Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы
(2014.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.14.04. № 353 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен
бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу
қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі - тіркелу) - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрі - қатысушы) - тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшін қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
8) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) шартты жеңілдік - Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердің негізінде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәні;
10) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
11) веб-порталдағы уәкілетті өкіл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталдағы барлық іс-қимылдарды орындауға, оның ішінде құжаттардың электрондық көшірмелерін растауға құқықтар берілген;
12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
13) электрондық шарт - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және веб-порталда жасалатын электрондық цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
14) веб-порталды пайдалану - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуда қатысу, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған ақпаратты алу мақсатында Қатысушылар мен Пайдаланушылар веб-порталда орындайтын іс-қимыл.
2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бір көзден алу тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
3. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану, сондай-ақ техникалық кідірістер туындаған жағдайдағы оның жұмысы уәкілетті орган белгілеген тәртіптеп жүзеге асырылады.
2. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін
тапсырыс берушінің ұйымдастыруы және жүргізуі
4. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің ұйымдастыруы және жүргізуі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші етіп ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындау;
2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал арқылы веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жіберуі;
3) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
4) конкурстық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту;
5) қажет болғанда ұйымдастырушы сараптау комиссия тобының құрамын құруы не сарапшыны айқындауы және тапсырыс берушінің бекітуі;
6) тапсырыс берушінің веб-порталда конкурстық комиссияны бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
7) ұйымдастырушының веб-порталда конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыруы және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
8) электрондық конкурс (бұдан әрі - конкурс) жүргізілетіні туралы веб-порталда хабарландыру жариялау;
9) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
10) осы Қағидалардың 49 және 50-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру;
11) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
12) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
13) біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
14) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты не әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;
15) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанында берген, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
16) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктер мөлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
17) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сараптау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауы. Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы тисті хаттамада жүзеге асырылады;
18) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
19) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды айқындау;
20) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялау;
21) ұйымдастырушы жүргізген конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Осы тармақтың 14) және 15) тармақшаларында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 17) тармақшасында көзделген іс-шара тауарлар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
5. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра және өткізе алады.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, көрсетілетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.
Бірыңғай ұйымдастырушының конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және жүргізуі
6. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қойған, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуға арналған өтінімін;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен техникалық ерекшелікті. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, техникалық ерекшелік тиісті уәкілетті органмен келісілуі тиіс;
3) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен сараптау комиссиясы құрамын немесе сарапшыны айқындау туралы шешімді;
4) конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын, тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қамтитын тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.
7. Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға міндетті түрде бөлу туралы ақпаратты қамтитын тапсырманы жолдайды.
8. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда мынадай дәйекті кезеңдерді орындауды көздейді:
1) бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекшелікті, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын конкурстық құжаттаманы бекітуі және оны веб-портал арқылы қалыптастыруы;
2) бірыңғай ұйымдастырушының веб-портал арқылы веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыруы және бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
3) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
4) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
5) осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтарында көзделген жағдайларда, бірыңғай ұйымдастырушының веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;
6) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
7) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
8) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді және шартты жеңілдіктер мөлшерін қарауы;
9) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты немесе әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;
10) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанында берген, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
11) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдік мөлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
12) конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігі (үздік техникалық ерекшеліктер) болған кезде сарапшы немесе сараптау комиссиясының пікірін ескере отырып конкурстық комиссиямен анықтау. Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
13) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
14) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды анықтау;
15) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялау;
16) конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 12) тармақшасында көзделген іс-шара тауарлар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде бірыңғай ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра және өткізе алады.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Ұйымдастырушы немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайда, конкурстық құжаттаманы веб-портал арқылы қалыптастыру және бекіту
10. Ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
11. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекітеді.
Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайда, веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту
12. 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
13. Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
14. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады.
15-тармақтың екінші бөлігі 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
15. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекітеді.
16. Бірыңғай ұйымдастырушы әірлеген және бекіткен конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші тиісті уәкілетті органмен келіскен техникалық ерекшелікті;
2) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сараптау комиссиясы немесе сарапшыны;
3) осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қамтуы қажет.
Ұйымдастырушы мен онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайда конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту
17. Конкурс өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрып, бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімге ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не ұйымдастырушының бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қояды.
Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімге ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің өзі тікелей, не өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші қажеттілігіне қарай конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан оның өкілдерін енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің өзі тікелей, не өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде қажеттілігіне қарай сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.
18. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
Егер тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда, тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысынан төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізген кезінде конкурстық комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі айқындалады.
19. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.