69. Ұйым еңбек қызметі толық көлемде аяқталған кезде төлемдер бойынша міндеттемені, міндеттеменің бір бөлігі есепті күннен кейінгі 12 ай ішінде өтелуге жататын болған кезде де дисконттайды.
Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу
70. Міндеттемелердің дисконтталған құнын және ағымдағы қызметтердің құнын, бұл қолданылатын жерде бұрын көрсетілген қызмет құнын айқындаған кезде ұйым қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны жоспарда белгіленген формула бойынша бөлуге тиіс. Алайда, егер қызметкердің қызметі неғұрлым ерте жылдарға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай жоғары сыйақыға әкелетін болса, ұйым мына кездерден бастап теңбе-тең негізде сыйақыны бөлуге тиіс:
(а) қызметкер сыйақыны алу құқығына ие болған кезден бастап (болашақ қызметі олардың мөлшеріне әсер ету немесе етпеуіне қарамастан);
(b) қызметкер жоспарға сәйкес есептелген барлық елеулі сыйақыларды алуға құқылы болған сәтке дейін, жалақы қосымша өскен жағдайларды қоспағанда, бұдан әрі болашақ қызметке тәуелді болмайды.
71. Болжанатын шартты бірлік әдісі ұйымның сыйақыны ағымдағы кезеңге жатқызуын (ағымдағы кезеңдегі қызмет құнын айқындау үшін), сондай-ақ оны ағымдағы және келесі кезеңдерге бөлуін (төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын айқындау үшін) талап етеді. Ұйым еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы төлеу бойынша осы міндеттеме туындаған кезеңдер бойынша сыйақыны бөледі. Бұл міндеттеме ұйым болашақ есепті кезеңдерде төлеуді болжайтын еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақының орнына қызметкердің қызмет көрсетуіне орай туындайды. Актуарлық қабылдаулар ұйымның осы міндеттемені борыштық міндеттемені тануды негіздеу үшін жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен бағалауына мүмкіндік береді.
| 71 -тармақты түсіндіретін мысал |
1 | Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары әрбір қызмет жылы үшін 100-ге тең есеп айырысу бірлігінде сыйақы алуды қамтамасыз етеді. |
| 100-ге тең есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы әр жыл үшін есептеледі. Ағымдағы қызмет құны 100-ге тең дисконтталған құнға теңестіріледі. Төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің есептік күнге дейінгі қызмет істеген жылдарының санына көбейтілген 100-ге тең дисконтталған құнға тең болады. |
| Егер сыйақы қызметкер ұйымнан кеткеннен кейін дереу төлене бастаса, ағымдағы қызметтердің құны және төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің ұйымнан кетеді деп күтілетін күнді білдіреді. Осылайша, дисконттауға байланысты сыйақылар қызметкер есепті күні жұмыстан шыққан жағдайға қарағанда кем болады. |
2 | Жоспар қызметтің әр жылы үшін зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 0,2% шамасында ай сайынғы сыйақыны қамтамасыз етеді. Сыйақы төлеу қызметкердің жасы 65-ке толғанда басталады. |
| Болжамды жұмыстан шығу күнгі, зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 0,2% шамасындағы қызметкердің ұйымнан күтілетін кету кезінен бастап күтілетін болжамды қайтыс болуына дейін төленуге тиісті айлық сыйақының дисконтталған құнына тең сыйақы әрбір қызмет жылына бөлінеді. Ағымдағы қызмет көрсету құны көрсетілген төлемнің дисконтталған құнына тең болады. Төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны есепті күнге дейін жұмыс істелген жыл санына көбейтілген зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы мөлшерінің 0,2% шамасындағы ай сайынғы сыйақының дисконтталған құнына теңестіріледі. Ағымдағы қызметтің құны мен төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталу себебі сыйақы төлеу қызметкердің жасы 65-ке толғанда басталуына байланысты болып келеді. |
72. Қызметкердің қызметі, егер сыйақы болашақ қызметке негізделген жағдайда да (басқаша айтқанда кепілдік берілмеген сыйақы), төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелердің пайда болуына алып келеді. Қызметкердің қызметі кепілдік берілген сыйақы төлемдерін алу құқығы туындаған сәтке дейін қызметкер сыйақы құқығын алуға дейінгі көрсетуге тиісті қызметінің мөлшері есептен кейінгі әрбір күнге азаятынына байланысты жүктелген міндеттеме жасайды. Ұйым төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша міндеттемелерді бағалау кезінде кейбір қызметкерлердің кепілдік берілген сыйақыны алу талаптарын қанағаттандырмауы ықтимал екендігін есепке алады. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақының кейбір түрлері, мысалы, медициналық қамтамасыз ету қызметкер ұйымда жұмыс істемейтін кезде, белгілі бір жағдайлардың болуына орай көрсетілуге тиіс екендігіне қарамастан, осыған сай міндеттеме қызметкердің белгілі бір жағдайлардың болуына орай сыйақы алу құқығын қамтамасыз ететін қызмет көрсеткен кезде қалыптастырылады. Белгілі бір жағдайлардың туындау ықтималдығы міндеттемені бағалауға ықпал етеді, бірақ оның болу фактісінің өзіне ықпал етпейді.
|
1 | Сыйақы жоспары бойынша сыйақы қызметтің әрбір жылы үшін 100-ге тең есеп айырысу бірлігінде төленеді. Сыйақы он жыл қызметтен кейін кепілді болады. 100-ге тең есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы әр жыл үшін есептеледі. Бастапқы 10 жылдың әр жылында ағымдағы қызметтің құны және міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің 10 жыл бойына қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді |
2 | 25 жасқа дейінгі қызметті қоспағанда, сыйақы жоспары бойынша сыйақы әрбір қызмет жылы үшін 100-ге тең есеп айырысу бірлігі болады. Сыйақыға бірден кепілдік беріледі. Сыйақы 25 жасқа дейінгі қызмет кезеңіне есептелмейді, өйткені қызметкерлер осы жасқа жеткенге дейін ешқандай сыйақыға құқығы жоқ (шартты және шартсыз). Кейінгі әр жыл үшін 100-ге тең есеп айырысу бірлігінде сыйақы бөлінеді. |
73. Міндеттеме қызметкердің одан әрі қызметі есептелетін сыйақының айтарлықтай өсімі үшін барынша негіз болып табылмайтын кезге дейін өседі. Сондықтан сыйақылардың барлығы осы кезде немесе оған дейін аяқталатын кезеңге жатқызылады. Сыйақы жоспарда белгіленген формулаға сәйкес жеке есептік кезеңдер арасында бөлінеді. Алайда қызметкердің қызметі неғұрлым бұрынғы жылдарға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай неғұрлым жоғары сыйақыларға әкелетін болса, ұйым сыйақыны қызметкердің одан әрі қызметі есептелетін сыйақының айтарлықтай өсімі үшін барынша негіз болып табылмайтын кезге дейін бірқалыпты негізде бөледі. Мұның өзі қызметкердің барлық кезең ішіндегі қызметі, түпкі есебінде осындай неғұрлым жоғары мөлшерде сыйақы төлеуге негіз болып табылатынына байланысты.
