Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 ақпандағы
№ 125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағанының екінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
«27-2. | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті | Ойын бизнесі саласындағы қызмет ». |
2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді
2. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары» деген 1-тарау 1-тармағының 8-1) тармақшасы алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде:
«Электротехникалық, радиотехникалық электронды бұйымдар» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«9504 30 100 0 | Ойын автоматтары |
9504 30 300 0 | |
9504 30 500 0 | ». |
4. «Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 596-құжат):
1-тармақ алынып танылсын.
5. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацындағы, 10-тармақтың екінші, үшінші, он үшінші абзацтарындағы «және спорт» деген сөздер «, спорт және ойын бизнесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтінде 10-тармақтың үшінші абзацындағы және 11-тармақтың екінші абзацындағы «және спортты» деген сөздер «, спортты және ойын бизнесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.»
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді;
ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекітеді.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ережеде:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «туристік қызметті» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «туристік индустрияны» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
5) тармақшадағы «туризм саласындағы» деген сөздер «туризм, ойын бизнесі салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу;
12-4) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу;»;
«18) ойын мекемелерінің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.»;
10-тармақта:
1) тармақшада «туристік саланы» деген сөздерден кейін «, ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «туризм саласында» деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 8) тармақшадағы «тартуға» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;
10) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;»;
11) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау мәніне тексерулерді жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
13) талап-арыздармен сотқа жүгінуге, оларды қарауға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге.».