Бүкіл ұйым бойынша ақпаратты ашып көрсету
31 32-34 тармақтар, жалғыз есепті бөлімі бар ұйымдармен қоса, осы ХҚЕС (IFRS) бойынша есеп беретін барлық ұйымдарға қолданылады. Кейбір ұйымдардың іскерлік қызметтері қызмет ететін географиялық аймақтардағы өзара байланысты өнімдер мен қызметтердің айырмашылықтары бойынша ұйымдастырылмаған. Осындай ұйымның бөлімдері негізінен әртүрлі болып келетін кең ауқымды өнімдер мен қызметтерден түсетін түсім туралы есеп беруі мүмкін немесе бірнеше есепті бөлімдері негізінен бірдей өнімдер мен қызметтермен жабдықтаумен айналысуы мүмкін. Осыған ұқсас, ұйымның есепті бөлімдері әртүрлі географиялық аймақтарда активтерді иеленуі мүмкін және әртүрлі географиялық аймақтардағы тұтынушылардан түсетін түсімдер туралы баяндауы мүмкін немесе бірнеше есепті бөлімдері бір географиялық аймақта қызмет етуі мүмкін. 32-34 - тармақтарда талап еткен ақпарат, тек осы ХҚЕС (IFRS) талап еткен есепті бөлімнің ақпаратының бөлігі ретінде берілмеген болса ғана берілуі тиіс.
Өнімдер мен қызметтер туралы ақпарат
32 Ұйым сыртқы тұтынушылардан түсетін түсімдерді әрбір өнім және қызмет бойынша немесе ұқсас өнімдер мен қызметтердің әрбір тобы бойынша, ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болса, оны табу құны шектен тыс болмаса баяндауы тиіс. Ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болмаса, оны табу құны шектен тыс болса, бұл ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Баяндалған түсімдердің мөлшерлері ұйымның қаржылық есептіліктерін әзірлеуге қолданылған қаржылық ақпаратқа негізделуі тиіс.
Географиялық аймақтар туралы ақпарат
33 Ұйым ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болса, оны табу құны шектен тыс болмаса, төмендегідей географиялық ақпаратты баяндауы тиіс:
(a) ұйым түсімін бөліп алатын сыртқы тұтынушылардан түсетін (і) ұйымның тұрғылықты жеріне жатқызылған және (іі) барлық шет елдерге жатқызылған түсімдердің барлығы. Егер сыртқы тұтынушылардан түсетін жеке шет елге жатқызылған түсімдер елеулі болса, сол түсімдер бөлек ашып көрсетілуі тиіс. Ұйым сыртқы тұтынушылардан түсетін түсімдерді жеке елдерге жатқызу негіздемесін ашып көрсетуі тиіс.
(b) ұйым активтерін иеленетін (і) ұйымның тұрғылықты жерінде орналасқан және (іі) барлық шет елдерге орналасқан, қаржылық құралдардан басқа ұзақ мерзімді активтердің[2], кейінге қалдырылған салық активтерінің, еңбек мерзімі аяқталғаннан кейінгі зейнетақы активтерінің және сақтандыру келісімшарттары бойынша туындайтын құқықтардың барлығы. Егер жеке шет елдегі активтер елеулі болса, сол активтер бөлек ашып көрсетілуі тиіс.
Баяндалған сомалар ұйымның қаржылық есептіліктерін әзірлеуге қолданылған қаржылық ақпаратқа негізделуі тиіс. Қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болмаса, оны табу құны шектен тыс болса, бұл ақпарат ашып көрсетілуі тиіс. Ұйым осы тармақ бойынша талап етілген ақпаратпен қатар, бірнеше елдер топтары бойынша георафиялық ақпараттың аралық қорытындысын беруіне болады.
