«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 Қаулысы
(2011.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы;
2) Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектілерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
3) жұмыс комиссиясы қорытындысының және қабылдау комиссиясы актісінің нысандары;
4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен міндетті құрамымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
бекiтiлген
Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері,
міндетті құрамы
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері, міндетті құрамы
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 76-бабында көзделген объектілерді олар бекітілген жобаға сәйкес пайдалануға толық дайын болған кезде пайдалануға қабылдау туралы актіні ресімдей отырып, қабылдау;
2) технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылау байқауын және сынағын жүргізу;
3) жобалау-іздестіру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгіленген тәртіппен жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстары бар, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырысшыға (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердігерге пайдалануға берілетін объектінің (кешеннің) толық дайын еместігі туралы қорытынды беру.
2. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері оны қабылдау үшін комиссия тағайындалған объектіге (кешенге) ғана қолданылады.
2-тармағының екінші бөлігі 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және объектіні (кешенді) қабылдау туралы актіге қол қойғаннан кейін аяқталады.
3. Қабылдау комиссиясының міндетіне мыналар кіреді:
1) объектінің (кешеннің) пайдалануға беруге дайындығына кешенді тексеру жүргізу;
2) жұмыстарды орындаушының нормативтік талаптарды, бекітілген жобаны сақтауы жөніндегі әрекеттерін не болған ауытқушылықтарды тексеру және оларды мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен келісу;
3) іске қосылатын объекті (кешен) қуатының (сыйымдылығының, өткізу қабілетінің) бекітілген жобадағы көрсеткіштерімен сәйкестігін тексеру;
4) тапсырыс берушіден (инвестордан, құрылыс салушыдан) немесе бас мердігерден алынған құжаттамаларды өкілеттіктері аяқталғаннан кейін қайтарып беру.
4. Қабылдау комиссиясының міндетті құрамына мыналар кіреді:
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болатын тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкілі;
2) комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының өкілі;
3) бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның не жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзірлеушінің, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), жергілікті атқарушы сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорындардың, мекемелердің), пайдалануға берілетін объектінің (кешеннің) бейініне (мақсатына) қарай басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері.
2. Жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттерімен, міндетті құрамы
5. Жұмыс комиссиясының өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) Заңның 75-бабында көзделген мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектілердің (кешендердің) оларды қабылдауға толық дайындығына кешенді тексеру жүргізу;
2) технологиялық жабдық пен инженерлік жүйелерге бақылау сынақтарын жүргізу;
3) жобалау, іздестіру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгіленген тәртіппен жауапқа тарту жөнінде ұсыныстары бар, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге пайдалануға берілетін объектінің (кешеннің) толық дайын еместігі туралы қорытынды беру;
4) кешенді тексеру нәтижелері бойынша оның нәтижелерін мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін объектінің (кешеннің) дайын екендігі туралы қорытындыны ресімдеу.
6. Жұмыс комиссиясының өкілеттіктері дайындыққа кешенді тексеру жүргізу үшін жұмыс комиссиясы тағайындалған объектіге (кешенге) ғана қолданылады.
Жұмыс комиссиясының өкілеттіктері тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және пайдалануға берілетін объектіні кешенді тексеру бойынша объектінің (кешеннің) пайдалануға беру дайындығы туралы көрсете отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген қорытындыны бергеннен кейін аяқталады.
7. Жұмыс комиссиясының міндетіне мыналар кіреді:
1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрастырылған технологиялық, инженерлік немесе өзге де жабдықтың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына, нормативтік талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестігін тексеру;
2) пайдалана бастауға объектінің (кешеннің) дайындығын не дайын еместігін анықтау;
3) бас мердігерден алынған құжаттамаларды өкілеттіктері аяқталғаннан кейін қайтарып беру.
8. Жұмыс комиссиясының міндетті құрамына мыналар:
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылатын тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) не тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкілі;
2) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзірлеушінің, қосалқы жобалаушылардың (жобаның бөлімдерін әзірлеушілердің), бас мердігердің, қосалқы мердігерлік ұйымның, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы сәулет және қала құрылысы, өртке қарсы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органының, пайдаланушы ұйымдардың (кәсіпорынның, мекеменің), объектінің (кешеннің) бейініне (мақсатына) қарай басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.02.05. № 357 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.09. № 1468 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қабылдау және жұмыс комиссияларының объектілерді қабылдау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы қабылдау және жұмыс комиссияларының объектілерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 77-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салынған объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қабылдау комиссиясы - объектінің (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылау сынағын жүргізетін және салынған объектіні пайдалануға қабылдайтын уақытша алқа органы;
жұмыс комиссиясы - нәтижелерін мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін объектінің дайындығына кешенді тексеру жүргізетін уақытша алқа органы;
толық дайындық - ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселген, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электрлік техникалық аспаптар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілер (кешендер).
