Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгіндегі шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және білім беру қызметтерiн көрсететiн білім беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);
3) «қатер» тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала (балалар);
4) дене кемiстiгi - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы;
5) психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар;
6) күрделi кемiстiк - психикалық және дене кемiстiгiнiң кез келген ұштасуы;
7) ауыр кемiстiк - мемлекеттік (оның iшiнде арнаулы) білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетiмдi болмайтын және оқыту мүмкiндiктерi өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдердi және қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы тар кәсiби даярлықты меңгерумен шектелетiн дәрежедегi психикалық және (немесе) дене кемiстiгi;
8) ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау;
9) әлеуметтiк бейiмдеу - нысаналы әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесiнде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын игеруi мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi түрде икемделуi;
10) әлеуметтiк жұмыс - жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтiк жұмыс істеуіне кедергі келтiретiн бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтiк құқықтары мен кепiлдiктерiн iске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет;
11) скрининг - «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру;
12) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - әр түрлi кемiстiктердi анықтау мен емдеудiң, оқыту мен тәрбиелеудiң сайма-сай жағдайларын белгiлеу үшiн балалардың психикалық-дене дамуын кешендi салааралық бағалау;
13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған немесе семiп қалған функцияларын емдеуге, қалпына келтiруге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;
14) арнаулы білім беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар;
15) арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру;
16) арнаулы білім беру жағдайлары - техникалық және өзге де көмекшi құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және кемтар балалардың білім беру бағдарламаларын игеруi онсыз мүмкiн болмайтын өзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы білім алу үшiн жасалатын жағдайлар;
17) арнаулы білім беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер және басқа да ұйымдар;
18) арнаулы түзеу ұйымдары - дамуында кемтар болып қалған:
есту қабiлетi бұзылған (естiмейтiн, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);
көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған);
жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған;
сөйлеу қабiлетi бұзылған;
ақыл-ойы кенжелеп қалған;
психикалық дамуы тежелген;
эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арналған ұйымдар;
19) психологиялық тексеру - кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау;
20) әлеуметтiк тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, дене кiрiптарлығына, жинақылығы, әдеттегi қызметпен айналысу қабiлетi, экономикалық дербестiгi мен қоғамға кiрiгу қабiлетi шектелуiне байланысты болуы мүмкiн әлеуметтiк кемiстiктер дәрежесiн анықтау;
21) медициналық тексеру - балалардың тiршiлiк-әрекетiнiң шектелуiне себеп болатын жекелеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының) бұзылу (болмау) түрiн, ауырлығын анықтау;
22) педагогикалық тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;
23) кәсiби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемiстiгiн ескере отырып балалардың еңбек қызметiнiң немесе кәсiптiң дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау;
24) кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйi деңгейiнiң болжамын, психикалық-дене төзiмдiлiгiн, отбасының әлеуметтiк мәртебесi мен әлеуметтiк инфрақұрылым мүмкiндiктерiн ескере отырып, оның қажеттiлiктерiнiң құрылымына, ден қоятын мәселелерiнiң шеңберiне, құштарлықтарының деңгейiне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметке қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк iс-шаралар тiзбесi;
25) уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтiк қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттік қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi.
3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi
1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.
2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:
1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру;
3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету;
4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады.
3. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мiндеттерi:
1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн құру;
2) арнаулы білім берудi және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi жүзуге асыратын ұйымдар желісін дамыту;
3) кемтар балаларды әлеуметтiк бейiмдеу;
4) кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қолдау;
5) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;
6) халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерi жөніндегі қызметiн сабақтастыру болып табылады.
4. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мынадай принциптерге:
1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтiк қолдау және оңалту көмегiн көрсету кепiлдiгiне;
2) кемтар баласы бар отбасы мен әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына;
3) балалардың қабiлеттерiнiң шектелу дәрежесiне, жасына, әлеуметтiк мәртебесiне қарамастан, ерте қолдау мен білім алуға қол жеткiзуiне және тең құқықтылығына;
4) әрбiр балаға жеке тұрғыдан келiп, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетудi саралауға негiзделедi.
