Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және
оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндіру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 233-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 211-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 243 қаулысымен
бекітілген
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Лицензияның болуы жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеумен, өндірумен, сатып алумен және өткізумен байланысты қызметпен айналысу үшін талап етіледі.
Қызметтің осы түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
3) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу.
3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі лицензия қызметтің көлемі бойынша ерекшеленеді:
1) бас - қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін;
2) бір жолғы - 5 жылдан аспайтын мерзімге берілетін.
4. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
5. Лицензия иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензиялар беру тәртібі
6. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия (бұдан әрі - лицензия) белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеумен, өндірумен, сатып алумен және өткізумен айналысқысы келетін тұлғаға беріледі.
7. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
8. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
11. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылады.
12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылған жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
13. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, онда осы Ережеде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
14. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады.
15. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
3. Телнұсқаларды қайта ресімдеу, беру, лицензияның және (немесе)
лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру
16. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алады.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкісі лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын береді.
17. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік 30 күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
18. Лицензияның қолданылуын тоқтату, күшін жою Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
19. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.
20. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтарады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 243 қаулысымен
бекітілген
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу,
өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптар
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) өтініш берушінің басшысында және/немесе оның орынбасарында, сондай-ақ жеке тұлғада жоғары техникалық білімі, Жарылғыш жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің бірыңғай ережелеріне сәйкес Жарушының бірыңғай кітапшасы және жарылғыш жұмыстарының басшылығы құқығы;
2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда техникалық пайдалану ережесі мен қауіпсіздік ережесін білуіне біліктілік тексеруінен өткен мамандарды;
3) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдардың үлгілеріне бақылау сынақтарын жүргізуге арналған меншік құқығындағы және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін тиісті өндірістік-техникалық база (сынақ-зертханалық база, мамандандырылған өндірістік ғимараттар, арнайы автокөлік);
4) санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар;
5) жарылғыш және пиротехникалық заттардың және олар қолданылатын бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттар;
6) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы жұмыстарды тапсырушының растауы;
7) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындылары;
8) кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтерді.
2. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) өтініш берушінің басшысында және/немесе оның орынбасарында, сондай-ақ жеке тұлғада жоғары техникалық білімі, Жарылғыш жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің бірыңғай ережесіне сәйкес Жарушының бірыңғай кітапшасына және жарылғыш жұмыстарының басшылығы құқығы;
2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда техникалық пайдалану ережесі мен қауіпсіздік ережесін білуіне біліктілік тексеруінен өткен мамандар мыналарды қамтамасыз ететін:
жабдықтарды, тетіктерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын;
3) жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің бекітілген регламентін, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, ережелер мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды;
4) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, жоюға арналған меншік құқығындағы және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін тиісті өндірістік-техникалық базаны (сынақ-зертханалық база, мамандандырылған өндірістік ғимараттар, арнайы автокөлік);
5) жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтік үй-жайларды;
6) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты немесе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы жұмыстар тапсырушының растауын;
7) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындылары;
8) кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтерді.
3. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптар мыналардың болуын қамтиды:
1) өтініш берушінің басшысында және/немесе оның орынбасарында, сондай-ақ жеке тұлғада жоғары техникалық білімі, Жарылғыш жұмыстары кезінде қауіпсіздіктің бірыңғай ережесіне сәйкес Жарушының бірыңғай кітапшасына және жарылғыш жұмыстарының басшылығы құқығын;
2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда техникалық пайдалану ережесі мен қауіпсіздік ережесін білуіне біліктілік тексеруінен өткен мамандарды;
3) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға арналған меншік құқығындағы және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін мамандандырылған ғимараттар мен арнайы көлікті;
4) жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған және санитарлық-эпидемиологиялық әрі өрт қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтік үй-жайларды;
5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты немесе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы жұмыстар тапсырушының растауын;
6) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындыларын;
7) жару ісі саласындағы мамандандырылған ұйымның Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге мәлімделген жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылатын өнеркәсіптік жарылғыш материалдардың, жару және бақылау аспаптарының тізбесіне сәйкестігі туралы сараптама қорытындыны;
8) кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтерді.