«Алматы» санаторийі» және «Оқжетпес» санаторийі» акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 975 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Алматы» санаторийі» және «Оқжетпес» санаторийі» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына берсін;
2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23 маусымдағы
№ 975 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы «Алматы» санаторийі» ААҚ», «Оқжетпес» санаторийі» АҚ» деген жолдар алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 238-4 және 238-9-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 307 және 308-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына
307 АЛА - 005281 «Алматы» санаторийі» АҚ
308 «Оқжетпес» санаторийі» АҚ.
3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 31, 32-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 35-2 және 35-3-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы
35-2. «Алматы» санаторийі» АҚ 100 %
35-3. «Оқжетпес» санаторийі» АҚ» 100%».
4. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 81 және 84-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«81 | «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы»; |
«84 | «Оқжетпес» санаторийі» акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы». |