В3.3.1 Қаржы активі (немесе оның бөлігі) борышкері:
(а) несие берушімен әдетте қабылданғандай, ақша құралдарымен, өзге қаржы активтерімен, тауарлармен немесе қызмет көрсетулермен есептесу арқылы өз міндеттемесін (немесе оның бөлігін) атқарған кезде; немесе
(b) міндеттеме (немесе оның бөлігі) бойынша жауапкершіліктен не сот тәртібімен, немесе несие берушінің өз келісімімен (егер борышкер кепілдік берсе, аталған шарт бәрібір орындалуы мүмкін) бастапқы жауапкершіліктен заңды түрде босатылған жағдайларда өтелген болып есептеледі.
В3.3.2 Егер қарыздық құралдың эмитенті осы құралды сатып алса, онда қарызды өтеу эмитент осы құрал бойынша маркет-мейкер болған жағдайда немесе оны жақын болашақта сатып жіберуді жоспарласа да қарыз өтеледі.
В3.3.3 Үшінші тарапқа, оның ішінде траст компаниясына төлем жасау (кейде толықтай жою деп аталадын) заңды босату болмаған жағдайда борышкердің несие беруші алдындағы бастапқы міндеттемесін орындаудан босатпайды.
В3.3.4 Егер борышкер үшінші тарапқа ол борышты өз мойнына алу үшін төлем жасаса, және өз несие берушісіне үшінші тараптың міндеттемені өз мойнына алғаны туралы хабарласа, онда ол В3.3.1(b) -тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қарыздық міндеттемені тануды тоқтатпайды. Егер борышкер үшінші тарапқа міндеттемені өз мойнына алу үшін төлем жасаса және несие беруші оны заңды түрде босатса, борышкер өз несиесін өтейді. Дегенмен, егер борышкер борыш бойынша төлемдерді үшінші жаққа аударса немесе өзігің бастапқы несие берушісіне аударуп отыруға келіссе, онда ол үшінші тарап алдындағы жаңа борыштық міндеттемені таниды.
В3.3.5 Тіпті егер міндеттемені тану сот тәртібімен немесе несие беруші келіскен босату арқылы заңды босату нәтижесінде тоқтатылса да, егер 3.2.1 - 3.2.23 -тармақтарындағы талаптар орындалмаған жағдайда ұйым жаңа міндеттеме тануы мүмкін. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда ұйым өткізілген активтерді тануын тоқтатпайды, сонымен бірге ол өткізілген активтерге қатысты жаңа міндеттемені таниды.
В3.3.6 Жаңа шарттарға сәйкес барлық төленген коммиссиялық төлемдерді (алынған коммиссиялық төлемдердіалып тастағанда), пайыздың бастапқы тиімді мөлшерлемесін қолдана отырып, алғашқы қаржы міндеттемесі бойынша келтірілген дисконтталған құннан кем дегенде 10 пайызға ерекшеленсе, ақша құралдары ағымының дисконтталған жаңа келтірілген құны 3.3.2-тармағының мазмұнындағы шарттар айтарлықтай түрде ерекшеленеді. Егер қарыз құралдарының айырбасы немесе шарттардың өзгеруі есепте борышты өтеу ретінде көрсетілсе, онда орын алған шығындар немесе төленген коммиссиялық төлемдер борышты өтеудің кірісі мен шығысы ретінде танылады. Егер қаржы құралдарымен айырбас немесе шарттарды өзгерту борышты жою ретінде есептелмесе, онда міндеттеменің баланстық құны өзгертілген міндеттеменің қалған мерзімі бойында амортизацияланатын, орын алған шығындардың немесе төленген коммиссиялық төлемдердің сомасына қарай түзетіледі.
В3.3.7 Кейбір жағдайларда несие беруші төлемдер жасалғаннан кейін борышкерді ағымдағы міндеттемеден босатады, мұндайда борышкер бастапқы міндеттемені мойнына алған тарап міндеттемелерді орындамаған жағдайда төлем жасау туралы кепілдік міндеттеме алады. Бұл жағдайда борышкер:
(а) міндеттеменің әділ құнының негізінде, кепілдеме бойынша жаңа қаржы міндеттемесін таниды, және
(b) жаңа қаржы міндеттемесінің әділ құнын алып тастағандағы бастапқы қаржы міндеттемесінің (і) төленген сомасы және (іі) баланстық құны арасындағы айырмашылық негізінде пайда мен залалды таниды.
