Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық
жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау ережесі «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
4. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.
2. Лицензия беру тәртібі
5. Өтініш беруші лицензия алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) Жарғының және заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);
4) өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);
5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
6. Лицензиарға лицензия беру үшін өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып жіберіледі (тапсырылады).
7. Лицензиар лицензияны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
8. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;
3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
9. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсетіп, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген қызмет түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
12. Лицензияның қолданылуын тоқтату, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
15. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
16. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында
жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған
және басқа аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік
талаптары
1. Осы Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа аумақтардағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға арналған біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген мәлімделген қызметті жүргізу көзделген аумақтың радиологиялық сипаттамасының;
2) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрі бойынша өндірістік процестің технологиялық регламентінің;
3) бекітілген радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;
4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының;
5) мәлімделетін қызмет түрі бойынша нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалардың өтініш беруші бекіткен тізбесінің;
6) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;
7) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының;
8) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.