Егер, бекітілген жобада бұл көзделген жағдайда, толық дайындыққа кейіннен сатып алушылардың мүмкіндіктері мен қалаулары ескеріле отырып, орындалатын ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстары орындалмаған, таза едендер, санитарлық-техникалық жабдықтар мен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, асүй газ және электр плиталары, пәтерішілік есік блоктары орнатылмаған қоғамдық ғимараттар жатқызылуы мүмкін.
Бұл ретте объект (кешен) бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы үй-жайларда (ғимараттың бөліктерінде) ішкі әрлеу мен монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалуға тиіс.
2. Қабылдау комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі
3. Объектіде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, бекітілген жобаға сәйкес толық жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін бас мердігер объектінің тапсыруға дайын екендігі туралы тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) хабарлайды.
Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектінің пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендігі туралы бас мердігерден жазбаша хабар алғаннан кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей қабылдау комиссиясын құрады.
4. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) қабылдау комиссиясының жұмысты бастау күнін тағайындайды және қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы хабарламаны комиссия мүшелері алғаны туралы жазбаша растап, комиссияның барлық мүшелеріне жұмыстың басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) салынған объектінің күрделілігіне және функционалдық арналуына, оның технологиялық және пайдалану сипаты мен параметрлеріне қарай тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) белгілейді.
6. Бас мердігер салынған объектілерді (кешенді) пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады.
7. Тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) объектінің (кешеннің) жарамсыздығы туралы қабылдау комиссиясының қорытындысын алған кезде тиісті мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту жөнінде өтініш жасайды, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматттық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.
8. Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдауды белгіленген нысандағы акті бойынша ресімдейді.
9-тармақ 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9. Салынған объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Ескертулер мен айрықша пікірлер бар қабылдау комиссиясының актісіне комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
10-тармақ 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10. Объектінің пайдалануға қосылғандығы туралы актіге қол қойылған күн қабылдау комиссиясы объектіні (кешенді) пайдалануға қабылдаған күн болып есептеледі.
Барлық комиссия мүшелері қол қойған қабылдау комиссиясының салынған объектілерді (кешенді) пайдалануға қабылдау туралы актісі дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеу кезінде объектінің (кешеннің) пайдалануға қабылданғанын растайтын бастапқы ерекше құжат болып табылады.
3. Жұмыс комиссиясының объектіні қабылдау тәртібі
11. Объектінің пайдалануға қабылдау рәсіміне дайын екендігі туралы бас мердігерден жазбаша хабар алғаннан кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей жұмыс комиссиясы құрылады.
Комиссия тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) шешімімен тағайындалады.
12. Бас мердігер объектілердің (кешеннің) толық дайындығына кешенді тексеруді жүзеге асыруға қажетті құжаттарды жұмыс комиссиясына ұсынады.
13. Жұмыс комиссиясы жұмысының басталу және аяқталу мерзімдерін тапсырыс беруші белгілейді.
Тапсырыс беруші осы хабарламаны комиссия мүшелерінің алғаны туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімі басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей барлық комиссия мүшелеріне жұмыс комиссиясы жұмысының басталатын күні туралы жазбаша хабарлайды.
14. Жұмыс комиссиясы жұмысының қорытындылары қорытындының белгіленген нысаны бойынша ресімделеді.
Барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қояды.
Ескертулер мен айрықша пікірлері бар жұмыс комиссиясының қорытындысына комиссия төрағасы мен мүшелерінің қол қоюына жол берілмейді.
15. Объектіні (кешенді) пайдалана бастауға дайын еместігі туралы ескерту алған кезде тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) бас мердігердің атына ескерту жібереді.
Бас мердігер ескертуді жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды.
