Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың
бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2012.26.12. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
235-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)»;
мынадай мазмұндағы 235-1, 237-2, 258-1 және 324-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«235-1-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;
«237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру»;
«258-1-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу»;
«324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу»;
357-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«357-1-бап. Кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiксiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру»;
мынадай мазмұндағы 357-7-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«357-7-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу»;
27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-тарау. Көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар»;
494-баптың тақырыбындағы «тіркеу және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 553-1 және 563-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«553-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган»;
«563-2-бап. Геодезия және картография саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар»;
2) 235-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)
1. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) -
жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 235-1-баппен толықтырылсын:
«235-1-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беру -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына берілген сарапшы аттестатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 237-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«237-бап. Заңсыз құрылыс
Өндiрiстiк, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу -
заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) мынадай мазмұндағы 237-2 және 258-1-баптармен толықтырылсын:
«237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«258-1-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, зауыттық нөмірі көрсетілген, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарт;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 310-1-бапта:
бірінші бөлікте:
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
он үшінші абзацтағы «аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген хабарлама жасауға жататын міндеттерді сақтамауы -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.»;
7) 322-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаппай емшілік сеанстарын (екі немесе одан да көп адам) өткізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу -
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) мынадай мазмұндағы 324-2-баппен толықтырылсын:
«324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу -
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 357-1-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«357-1-бап. Кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiксiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарлама жасау мiндеттi болған жағдайларда, кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаға қолданылмайды.»;
10) мынадай мазмұндағы 357-7-баппен толықтырылсын:
«357-7-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу
1. Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды бұзуы -
жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-тарау. Көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық»;
12) 439-баптың алтыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Темiр жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын бұзу -»;
13) 463-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген қағидаларды бұза отырып, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 494-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «тiркеу және» деген сөздер алып тасталсын;
15) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«235 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «235-1 (төртінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«310-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«324-1,» деген цифрлардан кейін «324-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«357-6,» деген цифрлардан кейін «357-7 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 543-баптың бірінші бөлігі «357-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «357-7 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 553-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 553-1 және 563-2-баптармен толықтырылсын:
«553-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 504-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы және оның аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»;
«563-2-бап. Геодезия және картография саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 258-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ оның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.»;
19) 568-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 235-1 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерінде), 236, 237-2, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
20) 634-баптың 2-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
Осы бөлік «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық қызметі органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
21) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзац:
«324-1,» деген цифрлардан кейін «324-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«355-357,» деген цифрлардан кейін «357-1, 357-7 (екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацтағы «356-баптар)» деген сөздер «356, 357-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзацтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бірінші абзацтағы «310-1-бап (екінші бөлік)» деген сөздер «310-1 (1-1 және екінші бөліктері), 357-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртінші абзацтағы «237, 278 (бiрiншi бөлiгi)-баптар» деген сөздер «235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 357-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз сегізінші абзацтағы «357-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
қырық үшінші абзац «356,» деген цифрлардан кейін «357-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
қырық төртінші абзацтағы «225-1-баптар (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша)» деген сөздер «225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 357-1-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
елу жетінші абзац «343,» деген цифрлардан кейін «357-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес объектілер салуға берілген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;»;
2) 14-баптың 1-тармағында:
13) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргiзiледi.
Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда және оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн жер учаскесін таңдау нәтижелерiн тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Осы актiге әрбiр жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес оның шекараларының жобалары қоса беріледi.