орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-7-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептеме беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы
1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені уақтылы бермеуі -
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес есептеме беруі -
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені бермеуі -
заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 169, 171, 172-1, 172-2 және 173-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уақтылы акцепт жүргізбеуі немесе акцептеуден бас тартуы, ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып уақтылы орындамауы -
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы -
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз еткен кезде;
егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болмаса;
егер жөнелтуші ақша аударымы туралы нұсқауды жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтаса;
егер нұсқауды акцептеуден бас тарту «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларға қатысты болмаса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды акцептеуден негізсіз бас тартуы -
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы -
заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауларды не қолма-қол ақша алу жөніндегі талаптарды орындамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, иеленушінің банк шотына ақша аудармау -
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың талаптары жауаптылығы осы Кодекстің 88-бабының бесінші бөлігінде, 88-1-бабының үшінші бөлігінде, 216 және 217-баптарында көзделген іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.»;
«171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат (мәліметтер) беру жөніндегі талаптарды бұзу
Банк, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушысының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін есептемені, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға анық емес есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) беруі, есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы
1. Банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - жүз қырық, заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғалардың, актуарийдің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (құрылтайшыларының) және үлестес тұлғаларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептемені не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не анық емес есептемені беруі -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға оны бермеуі не уақтылы бермеуі -
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің елуден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауландырылған бөлімшесінің орналасқан жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабардар етпеуі -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын тиісінше құжаттандыру, оған арналған құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшірмелерін орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтандыру құжаттамасы бланкілерін есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу қағидаларын бұзуы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептіліктегі көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң өзi анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтамау фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
13) 174-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаларға әрбір жоғалған құжат үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 175-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті сақтандыру шартын:
сақтандыру сомаларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден;
сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді дұрыс емес (негізсіз) қолданудан;
сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырудан көрiнетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін талаптармен жасасуы -
лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының жүз пайызы мөлшерiнде, бірақ айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 175-1 және 175-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерiн келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзімдерін бұзу
1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерiн келісудің мерзімдерін қаржы ұйымының, банктің және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бұзуы -
заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 179-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпестен жүргізуі -
заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі -
заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 179-3 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы -
лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) орындамауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептемені, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша анық емес есептемені беру -
жеке, заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.