|
1 | Жоспар 10 жыл қызметтен кейін кепілдік берілген болатын 1,000-ға тең есеп айырысу бірлігіндегі біржолғы сыйақы беруді көздейді. Жоспар кейінгі жылдардағы қызмет үшін қосымша сыйақыны қамтамасыз етпейді. 100-ге тең есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы (1,000-ды санын 10-ға бөлу керек) бастапқы 10 жылдың әрбіріне бөлінеді. Бастапқы 10 жылдың әр жылының ішінде ағымдағы қызметтің құны қызметкердің 10 жыл бойына қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді. Сыйақы келесі жылдарға бөлінбейді. |
2 | Жоспар барлық жұмыс істейтіндер үшін 55 жасқа жеткеннен кейін 20 жылдан кем емес еңбек өтілі болған кезде немесе жұмыс істейтіндер үшін 65 жасқа жеткенде еңбек өтіліне қарамастан 2,000-ға тең есеп айырысу бірлігіндегі біржолғы сыйақы беруді көздейді. Жұмысқа 35 жасқа дейін қабылданған қызметкерлердің қызметі 35 жастан басталатын жоспардың талаптарына ілігеді (қызметкер 30 жасында жұмыстан шығып, 33 жаста қайтып келе алады, бұл сыйақы төлеу мөлшеріне немесе уақытына ешқандай ықпал етпейді). Бұл сыйақылар алдағы уақыттағы сыйақыға негізделген. Сонымен қоса 55 жасқа жеткендегі қызмет сыйақының қандай да болмасын өсуі үшін негіз болып табылмайды. Ұйым көрсетілген қызметкерлерге 35-тен 55-ке дейінгі жастың әрбір жылы үшін 100-ге тең (2,000-ды 20-ға бөлу керек) есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы бөледі. Жұмысқа 35-тен 45 жасқа дейін қабылданған қызметкерлер үшін 20 жылдан астам өтілі сыйақы сомасының қандай да болмасын айтарлықтай өсуі үшін негіз болып табылмайды. Ұйым көрсетілген қызметкерлерге бастапқы 20 жылдың әрбір жылы үшін 100-ге тең (2,000-ды 20-ға бөлу керек) есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы бөледі. |
| Жұмысқа 55 жаста қабылданған қызметкерлер үшін 10 жылдан астам қызмет сыйақы сомасының қандай да болмасын айтарлықтай өсуі үшін негіз болып табылмайды. Ұйым көрсетілген қызметкерлерге бастапқы 20 жылдың әрбір жылы үшін 200-ге тең (2,000-ды 10-ға бөлу керек) есеп айырысу бірлігіндегі сыйақы бөледі. Барлық қызметкерлер үшін ағымдағы қызметтің құны және міндеттемелердің дисконтталған құны қызметкердің қажетті мерзімде толықтай қызмет етпеуі мүмкін екендігінің ықтималдығын көрсетеді. |
3 | Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету жоспары, егер ол 10 жылдан астам уақыттан кейін жұмыстан шықса, бірақ ол 20 жылдан кем қызмет етсе, қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған шығынының 40%-ын, және ол ұйымнан 20 және одан көп жыл қызмет жасағаннан кейін кетсе, осы шығынның 50%-ын өтеуді көздейді. Ұйым жоспарда белгіленген формулаға сәйкес бастапқы 10 жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған есептік шығынының 4% дисконтталған құнын (40% 10-ға бөлінген) немесе екінші 10 жылдың әр жылына 1% (10% 10-ға бөлінген) бөлінеді. Ағымдағы қызметтің әр жылының құны қызметкер сыйақысының бір бөлігін немесе барлығын алу үшін жасауы керек жұмысты аяқтамауы мүмкін болуын көрсетеді. Ұйымнан 10 жыл ішінде кетуі мүмкін қызметкерге сыйақы бөлінбейді. |
4 | Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету жоспары, егер ол 10 жылдан астам уақыттан кейін жұмыстан шықса, бірақ 20 жылдан кем жұмыс жасаса, қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қамтамасыз етуге жұмсаған шығынының 10%-ын, және ол ұйымнан 20 және одан көп жыл жұмыс жасағаннан кейін кетсе, осы шығынның 50%-ын өтеуді көздейді. Кейінгі жылдардағы қызмет бірінші жылдардағы қызметке қарағанда сыйақы деңгейінің ұлғаюына алып келеді. Сондықтан ұйым 68-тармаққа сәйкес ұйымнан кетуі 20 жыл және одан да көп қызмет жылынан кейін күтілетін қызметкерлер үшін сыйақыны бірдей негізде бөледі. 20 жылдан астам қызмет болашақ сыйақының айтарлықтай өсімі үшін негіз болып табылмайды. Осылайша, бастапқы 20 жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған есептік шығынның дисконтталған құнының 2,5%-ды құрайды (50% 20-ға бөлінген). Ұйымнан кету мерзімі он және жиырма жыл қызмет аралығында күтілетін қызметкерлерге сыйақы бастапқы он жылдың әр жылына медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған есептік шығынның дисконтталған құнының 1% мөлшерінде бөлінеді. |
| Көрсетілген қызметкерлерге олардың қызметінің оныншы жылының аяғынан бастап ұйымнан кететін есептік күнге дейінгі қызметіне сыйақы есептелмейді.. Ұйымнан кету мерзімі он жылдан бұрын күтілетін қызметкерлерге сыйақы берілмейді. |
74. Сыйақы сомасы сыйақыға шыққан кездегі әрбір қызмет жылы үшін жалақы мөлшерінің тұрақты үлесі нысанында белгіленген жағдайда, сыйақыға шыққан кезде жалақының болашақ өсуі есептік күнге дейінгі қызмет кезеңінде күшінде болған міндеттемелердің орындалуы үшін қажетті қаражат мөлшеріне ықпалын тигізеді, бірақ қосымша міндеттемелер жасамайды. Тиісінше:
(а) 70 (b)-тармақтың мақсаттары үшін жалақыны көтеру сыйақының сомасы сыйақыға шыққан кездегі жалақыға тәуелді болмаған жағдайдың өзінде де қосымша сыйақы төлеуге әкеліп соқтырмайды; және
(b) әрбір кезеңге бөлінген сыйақы мөлшері осы сыйақы тәуелді жалақының тұрақты үлесіне теңестіріледі.
