21. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
22. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын, бар болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Ұйымдастырушы не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және жүргізу кезінде Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке әлеуетті өнім берушілер ұсынған жұмыстардың сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітуге құқылы.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде, онда конкурстық құжаттама конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан тұрады, сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілмейді.
24. Ұйымдастырушы не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және жүргізу кезінде Заңның 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітуге құқылы.
25. Сараптау комиссиясын құру туралы шешімге ұйымдастырушының не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не ұйымдастырушының не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
26. Сараптау комиссиясының мүшелері төраға, төрағаның орынбасары және сараптау комиссиясының басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
27. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сарапшы қол қояды, сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны айқындалған жағдайда ол конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
28. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне айқындауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
Конкурстық құжаттамасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан тұратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде, әлеуетті өнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды берілмейді.
29. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқықтары болмайды.
Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындауы ашық дауыс берумен қабылданады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
30. Конкурс жүргізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілген конкурстық құжаттамамен және олардың қосымшаларымен танысады.
Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған
және жүргізген жағдайда конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту
31. Конкурс өткізу рәсімдерін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімге бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қояды.
32. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.
Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген бірыңғай ұйымдастырушы конкурс ұйымдастырған және жүргізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің бірінші басшысын айқындайды.
Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген бірыңғай ұйымдастырушы конкурс ұйымдастырған және жүргізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімін айқындайды.
Тапсырыс беруші конкурстық комиссияның құрамына өз қызметкерлерін ұсынуға құқылы.
33. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
34. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
35. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
36. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы бірыңғай ұйымдастырушының лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын, бар болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
37. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде тапсырыс беруші Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде, онда конкурстық құжаттама конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан тұрады, сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілмейді.
38. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде тапсырыс беруші Заңның 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
39. Сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің ұйымдастырушының бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қабылдайды.
40. Сараптау комиссиясының мүшелері, оның ішінде төраға, төрағаның орынбасары болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
41. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамамен көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сарапшы қол қояды, сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда ол конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
42. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне анықтауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
Конкурстық құжаттамасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан тұратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде, әлеуетті өнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды берілмейді.
43. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынған тауарлардың, қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқықтары болмайды.
Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындауы ашық дауыс берумен қабылданады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
44. Конкурс жүргізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілген конкурстық құжаттамамен және олардың қосымшаларымен танысады.
Конкурс жүргізілетіні туралы хабарлама
45. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізілетін конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда жариялайды.
Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы ұсыну
46. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге конкурстық құжаттаманы веб-порталдан тегін алу мүмкіндігі беріледі.
47. Веб-портал қатысушысы әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
48. Веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарлау сәтіне дейін конкурстық құжаттаманы беруге жол берілмейді.
Ұйымдастырушының және онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі
49. Веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірмей конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы ұйымдастырушыға сұрау салу жібереді.
Ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.
50. Ұйымдастырушы қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 11, 12, 13-тармақтарында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі кемінде он бес күнтізбелік күнге ұзартылады.
Бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі
51. Веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірмей конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы бірыңғай ұйымдастырушыға сұрау салу жібереді.
Бірыңғай ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.
52. Веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру туралы сұрауды жолдаған кезде, бірыңғай ұйымдастырушы веб-порталды пайдалана отырып осындай сұрау келіп түскен күні оны тапсырыс берушіге жолдайды.
Тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушыдан веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушінің сұрауын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-порталды пайдалана отырып оған жауап беруге міндетті.
Бірыңғай ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап келіп түскен күні конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлай отырып, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
53. Бірыңғай ұйымдастырушы қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген тәртіппен бекітеді.
Тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірмей бірыңғай ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді жолдайды.
Бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші бекіткен шешім негізінде, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік үш күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
54. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
55. Бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешім алған күні, конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
Осы Қағидалардың 54 және 55-тармақтарымен көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күнге ұзартылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру
56. Конкурсқа қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында беріледі және конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткізуді (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді) жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
57. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында санамаланған құжаттарды қамтуы тиіс.
58. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама веб-порталда жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге құқылы.
59. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етілетін, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға өтініш беру арқылы, не электрондық нысанды толтыру көмегімен алынатын жекелеген құжаттарды беруіне жол беріледі.