Сыныптау (4 тарау)
Қаржы активтерін сыныптау (4.1- бөлім)
Ұйымның қаржы активтерін басқаруының бизнес үлгісі
B4.1.1 4.1.1 (а)- тармағының талабына сай ұйым өзінің қаржы активтерiн басқару үшін бизнес үлгісі негізінде амортизацияланған құн немесе ұқсас бағаны сыныптауы қажет. Ұйым бұл қаржы активтері өзінің бизнес үлгісі мақсатының негізінде анықталғандай ұйымның маңызды менеджменттің нақтылы ұжымы бұл шартқа сәйкес келетіндігін (24 ХҚЕС-та (IAS) анықталғанындай) бағалайды.
B4.1.2 Ұйымның бизнес үлгісі жеке құралға арналған басқарманың ниеттеріне тәуелді болмайды. Сәйкесінше, бұл шарт сыныптау әдістемесі бола алмайды және бұдан да жоғары деңгейде бекітілуі қажет. Алайда, бір ұйымның өз қаржы құралдарын басқаруына арналған біреуден көп бизнес үлгісі болуы мүмкін. Сондықтан сыныптаманы есеп беруші ұйым деңгейінде анықтау міндетті емес. Мысалы, ұйым өзі басқаратын ақша құралдары ағымдарын алу мақстаныда инвестициялар портфеліне ие бола алады, сондай-ақ, әділ құн өзгерісін жұзеге асыру үшін сауда жасау мақсатында басқаратын басқа инвестициялық портфельге ие бола алады.
B4.1.3 Ұйым бизнес үлгісінің мақсаты қаржы активін ұстап отыру арқылы келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу болуы мүмкін; ұйым барлық құралдарды төлеудің соңғы күніне дейін қолда ұстауы міндетті емес. Осылайша, ұйымның бизнес үлгісі қаржы активтерінің сатылуы жүріп жатқан кезде де қаржы активтерін келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу үшін ұстап отыруды қарастыруы мүмкін. болуы. Мысалы, ұйым:
(a) бұдан былай қаржы активі ұйымның инвестициялық саясатына сәйкес келмесе, (мысалы, ұйымның тиісті инвестициялық саясатына сәйкес, активтің несие рейтингі талап етілгеннен төмен болса)
(b) сақтандырушы компания күтілген қызмет мерзіміндегі өзгерістерді (яғни төлем жасаудың күтілген мерзімдерін) көрсету үшін өз инвестициялық портфелін түзетсе, немесе
(c) ұйым капиталдық шығындарды қаржыландыруды қажет етсе, онда ол қаржы активін сатуы мүмкін.
Алайда, егер портфельден сатулар сирек жасалатын болса, ұйым мұндай сатулардың келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу мақсатына сәйкестігін бағалауы қажет.
B4.1.4 Келесі мысалда ұйым бизнес үлгісінің мақсаты қаржы активін ұстап отыру арқылы келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу көрсетілген. Ұсынылған мысалдар тізбегі мейлінше толық емес.