74-тармақты түсіндіретін мысал |
Қызметкерлер зейнет демалысына шығу сәтінде 55 жасқа жеткенге дейінгі әрбір қызмет жылы үшін жалақы шамасының 3% мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Зейнет демалысына шығу сәтінде жалақы шамасының 3% мөлшеріндегі сыйақы 55 жасқа жеткенге дейінгі әрбір жылға жатқызылады. Қызметкердің осы күннен кейінгі қызметі жоспар бойынша сыйақының айтарлықтай өсуіне әкелмейді. Қызметкер көрсетілген жасқа жеткенде кейінгі қызмет жылдарына сыйақы бөлінбейді. |
Актуарлық жорамал
75. Актуарлық жорамал әсіреленбеуі және өзара сәйкес келуі тиіс.
76. Актуарлық жорамал - ұйым жүргізген, еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз етуге арналған түпкілікті шығындарды айқындайтын ауыспалыларды ең дұрыс бағалау. Актуарлық жорамалдарға мыналар кіреді:
(а) сыйақы алуға құқығы бар, қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және бұрынғы қызметкерлердің (және олардың асырауындағылардың) болашақ мінездемесіне қатысты демографиялық жорамалдар. Демографиялық жол берулер мынадай аспектілерді қарастырады:
(і) өлім (81-82 тармақтарын қараңыз);
(іі) қызметкерлердің жұмыспен қамтылған кезеңінде және еңбек қызметін аяқтағаннан кейінгі уақытта қайтыс болу көрсеткіші;
(ііі) кадр тұрақсыздығы, мүгедектік және мерзімінен бұрын жұмыстан шығу деңгейі;
(іv) сыйақы алуға құқығы бар асыраушылармен бірге жоспарға қатысушылардың үлесі; және
(v) медициналық қамтамасыз ету жоспарын пайдалану нормасы; және
(b) мынадай баптарға қатысты қаржылық жорамалдар:
(і) дисконт мөлшерлемесі (78-82- тармақтарды қараңыз);
(іі) болашақ жалақы деңгейі және сыйақы (83-87-тармақтарды қараңыз);
(ііі) медициналық қамтамасыз етуге арналған жәрдемақыға қатысты - олардың мәні айтарлықтай болу шартымен, өтінімді ресімдеу және жәрдемақылар төлеуге арналған шығынды қоса алғанда, медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындар (88-91-тармақтарды қараңыз); және
(іv) жоспардың активтеріне арналған күтілетін кіріс мөлшерлемесі (105-107- тармақтарды қараңыз).
77. Актуарлық жорамалдар жеткілікті түрде зерделеніп жасалса, әсірелеусіз болады, бірақ сонымен бірге шамадан тыс консервативті де болып табылмайды.
78. Актуарлық жорамалдар инфляция, жалақының өсу қарқыны, жоспар активіне кіріс және дисконт мөлшерлемесі сияқты факторлардың арасындағы экономикалық қатынасты көрсетсе, өзара сәйкес болып табылады. Мысалы, инфляцияның белгілі бір деңгейіне тәуелді барлық жорамалдар (мысалы, пайыз мөлшерлемелеріне және жалақының өсуіне және сыйақыларға қатысты жол берулер) болашақтағы кез келген уақыт кезеңіне бірдей инфляция деңгейін болжайды.