Ескертулер жойылған кезде бас мердігер тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оларды жою туралы нәтижелер ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен қортынды нысанымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
бекiтiлген
Нысан
Жұмыс комиссиясының қорытындысы
___________ қ. | 20__ жылғы «__»____________ |
20__ жылғы «___»___________№____________ шешіммен тағайындалған
жұмыс комиссиясы _____________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(жұмыс комиссиясын тағайындаған тапсырыс беруші ұйымның атауы, тапсырыс берушінің, аты, әкесінің аты)
құрамында:
төраға-тапсырыс берушінің өкілі __________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
комиссия мүшелері - өкілдер:
бас жобалаушы _________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
қосалқы жобалаушылар __________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
бас мердігер ____________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
қосалқы мердігер ұйымдар ______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары ________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
жергілікті атқарушы мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдары _________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары ______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органдары __________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
пайдаланушы ұйымдар __________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
басқа да мүдделі мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдері _____________________________________________________

АНЫҚТАДЫ:
1. Бас мердігер _________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы және оның ведомстволық бағыныстылығы)
салынған объектіні ______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(объектінің атауы, оның орналасқан жері немесе мекенжайы)
пайдалануға қабылдауға ұсынды.
2. Құрылысты _________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(жұмыстар түрлерін)
орындаған бас мердігер және _____________________________________________________________________________________________
(жұмыстар түрлерін)
орындаған қосалқы мердігер ұйымдар _____________________________________________________________________________________
(ұйымдардың атауы, олардың ведомствовалық бағыныстылығы)
жүзеге асырды.
3. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын ___________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымдардың атаулары және олардың ведомстволық бағыныстылығы)
жобалау ұйымдары әзірлеген.
4. Құрылыс ____________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(жобаның нөмірі, үлгілік жобалар бойынша сериясының нөмірі)
жоба бойынша жүзеге асырылды.
5. Жобалау-сметалық құжаттама 20__жылғы «___»____________№____
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тұтастай объектіге құжаттаманы бекіткен ұйымның атауы)
бекітілген.
6. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылған:
жұмыстың басталуы_______________________________________________________________________________;
(айы және жылы)
жұмыстың аяқталуы______________________________________________________________________________
(айы және жылы)
7. Жұмыс комиссиясына мынадай құжаттамалар ұсынылды:__________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(құжаттар тізбесі немесе актіге қосымшаның нөмірі)
Көрсетілген құжаттар осы актінің міндетті қосымшасы болып табылады.
8. Объектінің (кешеннің), құрылыстар мынадай көрсеткіштері бар:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(қуаты, өнімділігі, өндірістік алаңы, ұзындығы, сыйымдылығы және т.б.)
9. Объект (кешен) бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері мынадай деректермен сипатталады:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(жоспарлау, қабаттар, негізгі материалдар мен конструкциялар,
_______________________________________________________________________________________________________________________
инженерлік және технологиялық жабдықтар бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)
10. Жабдық жұмыс комиссиялары жеке сынақтан және кешенді байқаудан өткеннен кейін (актілер тізбесі осы актінің____қосымшасында келтірілген) оны қабылдау туралы актіге сәйкес орнатылды:
жоба бойынша_________бірлік;
нақты _________бірлік.
11. Жобада көзделген еңбекті қорғау, жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау және сейсмикаға қарсы іс-шаралар _________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(орындалғаны туралы мәліметтер)
Іс-шаралар сипаты актінің ____қосымшасында келтірілген.
12. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бойынша сметалық құны:
барлығы ________ мың теңге, соның ішінде: құрылыс-монтаж жұмыстары: ________ мың теңге, жабдықтар, құралдар мен құрал-саймандар ________ мың теңге.
Жұмыс комиссиясының шешімі
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(ғимараттың, құрылыстың атауы)
Бас мердігерден ҚАБЫЛДАНДЫ және Мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынуға дайын ДЕП САНАЛСЫН.
Жұмыс комиссиясының төрағасы_________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)
Жұмыс комиссиясының мүшелері:
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні, мөр)
ҚР Үкіметінің 2011.02.11. № 1277 Қаулысымен актісінің нысанымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
бекiтiлген
Нысан
Қабылдау комиссиясының актісі
____________ қ. | 200_ жылғы «___»____________ |
20___ жылғы «___»___________№___________ шешіммен тағайындалған
қабылдау комиссиясы___________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(қабылдау комиссиясын тағайындаған тапсырыс беруші ұйымның атауы, тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
құрамында:
комиссия төрағасы-тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс
салушының) өкілі __________________________________________________________))___________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
комиссия төрағасының орынбасары - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының өкілі __________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
комиссия мүшелері - өкілдер:
бас мердігер ___________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
қосалқы мердігер ұйымдар ______________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
бас жобалаушы ________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
қосалқы мердігер ұйымдар _____________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
қосалқы жобалаушылар _________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
жергілікті атқарушы мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдары _________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары ______________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мемлекеттік өртті қадағалау органдары _____________________________________________________________________________________