(с) сезімталдық талдауын дайындаудағы алдыңғы кезеңнің әдістері мен жорамалындағы өзгерістер, және осы өзгерістердің себептері.
146. Ұйым жоспарда немесе ұйымда қолданылған актив пен міндеттемеге қатысты стратегияларды ашып көрсетуі тиіс, және аннуитеттірдің және тәуекелді басқару мақсатында своптардың ұзақтығы сияқты басқа да әдістерді көрсетуі тиіс.
147. Белгіленген сыйақы жоспарының ұйымның болашақ ақша қаражаттарының ағымына әсерін анықтап көрсету үшін, ұйым келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(a) болашақ салымдарға әсер ететін қаржыландыру тетігі мен қаржыландыру саясатының сипаттамасын;
(b) келесі жылдық есептік кезеңге күтілетін жоспар салымдары;
(c) белгіленген сыйақы міндеттемелерінің өтелу мерзімі туралы ақпарат. Бұл белгіленген сыйақы міндеттемесінің орташа алынған ұзаөтығы мен сыйақы төлемдерінің талдау уақыты сияқты сыйақы төлемдерінің мерзімінің таратылуы туралы басқа да ақпаратты біріктіруі мүмкін.
Жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарлары
148. Егер ұйым белгіленген жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарына қатыстаны болса, келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) ұйымның салымдарының дәрежесін анықтау әдісі мен ең төменгі қаржыландыру талаптарын қоса отырып, қаржыландыру механизмінің сипаттамасын;
(b) жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарының шарты мен ережелеріне сәйкес ұйым қандай дәрежеде басқа ұйымдардың міндеттемелеріне жауапкершілік алатынының сипаттайттамасы;
(с) артылу мен дефициттің таратылуының келісілген сипаттамасы:
(і) жоспардың аяқталуы; немесе
(іі) ұйымның жоспарлауға қатыспай, шығуы.
(d) егер ұйым 34-тармаққа сәйкес белгіленген салым жоспары ретінде болған жоспарды есепке алса, (a)-(c) тармақтарында талап етілетін ақпаратпен қоса және 139-147 тармақтарындағы қойылған талаптардың орнына келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(і) жоспардың белгіленген сыйақы жоспары екендігін дәлелдейтін дерек;
(іі) жоспарды белгіленген сыйақы жоспары ретінде есепке алған уақытта қажетті ақпараттың жеткіліксіздігінің себебі;
(ііі) келесі жылдық есептік кезеңде күтілетін салымдардың мөлшері;
(іv) болашақ салымдардың сомасына әсер ететін кез келген артылу немесе дефицит туралы ақпарат және болған жағдайда, артылу, дефицит және оның салдарын анықтайтын негіз.
(v) басқа ұйымдармен салыстырғанда ұйымның жоспарға қатысу дәрежесінің белгісі. Осы бағалаудың мысалы, егер сондай ақпарат бар болатын болса, жоспарға салынған жалпы салымдардағы ұйымның үлесі немесе жалпы белсенді мүшелердің санындағы ұйымның үлесі.
Тәуекелді жалпы бақылаудың аясындағы ұйымдарға бөлетін белгіленген сыйақы жоспары
149. Егер ұйым тәуекелді жалпы бақылаудың аясындағы ұйымдарға бөлетін белгіленген сыйақы жоспарына қатысса, келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) белгіленген таза сыйақыны есептеу үшін келісімшарттық келісім немесе ресми саясат немесе ондай саясатың жоқтығын дәлелдейтін дерек;
(b) ұйым төлеуге тиісті салымды анықтау саясаты;
(с) егер ұйым белгіленген таза сыйақы шығындарын 41 тармаққа сәйкес үлестірмесе, жоспар туралы барлық 135-147 тармақтарға сәйкес талап етіледі.
(d) егер ұйым 41 тармақта көрсетілген кезеңде төленуге тиіс салымдарды есепке алса, жоспар туралы барлық ақпарат 135-137, 139, 142-144 және 147(a) мен (b) тармақтарымен талап етіледі.
150. 149(c) мен (d) тармақтары талап ететін ақпарат айқыш сілтеме әдісі арқылы басқа топ ұйымдарының қаржылық есептіліктерімен көрсетіле алады, егер:
(а) топ ұйымдарының қаржылық есептіліктері жоспар туралы талап етілетін ақпаратты жеке анықтап және ақпаратты ашып көрсетсе; және
(b) ұйымның қаржылық есептілігімен бір уақытта немесе одан ерте топ ұйымдарының қаржылық есептілігі ұйымның қаржылық есептілігімен бірдей шартта басқа қолданушыларға колжетімді болса.
