24. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
25. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
1) 1-бапта:
3) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) асыл тұқымдық зауыт - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, белгiлi бiр тұқымға жататын, сапалық сынақтан өткізілген құндылығы жоғары малдың зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерін, зауыттық желiсін өсiру, жетiлдiру және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;»;
«10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі - уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;»;
13), 14) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) асыл тұқымдық орталық - асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
14) асыл тұқымдық репродуктор - құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк үйiрiн өсiру, жетiлдiру және өткiзу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;»;
«17) асыл тұқымдық шаруашылық - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желілерін және типтерін өсiру мен өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;»;
18) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
22), 39) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) бағалаушы (сыныптаушы) - малды бағалау жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;»;
«39) техник-ұрықтандырушы - малды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;»;
«44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман - жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;»;
2) 11-баптың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін;»;
3) 13-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;»;
28) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, жартыжылдық тексерулер жүргізудің жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) 16-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.»;
5) 16-1-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 16-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін ол туралы уәкілетті органға «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама жасауға міндетті.
2. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) асыл тұқымдық зауытты немесе асыл тұқымдық шаруашылықты немесе асыл тұқымдық репродукторды бағалаудың ең төменгі көрсеткішіне сай болуға;
3) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) жүргiзуге;
4) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
5) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
3. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар хабарламаға мыналардың:
1) жеке куәлігінің (жеке тұлғалар үшін);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін);
3) жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, тұқымдары, типтері, кросстары сапалық анықтаудан өткізілген немесе жасалған малмен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының;
4) мыналарды:
тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды малды, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын күтіп-ұстауды және пайдалануды (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды мал төлін, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желiлері мен типтерін өсiруді және өткізуді (асыл тұқымдық шаруашылықтар үшін);
құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) арғы ата-енелiк үйiрiн өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін);
құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк үйiрiн өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
5) объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмелерін қоса береді.
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуге;
3) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) жоғары өнiмдi асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің;
2) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайларының (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
3) сәйкестендіру жүргізуді растайтын ветеринариялық паспорттардың;
4) жергілікті атқарушы органның селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын анықтамасының көшірмелері қоса беріледі.
5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бағалау курстарынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын телу (ауыстырып салу) бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
9. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарлама жасамай-ақ жүзеге асырады.
10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген жағдайда құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
26. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
7-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
27. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Сапаны сыртқы бақылауды жүргiзудiң ережесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген» деген сөздер «Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.».
28. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
29. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағының 25) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«25) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;»;
«30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) карантинге жатқызылған өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және қадағалау объектілерін тексеріп қарау, қарап тексеру, фитосанитариялық сараптама жүргізу және қажет болған жағдайда, залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе олар фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;»;
4) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттерi арқылы ғана рұқсат етiледi.
Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендік құжаттарды ресімдеу фитосанитариялық қадағалаудан өткiзiлгеннен кейін жүргізіледi.
Егер басқа мемлекеттердiң карантиндік шаралары Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, олар танылады.
Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлiк құралдарымен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.»;
2-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарысыз карантинге жатқызылған өнімді;»;
4-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк қарап тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмден карантиндiк объектiлер анықталған кезде Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады.».
30. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары
1. Этил спиртiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес:
1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.