3) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияларды іске асырады;
4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
5) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;
6) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізеді;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекетік бақылауды жүзеге асыруға;
5) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардан аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтінімдер қабылдауға құқылы.
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаржысы есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
16-2-бап. Аттестаттау және қайта аттестаттау
1-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін алуға тілек білдірген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізіледі.
2. Аттестат беріле отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін беру уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
Аттестаттың қолданылу мерзімі - бес жыл.
3-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Қайта аттестаттау аттестаттың қолданылу мерзімін ұзартуға тілек білдірген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің өтініші бойынша жүргізіледі.
4. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
Аттестаттың қолданылуы:
1) аттестаттың қолданылу мерзімі өткен;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект аттестатты қайтару туралы өтініш берген;
3) сот аттестаттан айыру туралы шешім шығарған жағдайларда тоқтатылады.
Ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар аттестаттауға жатпайды.
16-3-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаржысы есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға жатады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердің малдың шығу тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық қасиеттері неғұрлым құнды асыл тұқымды мал туралы деректері асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
Асыл тұқымды малы бар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзуге және қолда бар асыл тұқымды малдарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп беруге құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда ғана қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп береді.
Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық кiтабына және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де қасиеттерін растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен және нысан бойынша селекциялық карточка және асыл тұқымды мал карточкасын рәсімдейді.
16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
2) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
2) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды;
3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-тарау. 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және пайдалану және оны бағалау
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану
1. Өнiм (материал) егер:
1) малдың селекциялық карточкасы, асыл тұқымдық карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі болған;
2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған;
5) инкубациялық жұмыртқа және тәуліктік балапандар асыл тұқымды репродукторларда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
6) уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
7) асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды аналық бал аралары және бал ара пакеттері асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда, асыл тұқымды деп танылады.
2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 18-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану
Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;
4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.
Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малды сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жеке және заңды тұлғалар алған асыл тұқымды мал Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен пайдаланылады.
Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бағалаудан өткен және бағаланған тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияд; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Бағалау
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тиесілі асыл тұқымды және селекциялық мал міндетті түрде бағалауға жатады.
Бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар) жүргізеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер бағалаудан өтпеген асыл тұқымды және селекциялық малды тұқымды өз төлінен өсіру үшін өткізуге құқылы емес.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 20-бап өзгерді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау
Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
14.12.01 ж. № 269-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.
Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық зауыттар;
2) асыл тұқымдық шаруашылықтар;
3) асыл тұқымдық орталықтар;
4) дистрибьютерлiк орталықтар;
5) бағалаушылар (сыныптаушылар);
6) техник-ұрықтандырушылар;
7) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
8) асыл тұқымдық репродукторлар;
9) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар жатады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:
асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгілі бір тұқымының сынақтан өткен зауыттық және бір тұқым ішіндегі, аймақтық типін, зауыттық тұқымдық желісін өсіру, жетілдіру және сату;
асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;
малдың жаңа тұқымдарын және зауыттық, бір тұқым ішіндегі, аймақтық типтерін, зауыттық желілерді шығару;
асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңына сәйкес 25-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, асыл тұқымдық желiлерiн және типтерiн, оның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) сату;
асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;
асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;
5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым, сапалық және сан құрамын уәкілетті орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым, сапалық жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргізу болып табылады.
2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары малды қолдан ұрықтандыру болып табылады.
3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желілерін және (немесе) арғы ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберінде және ғылым жетістіктеріне сәйкес асыл тұқымды, оның ішінде гендік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін жетілдіру;
4) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 28-2-баппен толықтырылды
28-2-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата
1. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және қызмет ететін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеледі.
Қазақстан Республикасының аумағында ірі қара малдың әр тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады және қызмет етеді, ол облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) құруға құқылы.