87. Жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай есептілік құрамында ақпарат ұсынады:
1) жоспар-кесте;
2) мониторинг бойынша есеп;
3) мониторинг бойынша жиынтық анықтама;
4) БИЖ-дің паспорты;
5) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты;
6) Ганта диаграммасын салу үшін ақпарат;
7) БИЖ-дің ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі;
8) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері.
88. Жоспар-кесте әрбір жоба бойынша есептік көрсеткіштерді айқындайтын құжат болып табылады және БИЖ-дің Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
БИЖ бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген (жергілікті атқарушы органдардың) іске асырылатын БИЖ тізбесін нақтылау шамасына қарай тиісті кезеңге арналған бюджет туралы заңнамалық органның (жергілікті өкілетті органның) шешімін іске асыру туралы ақпаратты нақтылау шамасына қарай бюджеттік бағдарламалар әкімшісі БИЖ бойынша есеппен бірге нақтыланған Жоспар-кестені ұсынады.
Жоспар-кесте бүкіл жоба бойынша, оның құрамдауыштары бойынша және әрбір құрамдауышқа арналған іс-шаралар (жұмыс түрлері) бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемін қамтиды.
Бұл ретте жоспарланған жылға арналған орындау және қаржыландыру көлемі тиісті бюджеттік бағдарламамен келісіледі және тоқсандарға бөлінеді.
89. Жоспар-кестеде, сондай-ақ жоспарланған жыл басталғанға дейінгі кезеңге арналған нақты көлем және жоспарланған жылдан кейінгі екінші жылға және кейінгі жылдарға арналған болжамды көлем көрсетіледі.
Жоспар-кесте бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і және мақұлданған бюджеттік өтінімнің негізінде қалыптастырылады, ал ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша ЖСҚ және мақұлданған бюджеттік өтінім Жоспар-кестені дайындаудың негіздемесі болып табылады.
Жоспар-кестеде жобаны іске асыру кезеңі тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған және оған сәйкес есепті кезеңде жобаны қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджет өтініміне сәйкес көрсетіледі.
Жоспар-кестеге, Мониторинг бойынша есепке енгізілген жобалар тізбесі тиісті қаржы кезеңіне арналған бюджетті іске асыру туралы заңына (жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне) Үкіметтің (жергілікті атқарушы органдардың) қаулыларымен бекітілген Жобалар тізбесіне сәйкес келеді.
Жоспар-кестені, Мониторинг бойынша есепті және Мониторинг бойынша жиынтық анықтаманы іске асыруын мониторингілеуді және дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері Жоспар-кестеде, Мониторинг бойынша есепте және Мониторинг бойынша жиынтық анықтамада көрсетілген ақпараттың сапасы мен толықтығы бойынша заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
90. Мониторинг бойынша есеп есепті кезеңдегі БИЖ бойынша орындалған жұмыстар мен қаржы қаражатын игеру сомаларының нақты және жоспарланған көлемі туралы ақпаратты қамтиды және БИЖ-дің Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Бұл ретте Мониторинг бойынша есептің жоспарлы көрсеткіштері Жоспар-кесте көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
91. Мониторинг бойынша жиынтық анықтама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
92. Республикалық БИЖ іске асыру жөніндегі ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын тиісті орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
93. Жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.
94. БИЖ-ді мониторингілеу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
95. Қажетті ақпаратты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар БИЖ-дің Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай мерзімдерде ұсынады:
Жоспар-кесте жыл сайын есепті жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынылады;
Мониторинг бойынша есеп пен Мониторинг бойынша жиынтық анықтама жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
БИЖ-дің паспорты жарты жылда бір рет осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты жарты жылда бір рет осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
Гант диаграммасын құру үшін ақпарат жарты жылда бір рет осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
инвестициялық жобаны ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жарты жылда бір рет осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері жарты жылда бір рет осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады.
96. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ-ді іске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі 30 қыркүйектен және 30 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалау тәртібі
97. БИЖ-ді іске асыруды бағалау БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынатын нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
98. БИЖ-ді іске асыруды бағалау объектіні қолданысқа енгізуден кейінгі жылы бір рет жүргізіледі.
99. БИЖ-ді іске асыруды бағалау мыналарды көздейді:
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;
2) олардың мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде көзделген көрсеткіштермен салыстыру арқылы БИЖ-дің қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (өнімдер шығару, қызметтер көрсету) талдау;
3) БИЖ-ді іске асыруды бағалау жөнінде жиынтық есеп дайындау.
Нақты көрсеткіштердің бұрын мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде жоспарланғандардан ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді басқару мақсатында жүйелі және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.
100. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай есептілік құрамында ақпарат ұсынады:
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы есеп;
2) БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық анықтама.
101. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау туралы есеп есепті кезеңдегі өнімдердің (қызметтердің) нақты және жоспарланған көлемі туралы ақпаратты қамтиды және осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БИЖ-дің Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.
Іске асыру барысы туралы есепте құрылыс объектісінің баланс ұстаушысы бойынша, мемлекеттің меншік объектісін қолданысқа енгізу бойынша, мемлекеттік меншік объектісін уәкілетті органдарда тіркеу бойынша ақпарат көрсетіледі.
«Ескертулер» бағанында ақпарат болмаған жағдайда осы ақпараттың болмауының себебін көрсету қажет.
Іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта ұсынылады.
102. Республикалық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті орталық уәкілетті орган береді.
103. Коммуналдық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы орган ұсынады.
104. БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
105. Республикалық БИЖ-ді іске асыруды бағалау ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын тиісті орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
106. Жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады
107. Іске асырылуы барысы туралы есеп пен жиынтық анықтама БИЖ-дің Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда жылына бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынылады.
108. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 15 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
109. Жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау деректерінің негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар қазіргі және болжанатын әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға БИЖ тиімді жүзеге асыру шараларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізе алады.
Бюджеттік инвестициялық
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне
1-қосымша
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҒЫ
ЖОБА БОЙЫНША НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
1. Жобаның атауы: _____________________________________________________________________________________________________
2. Бюджеттік-бағдарлама әкімшісі _________________________________________________________________________________________
3. Құрамында жобаны іске асыру көзделген Қазақстан Республикасының белгіленген стратегиялық бағдарламалық құжаттарының атауы:____________________________________________________________________________________________________________________
4. Сектор: _____________________________________________________________________________________________________________
5. Экономиканың саласы: ________________________________________________________________________________________________
6. Жобаның күні: (Егер белгісіз болса, шамамен көрсету)
Іске асыру мерзімі: ________ ай
Жобаның басталуы: жыл: ________ ай: ________
Объектіні құрудың (салудың, қайта құрудың, жаңартудың) болжамды аяқталуы) жыл: ________ ай: ________
7. Жобаның жалпы құны __________________ мың теңге
8. ТЭН әзірлеудің құны __________________ мың теңге
9. ТЭН түзетудің құны __________________ мың теңге
ЖОБА БОЙЫНША ЕГЖЕЙ ТЕГЖЕЙЛІ АҚПАРАТ
10. ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ОРЫН:
(Жоба іске асырылатын орынды, оның негізгі құрамдауыштарын және жоба бойынша шығындардың өңірлер бойынша бөлінуін көрсетіңіз)
10.1. Елді мекен (ауыл, аудан, кала, облыс, ел)
10.2. Теңгерім ұстаушы*
10.3. Жоба үшін бос жердің болуы:
бар (соған сәйкес жер учаскесі бөлінген және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі)
жоқ (жер учаскесін сатып алу үшін қажетті сома көрсетіледі)
10.4. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі бар (нақты не екені көрсетіледі) жоқ (қанша қосымша шығын қажет екені көрсетіледі)
* жаңа объект құрылған (салынған) жағдайда болашақ меншік иесі көрсетіледі, қайта жаңартылған жағдайда қазіргі меншік иесі көрсетіледі
11. Жобаның мақсаттары мен міндеттері
а) мақсаты
(Мақсат Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласын (аясын) дамытудың неғұрлым ауқымды міндеттерін/басымдықтарын көрсетуі тиіс)
______________________________________________________________________________________________________________________
б) сандық міндеттер
(Олар арқылы жобаның ауқымын айқындауға болатын жобаның санымен өлшенетін міндеттерін көрсетіңіз. Белгілі бір сандық көрсеткіштерді ұсыныңыз, мысалы, жоба қуаты және т.б.)