Басқа ХҚЕС-ғы ақпаратты ашып көрсету талаптары
151. 24 ХҚЕС (IAS) стандартымен талап етілген кезде ұйым мыналарға:
(а) еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы жоспарлары бойынша байланысты жақтармен операцияларға; және
(b) ұйымда шешуші позицияны алатын жүргізуші ұсынған еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға қатысты ақпаратты ашады.
152. 37 ХҚЕС (IАS) стандартымен талап етілген жағдайларда ұйым еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы беру міндеттілігіне байланысты туындайтын шартты міндеттемелерге қатысты ақпаратты ашады.
Қызметкерлерге төленетін басқа ұзақ мерзімді сыйақылар
153. Қызметкерлерге төленетін басқа ұзақ мерзімді сыйақыларға егер есептік кезең аяқталғаннан кейін қызметкер осыған байланысты қызмет көрсететін он екі ай ішінде толығымен төленетін болса, төмендегідей сыйақылар жатады:
(а) жұмыс өтілі үлкен қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе шығармашылық демалыс сияқты ұзақ мерзімді ақылы демалыстар;
(b) еңбек сіңірген жылдары үшін мерейтой немесе басқа да сыйақылар;
(с) еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар;
(d) табысқа және сыйлықақыларға қатысу; және
(е) мерзімі кейінге қалдырылған сыйақы.
154. Қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны бағалау сияқты әдетте сол өзге де ұзақ мерзімді сыйақысын бағалау белгісіздік дәрежесінде расталмаған. Осы себептерге байланысты осы Стандарт өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларды есепке алудың оңайлатылған әдісін қолдануды талап етеді. Қызметкерлердің қызметі аяқталғаннан кейінгі төленетін есепке қарағанда, бұл әдіс басқа жиынтық табыста қайта есептеуді танымға алмайды.
Тану және бағалау
155. Артылуды немесе қызметкердің ұзақ мерзімді сыйақы жоспарының дефицитін тану немесе бағалау кезінде 56-98 және 113-115 тармақтарын қолдануы тиіс. Ұйым 116-119 тармақтарын кез келген өтеу құқығын тану және бағалау кезінде қолдануы тиіс.
156. Ұйым өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға қатысты шығыс немесе табыс ретінде төменде көрсетілген баптардың жиынтық таза шамасын тануға тиіс, басқа Халықаралық қаржылық есептілігіктің стандарты талап ететін немесе мына активтің өзіндік құнын қамтуға рұқсат ететін басқа баптарды қоспағанда:
(а) ағымдағы қызметтердің құны (66-112 тармақтарын қараңыз);
(b) белгіленген таза міндеттеменің төлеміндегі таза пайыздық табыс (123-126 тармақтарын қараңыз); және
(с) белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің қайта бағалануы; (127-130 тармақтарын қараңыз)
157. Қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақылардың нысандарының бірі ұзақ мерзімге еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы болып табылады. Егер жәрдемақының мөлшері еңбек өтілінің ұзақтығына тәуелді болса, міндеттеме қызмет көрсету сәтінде туындайды. Осы міндеттемені бағалау төлемді жүзеге асыру талап етілетіндігі және төлем жасалатын уақыт мерзімі ықтималдығын көрсетеді. Егер кез келген еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін, еңбек өтіліне қарамастан, сыйақы деңгейі бірдей болса, осы сыйақыларды төлеуге жұмсауға күтілетін шығын ұзақ мерзімге еңбекке жарамсыздығын тудырған оқиға болған кезде танылады.
158. Осы Стандарт қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға қатысты ақпаратты ашуға нақты талаптарды белгілемейтініне қарамастан, басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары осындай талап қоюы мүмкін. Мысалы, 24 ХҚЕС (IАS) ұйымның басқарушы қызметкерлері үшін ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 1 ХҚЕС (IAS) қызметкерлерге төленетін сыйақы шығындары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
Жұмыстан шыққандағы жәрдемақылар |
159. Осы Стандарт жұмыстан шығу жәрдемақыларын қызметкерлерге берілетін басқа сыйақылардан бөлек қарастырады, себебі осы жағдайда міндеттемелердің жұмыстан шығу себебі қызметкер қызметінің жалғасуы емес, аяқталуы болып табылады. Жұмыстан щыққандағы жәрдемақылар ұйымның қызметкерді жұмыстан шығару шешімі немесе қызметкердің жұмыстан шығудың орнына жұмыстан шығу жәрдемақысын алудың нәтижесі.
160. Жұмыстан шыққандағы жәрдемақылар қызметкер өз қалауымен жқмыстан шыққан кезде немесе қызмет аяқаталып зейнеткерлікке шыққанда берілмейді, себебі, бұл қызмет аяқталғаннан кейінгі сыйақыларға жатады. Кейбір ұйымдар қызметкерді өз қалауы бойынша жұмыстан шығарған кезде сыйақының неғұрлым төмен деңгейін қамтамасыз етеді(негізі бұл сыйақы еңбек қызметі аяқталғаннан кейін) ұйымның талабы бойынша еріксіз түрде төленуге жатады. Өз еркімен емес жұмыстан босатылу кезіндегі төленетін қосымша сыйақылар шығу жәрдемақысы деп аталады.
161. Қызметкерге төленетін сыйақының түрі оның қызмет көрсетуге айырбасталғанын немесе қызметкердің жұмыстан шығуының орнына ұсынылғанын анықтамайды. Шығу жәрдемақысы біржолғы төлемдердің үлгі мысалы бола алады және мыналарды қамтиды:
(а) еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы алу немесе басқа да төлемдер, немесе сыйақы жоспары арқылы тікелей емес не тікелей;
(b) арнайы белгіленген кезең аяқталғанға дейін жалақы төлеу, егер қызметкер бұдан әрі ұйымның экономикалық пайда алуын қамтамасыз ететін қызмет көрсетпесе.
162. Қызмет көрсетуге айырбасталатын жәрдемақы көрсеткіші келесілерді қамтиды:
(а) сыйақы мөлшері болашақта көрсетілетін қызметке байланысты (болашақ қызмет көрсетілсе, ұлғаятын сыйақыны қосқанда);
(b) қызметкерлердің сыйақы жоспарының шартына сәйкес сыйақы төленсе.
163. Қызметті тоқтатудың кейбір сыйақылары қызметкерлердің сыйақы жоспарына сәйкес төленеді. Басқа мысал ретінде, егер ұйым бір қысқа мерзімнен асатын кезең үшін сыйақы ұсынысын жасаса немесе ұсыныс пен іс жүзіндегі жұмыстан шығу мерзімінің арасында қысқа мерзімнен көп уақыт болса, ұйым жаңа сыйақы жоспарын қарастырады және оның жұмыстан шыққандағы сыйақы немесе қызметті аяқтаумен байланысты сыйақы екендігін анықтайды. Егер қызметкердің жқмыстан шығуы ұйымның қызметкерді жұмыстан босату шешімі мен болашақ көрсетілетін қызметпен байланысты болмаса, осы екеуінен туындайтын шешімнің нәтижесінде қызметкердің сыйақы жоспарының талаптарына сәйкес төленетін сыйақы - жұмыстан шыққандағы сыйақы болып табылады.
164. Қызметкерлерге кейбір сыйақы олардың жұмыстан босатылу себебіне қарамастан төленуі тиіс. Сыйақының осындай түрі белгіленген (кепілдік берілген сыйақы алу талаптарының орындалуына, сондай-ақ қызметтің ең аз ұзақтығына байланысты), бірақ оларды төлеу уақыты белгіленбеген болып қалады. Алайда кейбір елдерде осындай сыйақылар келісімшарттың немесе өтемақының қолданылуы тоқтатылған жағдайда зиянды өтеу кепілдігі деп аталады, олар еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақыға жатады, жұмыстан шығу жәрдемақысы деп аталмайды, сондықтан ұйым олардың сыйақысын еңбек қызметінің аяқталуына орай есептеуге тиіс.
Тану
165. Ұйымның қызметті аяқтаумен байланысты міндеттеме мен шығынды келесі мерзімнен бұрын тануы тиіс:
(a) ұйым ұсынылған сыйақыларды қайтара алмағанда; және
(b) ұйым 37 ХҚЕС (IFRS) аясында қайта құрылымдау шығындарын танығанда және қызметті аяқтаумен байланысты сыйақыларды қосқанда.
166. Қызметкердің қызметті аяқтаудың орнына сыйақы алу шешімінің нәтижесі болып табылатын қызметті аяқтау сыйақысы төлемдері ұйым қызметті аяқтау ұсынысын келесі мерзімнен бқрын қайтара алмайды:
(а) қызметкер ұсынысты қабылдағанда; және
(b) ұйымның ұсынысты қайтару шектеуін (мысалы, заңнамалық, реттеуші немесе келісімшарттық талаптар мен басқа да шектеулер) жою күшіне енгенде.
167. Ұйымның қызметкерлерді жұмыстан босату шешімінің нәтижесі болып табылатын қызметті аяқтаумен байланысты төленуге тиіс сыйақылар үшін ұйым келесі талаптарға сай келетін жоспар хабарланған қызметкерлерге ұсынысты қайтара алмайды:
(а) Жоспарды аяқтауға тиісті әрекеттер жоспарға маңызды өзгерістер енгізу мүмкін емес деп болжанғанда.
(b) Жоспар бойынша жқмыстан шығуы тиіс қызметкерлердің саны, атқаратын қызметінің түрі, орналасқан орны (бірақ, ұйымның әрбір жеке қызметкер үшін анықтауы тиісті емес) және күтілетін қызметті аяқтау күні анықталғанда.
(с) Жоспар бойынша қызметкер қызметті аяқтаған уақытта нақтыланған алуға тиісті сыйақы түрі мен сомасы анықталғанда.
168. Ұйым қызметті босатумен байланысты сыйақыларды анықтағанда жоспарға өзгерістер енгізу немесе қызметкерлердің басқа сыйақыларын қысқарту жоспарын қарастыру өажет (103-тармақты қараңыз).
Бағалау
Ұйым жұмыстан шыққандағы жәрдемақыны алғашқы тану кезінде өлшеуі тиіс, және жұмыстан шыққандағы жәрдемақы қызметті тоқтатудан кейін берілетін сыйақыдан жоғары болатын ерекшеліктерін есекере отырып өлшеуі және тиісті өзгерістерді есепке алуы тиіс, осындай жағдай орын алса, қызметті тоқтатудын кейін берілетін сыйақыны қолдануы тиіс. Басқа жағдайда:
(a) егер қызметті аяқтаумен байланысты сыйақылар есептік кезең аяқталғаннан кейін он екі айдан бұрын сыйақылар танылып, төленетін болса, ұйым қызметкерлердің қысқа мерзімді талаптарын қолдануы тиіс.
(b) егер қызметті аяқтаумен байланысты сыйақылар есептік кезең аяқталғаннан кейін он екі айдан кейін сыйақылар танылып, төленеді деп күтілетін болса, ұйым қызметкерлердің ұзақ мерзімді талаптарын қолдануы тиіс.
170. Демалыс жәрдемақылары қызмет көрсетуге айырбас ретінде қарастырылмайтындықтан, сыйақының қызмет көрсету мерзіміне қатысты қасиетін көрсететін 70-74 тармақтары маңызды емес.
|
Алғышарт Жуырдағы сатып алудың нәтижесінде, ұйым он ай ішінде фабриканы жабуды және қызметкерлерді жұмысқа алуды тоқтатуды жоспарлап отыр, Ұйым кейбір қызметкерлердің келісімшарттарын толығымен аяқтау үшін, қызметті тоқтату жоспарын келесідей дариялайды. Қызметті жалғастыратын және қалатын қызметкер фабриканың жабылуына CU30,000а.б. тең ақша қаражатын алады. Фабриканың жабылуына дейін қызметті тоқтататын қызметкер 10,000а.б. алады. Фабрикада 120 қызметкер бар. Жоспарды жариялаудан уақытында фабриканы жабудан бұрын 20 қызметкер жұмыстан шығады деп күтіледі. Сондықтан, жоспар бойынша жалпы төленуге тиісті 3,200,000а.б. (яғни, 20 × CU10,000 + 100 × CU30,000). 160-тармақтың талабы бойынша, ұйым қызметкердің жұмыстан шығу орнына берілетін сыйақыны еңбек қызметін аяқтау кезінде берілетін сыйақы ретінде және қызмет көрсету үшін берілетін сыйақыны қысқа мерзімді сыйақы ретінде қарастырады. |
Еңбек қызметін аяқтаудан кейін берілетін сыйақы Еңбек қызметін тоқтатуға айырбас ретінде 10,000а.б. артықшылық беріледі. Бұл сома ұйымның қызметкерге еңбек қызметін тоқтату немесе қвзмет көрсетуді жалғастыру, не фабриканың жабылуының алдында қызметті тоқтатса, төлеуі міндетті сома. Қызметкерлер фабриканың жабылуына дейін қызметті тоқтата алуына қарамастан, қызметкерлерді жұмыстан босату жқмыс берушінің шешімінің нітижесі (яғни, барлық қызметкерлер фабриканың жабылуы алдында қызметті босатады). Сондықтан, ұйым 200,000а.б. (яғни, 120 × CU10,000) міндеттемесін қызметкерлердің сыйақы жоспарына сәйкес ерте мерзімде қарастырылған фабриканың жабылуына байланысты қайта құрылымдау шығындарын есепке ала отырып ұсынған сома. |