79. Ұйым дисконт мөлшерлемесін және басқа да қаржылық жорамалдарды номиналдық (белгіленген) көрсеткіште айқындайды, тек қана бағалау нақты (инфляцияға түзетілген) көрсетуде, мысалы, гиперинфляция жағдайындағыдан неғұрлым сенімді болмаса (қараңыз: 29 Гиперинфляция экономикадағы қаржылық есептілік ХҚЕС (IAS) ) немесе сыйақы индекстелген және осы валюталардағы және осындай шарттармен индекстелген облигациялар нарығының жеткілікті тереңдігі болған жағдайда.
80. Қаржылық жорамалдар міндеттеме орындалған болуы тиіс кезең үшін есепті күнгі нарықтық күтулерге негізделеді.
Актуарлық жорамал: қайтыс болған жағдайда
81. Ұйым қайтыс болған жағдайдағы актуарлық жорамалдың еңбек қызметі кезіндегі және қызметті аяқтағаннан кейінгі қайтыс болған жағдайдағы ең тиімді жоспарды анықтауы тиіс.
82. Сыйақының соңғы құнын анықтау үшін ұйым қайтыс болудағы күтілетін өзгерістерді есепке алуы тиіс, мысалы, стандартты кестелерді қайтыс болудың жақсартылған өзгерістеріне сәйкестендіру.
Актуарлық жорамал: дисконт мөлшерлемесі
83. Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы беру бойынша міндеттемелерді дисконттау үшін пайдаланылатын мөлшерлеме (қаржыландырылған және қаржыландырылмаған) жоғары сапалы корпорациялық облигациялардың есепті күнгі жай-күйі бойынша нарықтық кірістілігі негізінде айқындалуы тиіс. Осы түрдегі облигациялар нарығының жеткілікті тереңдігі жоқ елдерде мемлекеттік облигациялардың нарықтық кірістілігі (есепті күнгі) пайдаланылуы тиіс. Валюта және корпорациялық немесе мемлекеттік облигациялардың талаптары валютаның еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің есептік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
84. Айтарлықтай мәні бар актуарлық жорамалдардың бірі дисконт мөлшерлемесі болып табылады. Ол актуарлық немесе инвестициялық тәуекелдікті емес, ақшаның уақытша құнын білдіреді. Сонымен қатар дисконт мөлшерлемесі осы ұйымның кредиторларына жататын, ұйымға тиесілі несие бойынша төлемеу тәуекелдігін көрсетпейді, бұл мөлшерлеме сонымен қатар болашақ тәжірибенің актуарлық жорамалдарды айырмашылығы болу тәуекелдігін де көрсетпейді.
85. Дисконт мөлшерлемесі сыйақыларды төлеу уақыты бойынша есептік бөлуді көрсетеді. Ұйым іс жүзінде бұған сыйақыларды төлеу уақыты бойынша есептік бөлуді, олардың мөлшері мен сыйақы төленуге тиісті валютаны көрсететін орташа алынған бір дисконт мөлшерлемесін қолдану арқылы жиі қол жеткізеді.
86. Кейбір жағдайларда барлық болжамды сыйақылар төленуге тиісті есептік мерзімге сәйкес келетін ұзақ өтеу мерзімі бар облигациялардың жеткілікті тереңдіктегі нарығы болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайларда ұйым тиісті қысқа мерзімді төлемдерді дисконттауға қолданылатын ағымдағы нарықтық мөлшерлемелерді пайдаланады және ағымдағы нарықтық мөлшерлемелерді экстраполяциялау арқылы ұзақ мерзімді міндеттемелерге арналған дисконт мөлшерлемесін есептейді. Жалпы дисконтталған құн қазіргі сәтте айналыстағы корпорациялық немесе мемлекеттік облигацияларды түпкілікті өтеу кезеңінің шегінен асатын сыйақыларды төлеуге қатысты қолданылатын дисконт мөлшерлемесіне байланысты болу-болмауы белгісіз.