Мысал | Талдау |
1 мысал Ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу үшін инвестицияларды ұстап тұрады, бірақ белгілі бір жағдайларда инвестицияларды сатуы мүмкін. | Ұйым өзге де ақпарат арасында қаржы активтерінің өтімділік тұғырынан (яғни, ұйымға активтерді сату қажет болған жағдайда алынатын ақша сомасы) әділ құнын қарастыруы мүмкін болғанмен, ұйымның мақсаты қаржы активтерін ұстап отыру және келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу болып табылады. Кейбір сатулар аталған мақсатқа қайшы келмейді. |
2 мысал Ұйымның бизнес үлгісі қарыз сияқты қаржы активтерінің портфелін сатып алуды қарастырады. Бұл портфельдер несиелік шығынға ұшыраған қаржы активтерін қамтуы немесе қамтымауы мүмкін. Егер борыш бойынша өтемақылар өз уақытысында жасалмаса, ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарын түрлі тәсілдермен алуға тырысады, (мысалы, борышкермен пошта, телефон немесе басқа әдістерімен байланысу арқылы). Кейбір жағдайларда ұйым портфельдің нақты қаржы активтері бойынша пайыздық мөлшерлемені өзгермелі пайыздық мөлшерлемеден бекітілген пайыздық мөлшерлемеге өзгерту үшін пайыздық своп туралы келісім жасайды. | Ұйымның бизнес-үлгісінің мақсаты қаржы активтерін ұстап қалуға және келісім бойынша қарастырылған ақша құралдарының ағымын алуға негізделген. Ұйым портфельді оны сатудан пайда табу үшін алмайды. Ұйым келісіммен қарастырылған барлық ақша құралы ағымдарын алуды көздемесе де балама сараптама құқылы болып табылады. (мысалы, кейбір қаржы активтері бойынша несие шығындарына тап болса). Осыдан өзге, ұйымның портфельден түсетін ақша құралдары ағымын өзгерту үшін туынды құралдар туралы келісім жасаса, бұл өздігінен ұйымның бизнес-үлгісін өзгерпейді. Егер портфельді басқару әділ құн негізінде жүзеге аспаса, бизнес-үлгінің мақсаты активтерді ұстап отыру арқылы келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымын алу болуы ықтимал. |
3 мысал Ұйым бизнес-үлгісінің мақсаты клиенттерге қарыз беру және осы қарызды секьюритизация бойынша компанияға ары қарайғы болып табылады. Секьюритизация бойынша компания инвесторларға арналған құралдар шығарады. Бастапқыда қарыз берген ұйым секьюритизация бойынша компанияны бақылайды және оны біріккен есепке қосады. Секьюритизация бойынша компания қарыздар бойынша келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алады және оларды инвесторларға жібереді. Осы мысалдың мақсаттары үшін, қарыздар қаржы жағдайы туралы біріккен есепте көрсетілуін жалғастырып жатыр делік, өйткені секьюритизация бойынша компания олардың танылуын тоқтатпаған. | Біріккен топ келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымын алу үшін берілген қарыздарды ұстап қалды. Бірақ, бастапқыда қарыз берген ұйым секьюритизация бойынша компанияның несиелерін сату жолымен несиелік портфелі бойынша ақша ағымдарын сатуды мақсат етеді. Осылайша, оның жеке қаржы есептілігінің ауқымында ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарын алу мақсатында портфель басқарушы ретінде қарастырылмайды. |
B4.1.5 Мақсаты келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымын алу үшін құралдарды ұстап отыру болып табылмайтын бизнес-үлгінің бірінде ұйым активтер сату жолымен ақша құралдары ағымын орындау мақсатында қаржы активтерінің портфелін атқарумен айналысады. Мысалы, ұйым мақсаты белсенді сату мен сатып алуларға әкелу болып табылады, және ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымын алу үшін емес, әділ құн өсімін орындау үшін құралдарды басқарумен айналысады.
B4.1.6 Әділ құн (4.2.2(b) - тармағында көрсетілгендей) негізінде орындалуы бағаланған басқарылатын қаржы активтері портфелін келісімшартта қарастырылған ақша құралдары ағымын алу мақсатында ұсталынбайды. Сондай-ақ, саудаға арналған портфельдің анықтамасына сай, қаржы активтерінің портфелі анықтамаға сай, келісімшартта қарастырылған ақша құралдары ағымын алу мақсатында ұсталынбайды. Мұндай құрал портфелі өзгерісі пайда мен залал құрамында көрсетілген әділ құн бойынша бағалануы тиіс.
Тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылмайтын келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымы
B4.1.7 4.1.1 тармағы ұйым (4.1.5 тармағы қолданылмаса) қаржы активін келісімде қарастырылғанақша құралдарының ағымын алу үшін басқарылатын қаржы активтерінің тобына кіретін келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымымен байланысты қаржы активтерінің сипаттамасына қарай, амортизацияланған немесе әділ құн бойынша бағаланған ретінде сыныптауын талап етеді.
B4.1.8 Ұйым келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымы қаржы активі түрінде берілген негізгі қарыз есебіне төленетін төлем және төлемі өтелмеген валютадағы негізгі қарыз сомасының пайызы ретінде болып табылатын-табылмайтындығын бағалауы тиіс (В.5.7.2 -тармағын қараңыз).
