8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың,
пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық
принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау;
2) мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргiзудi қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен тақырыб редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
1. Мемлекеттік орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, орман ресурстарының сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша - гектармен (га), көлемі бойынша - тығыздық текше метрімен (м3) немесе қаланған текше метрмен (қал. м3), саны бойынша - түйірлеп, салмағы бойынша - килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.
107-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
1. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттік орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
108-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды ағымдағы және перспективалық жоспарлау бағдарламалар, орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларына енгiзiледi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
109-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1) бюджет қаражаты;
2) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткізуiнен түскен қаражаты;
4) орман пайдаланушылардың қаражаты;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
110-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру
Бюджет қаражатынан:
1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi;
2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;
4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестің орман патологиялық мониторингін;
6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру;
7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді
8) уәкiлеттi органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі:
ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау;
ормандарды молықтыру мен орман өсiру;
орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру;
орман шаруашылығын жобалау;
күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу;
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөніндегі іс-шараларды;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
111-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 112-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
112-бап. Орман мекемелерінің ақылы қызметтерінен түскен қаражаты
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақта бірінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді
1. Орман мекемелерінің өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізу:
1) елді мекендерді көгалдандыру үшін отырғызылатын материалдарды өсіру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелерді отырғызу, оқу практикаларын өткізу;
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) аралық мақсатта пайдалану үшін және өзге де мақсаттарда ағаш кесу және басқа да, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу кезінде алынған сүректі өңдеуден алынған тауарлар мен өнімдерді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін өткізу және сүрек өңдеу жөнінде қызметтер көрсету;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.
2. Орман мекемелерінің қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман мекемелерінің қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18-1-тараумен толықтырылды
18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру;
2) орман питомниктерін құру және дамыту.
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жерлерінде де, мемлекеттік орман қоры жерлерінде де жүзеге асырылады.
112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіру, жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалары жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері болып табылады.
112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін);
2) жекеше орман питомниктерін құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін) арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай мерзімдерден аспай жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру - он-он бес жыл;
2) жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту - бес-он жыл.
9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттік меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа біреуге беру;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;
5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын және санитарлық ережелердi бұзу;
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртібін бұзу;
9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөніндегі мiндеттемелердi орындамау;
10) орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру;
11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю;
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау;
13) мемлекеттік орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу;
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;
16) орман қоры жерлеріндегі орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
17) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;
18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен мөлшерлеудiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібін бұзу;
20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
115-бап. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару
1. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.
2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 116-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
20-тарау. Қорытынды ережелер
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 46-құжат).
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2003 жылғы шілденің 8-і.
№ 477-II