Актуарлық жорамал: жалақы, сыйақылар және медициналық қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар
87. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақылар бойынша міндеттемелер мыналардың негізінде бағалануы тиіс:
(а) есептік кезеңнің соңында жоспар негізінде сыйақылардың көрсетілуі (немесе осы шектеулердің шегінен шығатын жүктелген міндеттемелер);
(b) жалақыны бағалау арқылы болашақта көтеру;
(c) жоспардың талаптары бойынша есепті күнгі белгіленген сыйақы (немесе жоспар талаптарының шегінен тыс шығатын кез келген жүктелген міндеттемелердің нәтижесі болып табылатын);
(d) ұйымдар үшін сыйақылардың құнын төмендететін қызметкерлердің немесе үшінші тұлғалардың салымдары;
(е) төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша берілетін сыйақыға ықпал ететін кез келген мемлекеттік сыйақылардың деңгейін бағалау арқылы болашақта өзгертуді, мынадай жағдайда ғана:
(і) осы өзгерістер есепті күнге дейін болса; не
(іі) бұрынғы тәжірибе не өзге де сенімді дәлелдеме осы мемлекеттік сыйақылардың қандай да болмасын болжамды бағыттарға, мысалы, болашақта бағаның жалпы деңгейінің не жалақының жалпы деңгейінің өзгеруімен қатар өзгеретінін көрсетеді.
88. Егер жоспардың белгіленген шарттары (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген міндеттемелер) ұйымнан оның болашақ кезеңдегі төлемдерін өзгертуді талап етеді, міндеттемені бағалау осы өзгерістерді көрсетеді. Бұл, мәселен, мынадай жағдайларда болады:
(а) ұйымның сыйақыны көтерудегі бұрынғы тәжірибесі болса, мысалы, инфляцияның ықпалын жеңілдету кезінде, және осы тәжірибе болашақта өзгеретініне ешқандай дәлелдеме болмаса; не
(b) актуарлық пайдалар қаржылық есептерде танылған және ұйым не жоспардың белгіленген шарттары (немесе осы шарттардың шегінен тыс шығатын жүктелген міндеттемелер) бойынша, не заңнаманың талаптарына сәйкес жоспарға қатысушылардың мүддесі үшін активтердің кез келген өсімін пайдаланса (108 (c)-тармақты қараңыз).
(c) сыйақылар мақсаттың орындалуы мен басқа талаптарға қатысты өзгереді. Мысалы, жоспардың шартында: егер жоспар активтерінің көлемі жеткіліксіз болса, қызметкерлерге төмендетілген сыйақы төленеді немесе олардан қосымша салымдар талап етіледі деп көрсетілуі мүмкін. Міндеттеменің бағалануы қызметтің немесе басқа талаптардың ең тиімді әсерін көрсетеді.
89. Актуарлық жорамалдар есепті күнгі жоспардың белгіленген шарттарында белгіленбеген (немесе жүктелген міндеттемелер) сыйақылардың болашақтағы өзгерістерін көрсетпейді. Мұндай өзгерістер мыналар арқылы көрсетіледі:
(а) бұрын көрсетілген қызметтің құны, өзгеріс болған сәтке дейін көрсетілген қызмет үшін сыйақының мөлшерін өзгертетін шамада; және
(b) өзгерістен кейінгі кезең үшін ағымдағы қызметтің құнын, өзгерістен кейінгі қызмет үшін сыйақы мөлшерін өзгертетін шамада.
90. Жалақының болашақта көтерілуін бағалаған кезде инфляция, лауазым, қызметінде көтерілуі және жұмыс күші нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сияқты басқа да маңызды факторлар.
91. Кейбір белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары ұйым төлеуі тиіс салымдарғы шек қояды. Сыйақылардың қорытынды құны салымдарға қойылған шектің әсерін есепке алады. Салымдарға қойылған шектің әсері келесілер арқылы анықталады:
(a) ұйымның қызметінің бағаланған ұзақтығы; және
(b) жоспардың қызметінің бағаланған ұзақтығы.