Қызметке айырбасталу мүмкіндігі бар артықшылықтар Егер қызметкерлер толық он ай ішінде сол кезеңде көрсетілетін қызметке айырбасталатын қызметкен қызмет үшін қосымша артықшылық. Ұйым осы артықшылықты қызметкерлерге берілетінқысқа мерзімді сыйақы ретінде есептейді, себебі, есептік кезеңнің аяқталуынан кейін он екі ай ішінде реттеледі деп болжанады. Бұл мысалды дисконттау қажет етілмейді, 200,000а.б. (яғни, 2,000,000а.б. ÷ 10)сондықтан, In this example, discounting is not required, so an expense of CU200,000 (ie CU2,000,000 ÷ 10) он айлық пайдалану мерзімінің әр айында міндеттеменің баланстық құнының өсуімен танылады. |
Ақпаратты ашып көрсету
171. Осы Стандарт қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға қатысты ақпаратты ашуға нақты талаптарды белгілемейтініне қарамастан, басқа Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, мысалы, мұндай сыйақы нәтижесінен туындаған шығыстар матриалды сыйақы болып табылса, 1 ХҚЕС (IAS) стандартына сәйкес оларды солай ашып көрсету талап етіледі. 24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС (IАS) стандартында талап етілген кезде ұйым негізгі басқару қызметкерлеріне басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар туралы ақпаратты ашады.
172. Ұйым осы Стандартты 2013 жылдың 1-қаңтарынан басталатын есептіліктер үшін қолдануы тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға қолдау көрсетіледі. Егер Стандарт мерзімінен бұрын қолданылатын болса, осы жайтты ашып көрсетуі тиіс.
173. Ұйым осы Стандартты 8 ХҚЕС(IAS) Есептілік Саясаты, Есептіліктегі өзгерістер мен Қателіктерге сәйкес, келесі баптарды көрсетілген баптарды қолданысқа алмай:
(a) ұйым осы Стндарттың баланстық құнға бастапқы қолданыс кезінде қосылған активтердің құнын сыйақылардың өтеу сомасына сәйкес өзгертпеуі мүмкін. Алғашқы қолдану мерзімі бірінші қаржы есептілігін ұсынудың және Стандартты алғаш қолданудың ең ерте мерзімі болып табылады.
(b) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бұрын басталатын кезең үшін, белгіленген сыйақы міндеттемелері туралы 145 тармақта талап етілетін ашып көрсетуге арналған салыстырмалы ақпаратты ұсынуы қажет емес.
174. 2011 жылдың мамыр айында шығарылған 13 ХҚЕС (IFRS), 8 тармақтағы әділ құнның анықтамасы және 113 тармақ өзгертілді. Осы өзгерістер 13 ХҚЕС (IFRS) қолданылған уақытта пайдаланылуы тиіс.
175. 2013 жылдың қараша айында шыққан 19 Белгіленген Зейнетақы Жоспарлары: Қызметкерлердің Салымдары ХҚЕС (IAS) (19 ХҚЕС-қа (IAS) түзетулер) 93-94 тармақтарына түзету енгізді. Ұйым осы түзетулерді 2014 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін бастау алатын жылдық кезеңдерде 8 Есеп Саясаты, Бухгалтерлік Есеп Бағалауларындағы Болатын Өзгерістер мен Қателер ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес қолдануы тиіс. Бұдан ерте мерзімде қолдану рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді ертерек мерзімде қолданса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі тиіс.
A Қосымшасы
Қолдану нұсқаулары
Осы қосымша ХҚЕС-тың (IFRS) ажырамас бөлігі болып табылады. Ол 92-93 тармақтардағы үстемені сипаттайды және ХҚЕС-тың (IFRS) басқа бөліктері сияқты бірдей уәкілдікке ие.
A1 Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың жарналарының есепке алу талаптары төмендегі сұлбада көрсетілген.
Белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисі 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС-да (IFRS) анықталғандай, сақтандыру келісімшарты үшін қажеті жоқ