19-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
11. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 25-баптың екінші бөлігінде:
8) тармақша алып тасталсын;
9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;»;
«11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;».
12. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 4-5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi;»;
2) 5-1-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 10-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлiк оқ-дәрiлердi қоспағанда) сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың айнадымының және олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуын бақылауға; көрсетілген заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды әкiмшiлiктiң қатысуымен тексеріп-қарауға; қаруды есепке алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардың қолындағы қаруды, оқ-дәрiлерді және оларды қолдану қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында олар сақталатын орындарды тексеріп-қарауға; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану қағидалары бұзылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға;»;
4) 11-баптың 1-тармағында:
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестiгiне қорытындыны;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге;
атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашуға және олардың жұмыс iстеуіне рұқсаттар беруге;»;
33-5) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеуi;».
13. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарына;»;
2) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын тиісінше ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 мамырына және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырады.».
14. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
44-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
15. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
11-баптың жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
16. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
7-1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
17. «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 6-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 9-5-баптың 5-тармағындағы «және стандарттарды» деген сөздер «және ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-бапта:
үшінші бөліктің он екінші абзацындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілердегі өртке байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасауға;
шөптесін өсімдіктерді өртеу және ашық алаңқайларда арнайы от әсерлерін қолдану жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өтініш берушілер «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабарламалар беруді жүзеге асырады.
Егер іс-қимылды жүзеге асыру үшінші тұлғаларға зиян келтіру қатеріне байланысты болса, хабарламада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өтініш беруші қабылдаған шаралар қосымша көрсетіледі.»;
4) 25-2-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аккредиттеу үшiн ұйым мынадай құжаттарды:
1) электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi;
2) ұйымға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы, жабдық туралы ақпаратты қамтитын, өтініш беруші электрондық құжат нысанында жасаған мәліметтер нысанын;
3) ұйым мамандарының бiлiмi туралы, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердегi жұмыс өтілі, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы құжаттарының электрондық көшiрмелерiн ұсынады.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «отыз» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аккредиттеу аттестаттары эленктрондық құжат нысанында беріледі, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды болады және олардың қолданылу мерзiмi бес жыл.»;
8-тармақтың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері және 11-тармақ алып тасталсын.
18. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
10-2-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
19. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;»;
2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеуді, персонал мен халыққа радиациялық әсерi бар атом энергиясын пайдаланатын қызмет түрлерiн бақылауды және лицензиялауды;»;
3) 8-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту болып табылады.»;
4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiк
1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, иондандырушы сәуленің зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Пайдаланушы ұйым табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық жағдай туралы және (немесе) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған лицензияның қолданылу шарттарының бұзылуы туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
3. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті ядролық қондырғылармен, ядролық материалдармен, радиоактивтiк қалдықтармен, радиоактивтiк қалдықтар және (немесе) пайдаланылған ядролық отын сақтау қоймаларымен, алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттармен, құрамында алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар бар немесе иондандырушы сәуле шығаратын (шығаруға қабілетті) аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуді немесе қандай да бір іс-қимылдарды, операцияларды орындауды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігі саласындағы белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкес пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
ядролық қондырғылар:
жалпы мақсаттағы ядролық қондырғылар;
ядролық отынды дайындау және өндіру жөніндегі қондырғылар;
реактордың түрі көрсетілген атомдық энергетикалық қондырғылар;
реактордың түрі көрсетілген зерттеу атом реакторлары.
Орналастыру пункттері:
жалпы мақсаттағы радиоактивтік қалдықтарды орналастыру пункттері (сақтау қоймалары);
белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
пайдаланылған ядролық отын қоймалары.
Заттар мен материалдар:
изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;
радиоактивтік элементтер құрамы, белсендiлiктің шекті деңгейі және радиоактивтік заттардың агрегаттық жай-күйі көрсетілген алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар.
Радиоактивтік қалдықтар:
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтар;
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтар;
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтар.
Өнеркәсіптік жабдық:
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік рентген жабдығы;
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік радиоизотоптық жабдық;
радиоизотоптық датчиктер мен өлшеуіштер;
рентгендік дефектоскоптар;
радиоизотоптық дефектоскоптар;
рентгендік анализаторлар;
рентгендік тексеріп қарау жабдығы;
радиоизотоптық тексеріп қарау жабдығы;
зарядталған бөлшектердің үдеткіштері негізіндегі тексеріп-қарау жабдығы;
зарядталған бөлшектердің өнеркәсіптік үдеткіштері.
Медициналық диагностикалық жабдық:
жалпы мақсаттағы медициналық рентген жабдығы;
медициналық рентгендік дентальдық жабдық;
медициналық рентгендік маммографиялық жабдық;
медициналық рентгендтік ангиографиялық жабдық;
медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;
медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері.
Медициналық терапиялық жабдық:
медициналық терапиялық рентген жабдығы;
медициналық рентгендік симуляторлар;
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері;
медициналық гамма-терапиялық қондырғылар.»;
5) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын пайдаланушы ұйымдар қамтамасыз етедi. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуін бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.».
20. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат, № 5, 41-құжат):
10-2-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
21. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 16-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
облыстардың, қалалар мен аудандардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.»;
2) 19-баптың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
22. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
25-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
23. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 15-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жиынтық пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен кейінгі әрбiр келiсу кезiнде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда он жұмыс күні ішінде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi, ол нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
2) 36-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбелерiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғанынан кейiн жиырма бiр күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiлмейді.».