2-тарау. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі:
1) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдау бағдарламаларын бекiтедi;
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандырудың мемлекеттік стандарттарын айқындайды;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемiн бекiтедi;
4) кемтар балаларға арналған мектепке дейiнгi арнаулы тәрбие мен оқытудың және жалпы арнаулы білім берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім беру стандарттарын әзiрлеу, бекіту тәртібін белгiлейдi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) бала тууға көмектесетiн мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде «қатер» тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған «қатер» тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу тәртібін белгiлейдi;
2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi;
3) білім беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, «қатер» тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi;
4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
`
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:
1) мектепке дейінгі арнаулы тәрбие мен оқытудың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудiң мемлекеттік білім беру стандарттарын белгiлейдi;
2) барлық білім беру ұйымдары үшiн арнаулы білім беру шарттарының бiрыңғай принциптерi мен нормативтерiн айқындайды;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) ведомстволық статистикалық байқау жүргізу барысында алынған алғашқы статистикалық деректер негiзiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен бiрлесе отырып кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн жүргiзедi;
3) кемтар балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шектi толымдылығын айқындайды;
4) арнаулы білім беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшiн білім беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды;
5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi;
6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды;
7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) білім беру ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
9) арнаулы білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) басқа мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесіп, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми негiздемелеудi ұйымдастырады;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдаудың бағдарламасын әзiрлейдi;
3) әлеуметтiк қызметкерлер қызметiнiң функциялары мен сипатын айқындайды, мамандықтардың тiзбесi мен оларға қойылатын біліктiлiк талаптарын белгiлейдi, әлеуметтiк қызметкерлерге әдiстемелiк көмек көрсетедi;
4) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң әлеуметтiк нормативтерiн, түрлерi мен нысандарын әзiрлейдi;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) әлеуметтiк қызметтердi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
7) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттарын, тегiн әлеуметтiк қызмет көрсетудiң тәртібін әзiрлейдi;
8) әлеуметтiк қызметкерлердiң біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) үйде оқыту бағдарламаларын қоса алғанда, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды бекiтедi;
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламалардың орындалуынa бақылау жасауды жүзуге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) үйде оқыту бағдарламаларын қоса алғанда, кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөнiнде бағдарлама әзiрлеп, оны мәслихаттардың бекітуiне ұсынады; кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ереже әзiрлейдi; үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде, балалар емханаларында, әйелдердi босандыру мекемелерiнде скрининг ұйымдастырады;
4) скрининг нәтижесiнде анықталған «қатер» тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімiмен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi;
5) кемтар балаларды арнаулы білім беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастырады және оларды басқа білім беру ұйымдарында оқыту үшiн жағдай жасайды;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) арнаулы білім беру ұйымдары мен психикалық және (немесе) дене кемiстiктерiн анықтау, есепке алу мен түзеу салаларында жұмыс iстейтiн кадрларды қайта даярлауды, біліктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады;
8) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөніндегі әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөніндегі қызметтi үйлестiредi;
9) жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, кепiлдiктi медициналық қызмет көрсетiлу және тегiн білім алу құқықтарын iске асыруды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек алуды және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлудi қамтамасыз етедi;
10) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi;
11) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң шешiмiмен кезең-кезеңiмен, үш жыл iшiнде алпыс мың балаға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда - оңалту орталықтары, аудан орталықтарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi құрылады.
3-тарау. Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет
9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы білім беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар
1. Медициналық қызметтердi: ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ана мен баланы қорғау ұйымдары, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн ұйымдар, консультациялық-диагностикалық поликлиникалар, медициналық оңалту орталықтары жүзеге асырады.
2. Медициналық қызметтерге:
1) «қатер» (скрининг) тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жас сәби балаларды жаппай стандартты тексеру;
2) туа бiткен, тұқым қуалаған және жүре пайда болған патологияның тереңдетiлген диагностикасы;
3) психика-дене дамуында ауытқулары бар балаларды медициналық түзеу және оңалту;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетiн өзге де қызметтер жатады.
3. Кемтар балаларға арналған арнаулы білім беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да арнаулы түзеу ұйымдары көрсетедi.
4. Арнаулы білім беру қызметтерiн көрсетуге:
1) балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн анықтау және оқыту мен тәрбие берудiң түрi мен нысанын таңдау үшiн олардың мүмкiндiктерiн айқындау мақсатымен оларды тереңдетiлген және кешенді тексеру;
2) кемтар сәби, мектепке дейiнгi жастағы және мектеп жасындағы балаларды психологиялық-педагогикалық жағынан түзеу, оқыту мен тәрбиелеу;
3) еңбекке баулу, кәсiби диагностика;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтер көрсету жатады.
5. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн ұйымдар: халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерi, протез-ортопедия бұйымдарын шығаратын, техникалық және көмекшi құралдарды дайындайтын ұйымдар.
6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге:
1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;