B4.1.9 Иінтірек әсері (левередж) келісімшартпен қарастырылған ақша қоры ағымымен байланысты кейбір қаржы активтерінің сипаттамасы. Иінтірек әсері келісімшартпен қарастырылған ақша қоры тағымының өзгерісін ұлғайта түседі. Нәтижесінде, оларда пайыздың экономикалық сипаттамасы болмайды. Жеке опциондар, форвард және своптар қаржы активтерінің мысалы болып табылады және олар иінтірек (левередж) әсерімен сипатталады. Сондықтан мұндай шарттар 4.1.2(b) -тармағының шарттарын қанағаттандырмайды және нәтижесінде амортизацияланған құн бойынша бағалана алмайды.
B4.1.10 Эмитентке (яғни, борышкерге) борыштық құралдың алдын-ала төлемін жасауға немесе иемденушіге (несиегерге) борыштық құралды эмитентке мерзімінен бұрын қайтарудағы келісімшарт тәртібі келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын ретінде берілген негізгі қарыз есебіне төленетін төлем және төлемі өтелмеген валютадағы негізгі қарыз сомасының пайызын шарттайды, егер:
(a) өзгерістерден қорғайтын баптарды қоспағанда, шарттар келешек оқиғаларға тәуелді емес:
(i) иемденушіні эмитент несиеқабілеттілігінің нашарлауынан (мысалы, дефолттар, несие рейтингінің төмендеуі немесе борыш бойынша келісімдік міндеттемелердің бұзылуы) немесе эмитентті басқарушы органдардың ауысуынан, немесе
(ii) иемденуші немесе эмитентті сәйкес салықтар немесе заңдардағы
(b) келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін бірталай қосымша өтемақыны қамтитын айтарлықтай деңгейде алдын ала төлем сомасы өтелмеген негізгі қарыз сомасы және негізгі қарыз сомасының өтелмеген пайызын көрсетеді.
B4.1.11 Мына жағдайларда келісімнің эмитентке немесе иемденушіге қарыздық құралдың келісімдік мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін шарттары (мысалы, пролонгация мүмкіндігі) тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын келісім бойынша ақша құралының ағымдарын шарттайды:
(a) өзгерістерден қорғайтын баптарды қоспағанда, шарттар келешек оқиғаларға тәуелді емес:
(i) иемденушіні эмитент несиеқабілеттілігінің нашарлауынан (мысалы, дефолттар, несие рейтингінің төмендеуі немесе борыш бойынша келісімдік міндеттемелердің бұзылуы) немесе эмитентті басқарушы органдардың ауысуынан, немесе
(ii) иемденуші немесе эмитентті сәйкес салықтар немесе заңдардағы
(b) ықтимал пролонгацияның шарттары борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем ғана болып табылатын ақша құралдарының ағымын пролонгация кезеңінде қамтамасыздандырады.
B4.1.12 Мына шарттар орындалған жағдайды қоспағанда, негізгі борыш пен пайыздар мерзімін немесе сомасын өзгертетін келісім шарттары
(a) Негізгі соманың өтелмеген қалдығымен байланысты ақша мен несиелік тәуекелдің (бастапқы тануда бекітілгендіктен, белгіленген болады) уақытша құнын өтеу болып табылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлеме болғанда, және
(b) Егер келісім шарттары алдын-ала төлем жасау мүмкіндігін қарастыратындықтан, B4.1.10 -тармағының шарттарына жауап берсе, немесе
(c) Егер келісім шарттары пролонгация мүмкіндігін қарастырғандықтан, B4.1.11 -тармағының шарттарына жауап берсе.
B4.1.13 Төменде келтірілген мысалдар тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылатын келісім бойынша ақша құралдарының ағымын суреттейді. Ұсынылған мысалдар тізбегі шектеулі емес.
