Бұл ретте салық берешегін өтеуді кейінге қалдыру мүлікті кепілге қоймай және (немесе) банктің кепілдігінсіз Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге бір рет, осы тармақта көзделген шешім шығарылған күні:
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытының;
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушілерге беріледі.
2. Салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті салық төлеуші 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай өтініш берілген айдың алғашқы күні аралығындағы кезеңде түзілген салық берешегі сомасын растайтын құжатпен қоса уәкілетті органға береді. Бұл ретте өтініште салық берешегінің жалпы сомасы, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.
3. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім жобасын оның сомасын көрсетпей осындай құжаттардың көшірмелерімен қоса жібереді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім шығарған күннен бастап уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай шешім қабылданғаны туралы салық төлеушіге жазбаша түрде хабарлайды және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасын көрсетеді. Бұл ретте мерзімі кейінге қалдырылатын салық берешегінің жалпы сомасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, салық төлеушіге 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасына мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 85, 86-тарауларында көзделген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 48-3-баппен толықтырылды
48-3-бап.
1. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ және бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
2) ұйымдастыру-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмейтін заңды тұлғалар бойынша мәліметтер салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде алып тастауға жатқызылады деп белгіленсін.
Салық органдары 2010 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізімін қалыптастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер бойынша мұндай есептен шығаруды жүргізу күніне:
салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасы;
салықтардың, басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомасы;
есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кеткен сомасы салық органдарының есептен шығаруына жатады және есепке жатқызылуға және (немесе) бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер бойынша осындай есептен шығаруды жүргізу күніндегі жағдай бойынша төленбеген салық берешегі салық органдарының есептен шығаруына жатады және бюджетке енгізуге жатпайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан бір ай ішінде алып тасталған күнінен бастап Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомаларын есептеу (азайту) тізілімі негізінде салық органдары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен олардың жеке шоттарын жабуды жүргізеді. Бұл ретте, жеке шотта артық төлем және (немесе) салық берешегі сомалары болған жағдайда, мұндай сомалар Тізілімде тиісінше есептелуге немесе азайтылуға жатады.
49-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 6-7, 25, 27-құжаттар; № 13-14, 58-құжат; № 15-16, 64-құжат), оған мыналарды:
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 21- баптың 4-тармағын;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 39-баптың 4-тармағын:
«4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.»;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағын:
«2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.»;
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 85-бапты:
«85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:
1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.
2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.»;
2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 225-баптың 17) тармақшасын:
«17) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген:
тауарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес келген;
тауар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген;
еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған тауар еркін қойма аумағынан әкетілген, көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;»;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 226-баптың 2-тармағын;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:
«2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;
2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүліке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;
3) берілетін мүлік Осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн импортталған берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағында көрсетiлген тауарлар тiзбесiне кiрсе, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 230-1-бапты;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;
2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты:
«249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту
1. Салық органдары, егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.
2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандағы өтініш;
2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.
Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік декларациялау үшін негіздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.
Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.
8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.»;
2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:
«250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
1. Мынадай тауарлардың:
1) жабдықтардың;
2) ауыл шаруашылығы техникасының;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
4) тікұшақтар мен ұшақтардың;
5) темір жол локомотивтері мен вагондардың;
6) теңіз кемелерінің;
7) қосалқы бөлшектердің;
8) пестицидтердің (улы химикаттардың);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтардың импорты бойынша қосылған құн салығы осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеушінің кейіннен өткізуге арналғандарын қоспағанда, мыналардан:
1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
2) бұрын импортталған тауарларды керi экспорт режимiнде әкеткеннен басқа әкелiнетiн тауарларына қатысты қолданылады.
3. Қосылған қүн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда үш дана етіп толтырылады.
Міндеттеме негізінде тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін және акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есептемеге жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
5. Осы баптың 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс.
5-1. Әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркiн айналыс үшiн шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.
6. Тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығы есепке жатқызу жолымен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды қаржы лизингiне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн берген кезде де қолданылады.
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 73-құжат; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 21-22, 160-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;
3) «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-1-бап өзгертілді
49-1-бап. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) темір жол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, кейіннен өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:
1) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша екі данада толтырылады;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
Міндеттеме негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді белгіленген тәртіппен төлеген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есепке жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.
Мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, осы бапта көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы тармақта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде қолданылады.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 50-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
50-бап. Егер лизинг берушi 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде шот-фактура жазбаған жағдайда, лизинг берушi қаржы лизингi шартына сәйкес алу мерзiмi 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн басталатын лизингтiк төлемдер сомасын негiзге алып, оған сыйақы мен қосылған құн салығының сомасын қоспай айналым мөлшерiн көрсете отырып, 2009 жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей шот-фактура жазуға мiндеттi болады деп белгiленсiн.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 51-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
51-бап.
1. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қаржы лизингiне берiлген мүлiк бойынша «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, босатылған айналым мөлшерiне «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген күннен бастап салық салынады деп танылады.