92. Кейбір белгіленген төлемдері бар жоспарлар қызметкерлерден немесе үшінші тараптардан жоспардың құнына әсер етуді талап етеді. Қызметкерлердің салымдары ұйым үшін сыйақылардың шығынын төмендетеді. Ұйым үшінші тараптардың салымдарының ұйым үшін сыйақылардың шығынын төмендететінін немемсе 116 тармақта айтылғандай, өтемақы құқығы болатындығын қарастырады. Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың салымдары жоспардың ресми шартында анықталады (шарттардың алдында анықталған құрылымдық міндеттемелерден туындайды ) немесе бақыланады. Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың бақыланатын салымдары жоспардың қызмет көрсетуге кеткен шығындарын қысқартады.
93. Қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың салымдары жоспардың қызмет құнын қысқартады(егер қызмет көрсетумен байланысты болса) немесе белгіленген төлемдері (егер қызметтермен байланысты болмаса) бар таза сыйақы міндеттемелерінің (актив) қайта бағалануына ықпал етеді. Қызметтермен байланысты болмайтын салымдардың мысалы жоспар активтерінен немесе актуарлық жорамал шығындарынан туындайтын дефицитті төмендетуге талап етілетін салымдар болып табылады. Егер қызметкерлер мен үшінші тараптың тарапынан қызметке қатысты болған салымдар қызметтермен байланысты болса, онда сол салымдар келесі жолмен қызмет бағасын қысқартады:
(a) егер салым мөлшері жұмыс өтілінен байланысты болса, ұйым 70 тармақта талап етілетін теңгерімдегі төлемақыны үлестіру тәсілін қолдану арқылы қызмет көрсету кезеңінде салым салу қажет (яғни, не жоспарда көрсетілген үлестіру формуласы арқылы, не бірегей негізде); немесе
(b) егер салым мөлшері жұмыс өтілінен байланысты болмаса, ұйым осындай салымдарды тиісті қызмет көрсетілген кезеңдерде қызмет бағасын қысқарту ретінде тану қажет. Жұмыс өтілінен байланысты болмайтын салымның мысалы жұмысшының төлемақысының белгіленген пайызын білдіретін, жұмысшының қызмет көрсету кезеңіндегі белгіленген сомасын немесе жұмысшының жасына байланысты болатын сомасын білдіретін салымдар болып табылады.
А1 тармағында тиісті қолдану нұсқауы көрсетілген.
94. 93(а) тармағындағы қызмет көрсету кезеңінде үлестірілетін қызметкердің немесе үшінші тараптың салымдардың өзгерісінің нәтижесі:
(a) ағымдағы және бұрынғы қызмет құны (егер осындай өзгерістер жоспардың ресми шарттарында анықталып, құрылымдық міндеттемелерден туындамаса); немесе
(b) актуарлық пайда мен залалдар (егер осындай өзгерістер жоспардың ресми шарттарында анықталып, құрылымдық міндеттемелерден туындамаса).
95. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі кейбір сыйақылар мемлекеттік сыйақылар деңгейі немесе мемлекеттік медициналық қамтамасыз ету сияқты ауыспалылармен байланысты. Мұндай сыйақыларды бағалау осы ауыспалылардың бұрынғы тәжірибенің және басқа да сенімді деректердің негізінде күтілетін өзгерістерді көрсетеді.
96. Медициналық қамтамасыз етуге шығынға қатысты жорамалдар болашақта күтілетін инфляцияға және медициналық қамтамасыз етуге арналған шығындарға арнайы өзгерістерге негізделген медициналық қызмет көрсетудің құнын өзгертуді ескеруі тиіс.
97. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті бағалау болашақта медициналық көмек сұраудың деңгейі мен жиілігіне оларды қанағаттандыруға арналған шығынға қатысты жорамалдарды ескеруді талап етеді. Ұйым медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындарды оның жеке тәжірибесі туралы ақпарат, басқа ұйымдардан, сақтандырушылардан, медициналық мекемелерден және басқа да дерек көздерінен алынған қажет болған кезде толықтырылған ақпарат негізінде бағалайды. Медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындарды есептеуге техникалық прогрестің ықпалы, медициналық қызметті тұтыну және ұсыну схемасындағы өзгерістер және жоспарға қатысушылардың денсаулық жағдайындағы өзгерістер ескеріледі.