Негізгі тұтынушылар туралы ақпарат
34 Ұйым өзінің негізгі тұтынушыларына тәуелділігінің дәрежесі туралы ақпарат беруі тиіс. Егер жалғыз сыртқы тұтынушымен жасалатын операциялардан түсетін түсімдер ұйымның түсімдерінің 10 немесе одан көп пайызын құрайтын болса, ұйым аталмыш ақпаратты, тұтынушылардың әрқайсысынан түсетін түсімдердің жалпы мөлшерін, және түсімдерді баяндайтын бөлімнің немесе бөлімдердің атауын ашып көрсетуі тиіс. Ұйымның негізгі тұтынушыны немесе әрбір бөлім баяндаған сол тұтынушыдан түскен түсімнің сомасын атап көрсетуі міндетті емес. Осы ХҚЕС (IFRS) тұрғысынан, есеп беруші ұйымға бірлесіп басқарылатындығы белгілі болған ұйымдар тобы жалғыз тұтынушы деп саналуы тиіс. Дегенмен, егер де мемлекет (мемелкеттік агенттіктерді және жергілікті, ұлттық немесе халықаралық ұқсас мекемелерді қоса алғанда) немесе осы мемлекеттің бақылауындағы есеп беруші ұйымдар жалғаз тұтынушы деп саналуы тиіс екендігі қарастыруға жатады.
Күшіне ену күні және өтпелі кезең шарттары
35 2009 жылдың сәуір айында шығарылған ХҚЕС (IFRS) Жетілдірулер 23 тармақты өзгертті. Ұйым осы өзгертулерді 2010 жылдың 1 қаңтарынан немесе аталған күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Көрсетілген мерзiмнен бұрын қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы өзгертулерді көрсетілген мерзiмнен бұрын басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол бұл ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
35A Ұйым осы ХҚЕС-ын (IFRS) өзінің жылдық қаржылық есептіліктерінде 2009жылдың 1 қаңтарынан немесе аталған күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдер ішінде қолдануы тиіс. Көрсетілген мерзiмнен бұрын қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы ХҚЕС-ын (IFRS) өзінің қаржылық есептіліктерінде 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол бұл ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
36 Қолданудың алғашқы жылына қатысты салыстырмалы мәліметтер ретінде көрсетілген сегменттер бойынша өткен жылдар бойынша мәліметтер (2009 жылдың сәуірінде жасалған өзгертулерді қоса алғанда) егер де қажетті мәлімет қол жетімсіз және оны дайындау бойынша шығындар шамадан тыс болмаған жағдайда осы ХҚЕС (IFRS) шарттарына сәйкес қайта баяндалуы тиіс.
36А 1 ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакция) бойынша ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 23(f) -тармағына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
36B 24 ХҚЕС (IAS) Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету (2009 жылғы редакция бойынша) 2011 жылдың 1 қаңтарынан немесе аталған күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдер үшін 34 тармағын өзгертті. Егер ұйым 24 ХҚЕС (IAS) (2009 жылғы редакция бойынша) көрсетілген мерзiмнен бұрын басталатын кезеңге қатысты қолданса, 34-тармағындағы өзгертуді сол ерте кезеңге қолдануы тиіс.
37 Осы ХҚЕС 14 Бөлім бойынша есеп беру ХҚЕС-тың (IAS) орнын басады.
А Қосымшасы
Терминдер анықтамасы
Осы қосымша осы ХҚЕС-ының ажырамас бөлігі болып табылады.
операциялық сегмент | Операциялық сегмент төмендегідей ұйымның құрамдас бөлігі болып табылады: (a) өзіне түсімдер түсетін және өзінен шығындар жұмсалатын (сол ұйымның басқа бөліктерімен жасалатын операцияларға қатысты түсімдер мен шығындармен қоса) іскерлік қызметтермен айналысатын; (b) сегментке бөлінетін ресурстар жөнінде шешімдер қабылдау және бөлімнің жұмысын бағалау үшін операциялық нәтижелеріне ұйымның бас операциялық шешім қабылдаушы ұдайы шолу жасайтын, және (c) бөлек қаржылық ақпаратына қол жеткізуге болатын. |