Құрал | Сараптама |
Құрал А Құрал өтеу мерзімі жарияланған облигация болып табылады. Негізгі борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлемдер құрал шығарылған валютада есептелген инфляцияға байланады. Инфляцияға байлау несиемен жабылмайды (левереджсіз) және борыштың негізгі сомасы қорғалған. | Келісім бойынша ақша құралдарының ағымы тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылады. Негізгі борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлемдер құрал шығарылған валютада есептелген инфляцияға левереджсіз байлануы ақшаның уақытша құнын ағымдағы деңгейге дейін өзгертеді. Басқаша сөздермен,құрал бойынша пайыздық мөлшерлеме «шынайы» пайыздарды көрсетеді. Осылайша, пайыздар қарыз бойынша негізгі сома қалдығының өтеуі ақшаның уақытша құнына өтемақы болып табылады. Дегенмен, пайыздар төлемі өзге бір өзгерімпаз көрсеткіш бойынша, мысалы, борышкер қызметінің нәтижесі бойынша (мысалы, борышкердің таза табысы бойынша) немесе капитал индексі бойынша индекстелген болса онда келісім бойынша ақша құралдарының ағымы тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылмайды.Бұл жағдай пайыздық төлемдер қарыздың өтелмеген сомасымен байланысты ақша мен несиелік тәуекелдің уақытша құнының өтеуі болмағандықтан орын алады. Бұл жерде нарықтық пайыздық мөлшерлемемен келісілген, келісім бойынша пайыздық төлемдердің өзгерімпаздығы байқалады. |
Құрал | Сараптама |
Құрал B B құралы құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге ие және өтеу мерзімі белгіленген болып табылады, сондықтан несиегер нарықтық пайыздық мөлшерлемені тұрақты негізде таңдай алады. Мысалы, пайыздық мөлшерлемені өзгертудің әрбір күніне несиегер үш ай мерзіміндегі ЛИБОР үш айлық мөлшерлемесін таңдай алады, немесе бір айлық мерзімдегі ЛИБОР бір айлық мөлшерлемесін таңдай алады. | Құралдың қызмет ету мерзіміндегі төленетін пайыздар осы құралмен байланысты ақшалар мен несиелік тәуекелдердің уақытша құнының өтемақысын көрсеткен жағдайда ғана қарастырылған ақша құралдарының ағымы тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылады. ЛИБОР мөлшерлемесі құралдың қызмет ету мерзімі бойында өзгеріп тұратындығы ғана құрал сыныптама талаптарына сәйкес келмейтіндігін білдірмейді. Дегенмен, егер несиегер үш айлық мерзім үшін бір ай мерзіміндегі ЛИБОР мөлшерлемесін таңдай мүмкіндігіне алса, және осындай бір айлық мөлшерлеме әр ай сайын өзгеріп тұрмаса, келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымы негізгі борыш пен пайыздар сомасының есебіне төлем болып табылмайды. Балама сараптама қарыз алушы несиегердің жарияланған бір айлық құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі мен несиегердің жарияланған құбылмалы үш айлық мөлшерлемесі арасында таңдау құқығына ие болса ғана заңды болады. Дегенмен, егер құрал өз қызмет етуінің қалған мерзімінен асып кететін мерзімге негізделетін келісімдік пайыздық мөлшерлемеге ие болса, келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлемдері болып табылмайды. Мысалы,үздіксіз өзгерістерге тап болатын бірақ үнемі бес жылдық өтеу мерзімін көрсететін, өтеу мерзімі құбылмалы мөлшерлемемен бес жылға тең облигация борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын ақша құралдары ағымын қамтамасыздандырмайды. Бұл жағдай әрбір кезең бойында төленуге тиіс пайыздар құралдың қызмет ету мерзімімен (оның шығарылу мерзімін есепке алмағанда) байланысты болмағандықтан орын алады. |
|
|
Құрал | Сараптама |
Құрал C С құралы - бұл өтеу мерзімі мәлімделген және құбылмалы нарықтық пайыздық мөлшерлемелі облигация. Бұл құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің белгіленген макисмумы бар («кэп»). | (a) бекітілген пайыздық мөлшерлемесі бар құралдан, және (b) құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар құралдан түсетін келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы пайыздық мөлшерлеме құралдың қызмет ету мерзімінде құралмен байланысты ақша мен несиелік тәуекелдердің уақытша құнының өтемақысын көрсеткен жағдайда борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылады. Осылайша, (а) және (b) комбинациясындағы құрал (мысалы, бекітілген максимумы бар пайыздық мөлшерлемедегі облигация) тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын ақша құралдарының ағымын қамтамасыздандыра алады. Мұндай функция құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге шектеу қою арқылы ақша құралдарының ағымының өзгерімпаздығын төмендетуі мүмкін (мысалы, пайыздық мөлшерлеменің ең үлкен және ең кіші көрсеткіші («кэп» және «флор»)) немесе бекітілген пайыздық мөлшерлеме құбылмалыға айналуына байланысты ақша құралдарының ағымының өзгерімпаздығы көтеріледі. |
Құрал D D құралы толық регресс құқығына ие несие болып табылады (қаржы құралының сатушыға айналымы құқығы) және кепілдемемен қамтамасыздандырылған. | Толық регресс құқығы бар несиенің кепілдемемен қамтамасыздандырылғаны қаншалықты тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатындығының сараптамасына әсер етпейді. |
B4.1.14 Төменде келтірілген мысалдар борыш сомасының және негізгі борыштың өтемеген сомасының пайыздаының есебіне төлем болып табылмайтын келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын көрсетеді. Келтірілген мысалдар тізімі толық толық емес.