______________________________________________________________________________________________________________________
12. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
(Жобаның және оның барлық құрамдауыштарының мазмұнын сипаттаңыз)
______________________________________________________________________________________________________________________
(Құрамдауыштар бойынша бөлуді беріңіз)
№ | Жекелеген құрамдауыштар және іске асыру кезеңдері | Сандық көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі | Жоба бойынша | Құны (мың теңге) |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
4 | | | | |
5 | | | | |
6 | | | | |
7 | | | | |
13. ЖОБАНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
(Осы жобаны іске асыру қажеттігін дәлелдеңіз.
Жоба іске асырылмаған жағдайдағы салдарды сипаттаңыз)
______________________________________________________________________________________________________________________
14. ПАЙДА
а) жобаны іске асырудан кім ұтады?
(Жобаны іске асырудан ұтуы мүмкін адамдардың және нысаналы топтардың санын көрсетіңіз.
Сондай-ақ жобаны іске асыруға тікелей немесе жанама тартылатын адамдардың санын бағалауды ұсыныңыз.
Қанша тұрақты жұмыс орны құрылады?
Жоба жұмыспен қамтуға, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне, бизнестің дамуына және басқаларға қалай әсер етеді?)
_______________________________________________________________________________________________________________________
б) жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелерді көрсетіңіз
(Жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің оларды алушыларға әсері)
______________________________________________________________________________________________________________________
15. ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ:
(Жобаның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін қысқаша сипаттаңыз)
_______________________________________________________________________________________________________________________
16. ЖОБАНЫҢ КЕЗЕҢІ:
(Жоба жаңа болып табылатынын іске асырылып жатқанын көрсетіңіз. Жобаның дайындалу және іске асырылуы барысы туралы қысқаша ақпарат беріңіз. Жобаны дайындауға немесе іске асыруға кедергі болатын басты проблемаларды және қабылданатын шараларды көрсетіңіз)
_______________________________________________________________________________________________________________________
17. ӨНІМНІҢ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ АТАУЫ
(Өндірілетін негізгі өнімді, тауарларды және/немесе қызметтерді көрсету)
_____________________________________________________________________________________________________________________
18. ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ:
18.1. Объектінің пайдаланылу (қызмет) мерзімі
18.2. Объектіні ұстауға арналған жыл сайынғы шығындар (бюджеттің деңгейін көрсете отырып)
БАЙЛАНЫС ЖАСАЙТЫН ТҰЛҒАНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
ТАӘ: ___________________________________
ЛАУАЗЫМЫ: ___________________________
БӨЛІМШЕ/Ұйым: ________________________
Мекен-жайы: ____________________________
Байланыс телефоны: ______________________
Факс: ___________________________________
Электрондық пошта: ______________________
________________________________________________________________________________________ М.О. _________
Мемлекеттік органының бірінші басшысының Т.А.Ә. қолы
Бюджеттік инвестициялық
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне
2-қосымша
Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды
1. | Жобаның атауы | |
2. | Жобаның қуаты | өлшем бірлігі |
3. | Құрылыс мерзімі | жыл |
4. | Пайдалану мерзімі | жыл |
6. | Стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі | құжат деректемесін көрсету |
7. | Стратегиялық жоспарда анықталған міндеттерді орындаудан күтілетін нәтижелер | нысаналы индикаторлар |
8. | Жобаның құны (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) | мың теңге |
8.1. | Жерді сатып алу құны | мың теңге |
9. | Пайдалану кезеңіндегі табыс/шығындардың жылдық орташа мөлшері | мың теңге |
10. | Қаржыландыру көзі мен көлемі | мың теңге |
11. | Қажетті құжаттаманың болуы | |
12. | Бюджеттік инвестиция басымдықтарына сәйкестігі | |
13. | Жобаны басқарудың институционалдық сызба нұсқасының пысықталуы (іске асырылу барысында сияқты, постинвестициялық кезеңдегі жобаның барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылдары) | |
14. | тікелей нәтиженің өлшемді (сандық) көрсеткіштерінің болуы; | |
15. | тәуекелді бағалау тұрғысынан жобаның іске асырылу мүмкіндігі; | |
16. | іске асырылу немесе түзету құны есебінің негізділігі, сондай-ақ БИЖ ТЭН-ге қажетті сараптамалар жүргізу (ЖСҚ әзірлеу (байланыстыру) және оған сараптама жүргізу бойынша құны есебінің негізділігі) | |
17. | Жобаның іске асырылу басымдығы. | |
Стратегиялық міндеттерді атқару шығындары есебі
Стратегиялық жоспарда анықталған міндеттерді орындау құны = пайдалану кезеңіндегі табыс/шығындардың жылдық орташа мөлшері * пайдалану кезеңі + жоба құны | мың теңге |
Қорытындылар:
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігінің өкілетті тұлғасы қолы Т.А.Ә.
Бюджеттік инвестициялық
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне
3-қосымша
Бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық қорытынды
1. | Жобаның атауы | |
2. | Жобаның қуаты | өлшем бірлік |
3. | Құрылыс мерзімі | жыл |
4. | Пайдалану мерзімі | жыл |
6. | Стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі | құжат деректемесін көрсету |
7. | Стратегиялық жоспарда анықталған міндеттерді орындаудан күтілетін нәтижелер | нысаналы индикаторлар |
8. | Жобаның құны (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) | мың теңге |
8.1. | Жерді сатып алу құны | мың теңге |
9. | Пайдалану кезеңіндегі табыс/шығындардың жылдық орташа мөлшері | мың теңге |
10. | Қаржыландыру көзі мен көлемі | мың теңге |
| Жоба бойынша құжаттаманың құрамы, оның ішінде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ» экономикалық сараптамасының қорытындысы | Экономикалық сараптама жүргізгенде ескерілген құжаттар мен материалдарды көрсету; берілген құжаттар құрамына ескертулер |
| Техника-технологиялық шешімдерді бағалау, оның ішінде: 1) Жобаны іске асырудың үздік нұсқалары негізділігін бағалау; 2) Жобаны іске асырудың таңдалған орны негізділігін бағалау. | |
| Институционалдық шешімдерді бағалау, оның ішінде: 1) іске асырылудың әр кезеңіндегі жобаны басқарудың сызба нұсқасының баламалы нұсқаларын, басқару құрылымын, тиімді сызба нұсқа әзірлеуді бағалау | |
| тәуекелдерді бағалау, оның ішінде: 1) тәуекелдің негізгі факторларын анықтайтын әлеуметтік тәуекелдерді бағалау; 2) тәуекелдің негізгі факторларын, тәуекелді төмендету бойынша болжамды шараларды, өзгерістердің болжамды сипаты мен диапазонын анықтайтын экономикалық тәуекелдерді бағалау; 3) тәуекелдің негізгі факторларын, тәуекелді төмендету бойынша болжамды шараларды, өзгерістердің болжамды сипаты мен диапазонын анықтайтын техникалық тәуекелдерді бағалау. | |
