмаған.
Сыныптау
A19 Осы мысалда, қатысушылардың үлесі қаржылық міндеттемелер ретінде жіктеледі. Өтеуге салынған тыйым 32 ХҚЕС-тың (IAS) 19 және AG25-тармақтарында сипатталған шектеулерге ұқсас. Бұл шектеулер ұйымның қаржылық міндеттеме бойынша төлеуге тиісті соманы төлеу қабілетінің шартты шектелуі болып табылады, яғни олар міндеттемені төлеуге тек аталған шарттар орындалса ғана кедергі жасайды. Нақтырақ айтқанда, егер ұйым өзінің барлық басқа міндеттемелерін (75,000 А.Б.) өтеген болса, ұйымның қатысушылар үлестерінің толық сомасын (125,000 А.Б.) өтеуі талап етілуі мүмкін. Сонымен, өтеуге салынған тыйым ұйымға қатысушылар үлестерінің белгіленген санынан немесе төленген капитал мөлшерінен артық мөлшерді өтеуге қаржылық міндеттемені қабылдауға кедергі жасамайды. Ол ұйымға, шартты орындағанша, яғни басқа міндеттемелерді орындағанша, өтеуді кейінге қалдыруға ғана мүмкіндік береді. Осы мысалдағы қатысушылардың үлесі өтеуге салынатын сөзсіз тыйымға бағынбайды және сондықтан қаржылық міндеттемелер ретінде жіктеледі.
[1] 2005 жылдың тамызында, 32 ХҚЕС-қа (IAS) 32ХҚЕС (IAS) Қаржы құралдары ақпаратты ұсыну деген түзету енгізілді. 2008 жылдың ақпанында ХҚЕС(IASB) арқылы 32-қа (IAS) құралдардың 32 ХҚЕС-тың (IFRS) 16А және 16В тармақтарына немесе 16С және 16D тармақтарына сәйкес барлық белгілері болса және барлық талаптарға сай болса, үлес ретінде жіктелуін талап етіліп түзету енгізілді.