Құрал | Сараптама |
Құрал E E құралы эмитенттің қарыздық құралдарына айырбасталатын облигация болып табылады. | Иемденуші айырбасқа түсетін облигацияны толықтай сараптайды. Пайыздық мөлшерлеме ақша мен несиелік тәуекелдің уақытша құнын көрсетпейтіндіктен, келісім бойынша ақша құралдары ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылмайды. Сондай-ақ, табыстылық эмитент капиталының құнымен байланысты. |
Құрал F F құралы кері құбылмалы пайыздық мөлшерлеме төленетін несие болып табылады. (яғни, пайыздық мөлшерлеме нарықтық пайыздық мөлшерлемеге кері тәуелді). | Келісім бойынша ақша құралдары ағымы тек қана борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылмайды. Пайыздар сомасы негізгі борыштың өтелмеген сомасы ақшаның уақытша өтемақысы болып табылмайды. |
Құрал G G құралы мерзімсіз құрал болып табылады, бірақ эмитент құралды кез-келген уақытта қайта шақырып алуы мүмкін және иемденушіге кесімді құн мен қосылған пайыздарды қосып төлеп беруі мүмкін. G құралы бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлеме төленеді, бірақ пайыздар эмитент тек осындай төлемнен кейін төлей алатын болып қалған жағдайда ғана төленеді. Пайыздардың шегерілген төлеміне пайыздар қосылмайды. | Келісім бойынша ақша құралдары ағымы тек қана борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылмайды. Бұл жағдай эмитентке пайыздар бойынша төлемдерді кері шегіндіру қажет болуы мүмкін және осы шегіндірілген төлемдерге қосымша пайыздар қосылмайды. Нәтижесінде, пайыздар сомасы өтелмеген негізгі құн бойынша ақшаның уақытша құнының компенсациясы болып табылмайды. Егер шегерілген сомаға пайыздар қосылса, борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлемдер келісім бойынша ақша құралдары ағымы бола алады. Тек G құралының мерзімсіз болуы ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болатындығын білдірмейді. Негізінде, мерзімсіз құрал үздіксіз (бірнеше рет) ұзартуды қарастырады. Мұндай мүмкіндік пайыздық төлемдер міндетті және үздіксіз жасалып тұру керек болса, борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын ақша құралдарының ағымына әкелуі мүмкін. Осыдан өзге, G құралының қайта шақырылатын құрал болып табылатындығы ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болмайтындығын білдірмейді. Бұл шарт осы құрал тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарын өтеуді білдіргенде ғана орындалмайды.Қайта шақырып алынатын сома иемденушінің құралды мерзімнен бұрын өтеуін қамтамасыз ететін соманы қоса көрсетсе де, ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем бола алады. |
B4.1.15 Кейбір жағдайларда қаржы активі негізгі борыштың сомасы және пайыздар ретінде көрсетілетін келісім бойынша ақша құралының ағымдары ретінде сипатталуы мүмкін; бірақ мұндай ақша құралдарының ағымы осы стандарттың 4.1.2 (b) және 4.1.3 -тармақтарына сәйкес, борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем бола алмайды.