| «Әлеуметтік әсерді бағалау, оның ішінде: 1) салада жобаның іске асырылмауы есебінен даму болашағы мен аймақтағы әлеуметтік жағдайды бағалау, жобаны іске асыру болжанған (халықтың табысы, жұмысбастылық деңгейі) аумақ пен Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің мәні, болашақта болжанған және соңғы үш жылдағы серпіні көрсетілуі тиіс; жобаны іске асыруды ескере отырып әлеуметтік жағдайдың болашағын талдау; 2) халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамасы тұрғысынан жобаның негізділігіне, соның ішінде концессияның схемасы бойынша Жобаны іске асыру кезінде халықтың өнімді (тауар, қызмет) тұтынғаны үшін ақы төлеу даярлығына бағалау жүргізу; 3) жобаның жұмысшылар санаттары бойынша еңбек ресурстарына қажеттілігіне әр кезеңде олардың біліктілігіне қойылатын талаптарға және оның Қазақстан Республикасы халқының жұмысбастылығына әсеріне бағалау жүргізу; 4) жобаны іске асыру шеңберінде жұмысшылар мен мамандарды оқыту мен қайта даярлау бағдарламасына бағалау жүргізу; 5) әлеуметтік инфрақұрылым дамуының мақсаттылығына қажеттілігіне бағалау жүргізу; 6) жобаның қоғамдық қажеттілігіне (әлеуметтік-экономикалық) бағалау жүргізу. | |
| | |
Стратегиялық міндеттерді орындау шығындарының есебі
Стратегиялық жоспарда анықталған міндеттерді орындау құны = пайдалану кезеңіндегі табыс/шығындардың жылдық орташа мөлшері * пайдалану кезеңі + жоба құны | мың теңге |
Қорытындылар:
(Қорытындылар анық және нақты болуы қажет. Саланы дамытудың стратегиялық бағыттарын орындауға жобаның оң және теріс әсері көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігінің өкілетті тұлғасы қолы Т.А.Ә.
Бюджеттік инвестициялық
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне
4-қосымша
Сметалық құнын ұлғайту болжанатын жоба бойынша салыстырма кесте
Р/с № | Жобаның атауы | Құрамдауыштың атауы | Бастапқы құны (мың теңге) | Түзетілген құны (мың теңге) | Айырма мың теңге (+) - ұлғаю, (-) - азаю | Қымбаттау себебі | Ескертпе |
барлығы | оның ішінде СМЖ | оның ішінде жабдықтар | барлығы | оның ішінде СМЖ | оның ішінде жабдықтар | жиыны | оның ішінде СМЖ | оның ішінде жабдықтар |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | |
________________________________________________________________________________________ М.О. _________
Мемлекеттік органының бірінші басшысының Т.А.Ә. қолы
Бюджеттік инвестициялық
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне
5-қосымша
Сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша
құжаттамалар тізбесі
Р/с № | Жобаның атауы | Құжаттамалардың болуы (құжаттың № және күні) |
Салалық қорытынды | Мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісі | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның бұйрығы | ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы |
бастапқы құнына | түзетілген құнына | бастапқы құнына | түзетілген құнына |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
________________________________________________________________________________________ М.О. _________
Мемлекеттік органының бірінші басшысының Т.А.Ә. қолы
Бюджеттік инвестициялық
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне
6-қосымша
Іріктеп алынған инвестициялық ұсыныстардың тізбесі
Р/с № | Жобаның атауы | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы | Жобаның ТЭН-ін әзірлеуге және оған сараптама жүргізуге немесе ТЭН әзірлеуді талап етпейтін Жобаның ЖСҚ-ын байланыстыруға (әзірлеуге) және оған сараптама жүргізуге қажетті (бөлінген) ақша қаражатының мөлшері | Жобаның ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу немесе ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың ЖСҚ-ын байланыстыру (әзірлеу) және оған сараптама жүргізу кезінде игерілген ақша қаражатының мөлшері | Жобаның ТЭН-ін немесе ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың ЖСҚ-ын әзірлеу және оған сараптама жүргізу мерзімдері | Жобаның ТЭН-ін немесе ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың ЖСҚ-ын әзірлеу және оған сараптама жүргізу барысы туралы ақпарат |