* тауарлар номенклатурасы код арқылы да, тауарлар атауы арқылы да айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен ережемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу
әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру
epeжеci
1. Осы Ереже Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн (бұдан әрі - Тiзбе) қалыптастыруға бiрыңғай әдiстi қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 825 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүдделi мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (бұдан әрi - өтiнiм беруші) мемлекеттік салық және кеден саясатын қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi мемлекеттік орган) жiбередi.
3. Тiзбенi тауарлармен толықтыру жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) толықтыру қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарлар өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы немесе мұндай өндiрiстiң болмауы туралы қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның қосуға ұсынылып отырған тауармен Тiзбенi толықтыру қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бiрлiгiне теңгемен);
6) ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 825 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Тiзбеден тауарларды алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса беріледi:
1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай тауарлар өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы өндiрушiнiң атауы көрсетiлген қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның алып тастауға ұсынылып отырған тауарды Тiзбеден алып тастау қажеттiгі туралы қорытындысы;
5) ҚР Үкіметінің 2010.19.08. № 825 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетілген мәлiметтермен қоса табыс етiлген ұсыныстарды қарайды және Уәкілеттi мемлекеттік орган ұсыныстарды алған күнiнен бастап 30 күнтізбелiк күн iшiнде өтiнiм берушiге Тiзбенi толықтырудың және (немесе) Тiзбеден тауарларды алып тастаудың орындылығы туралы негiздi қорытындыны бередi.
6. Өтiнiм берушi осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көзделген мәлiметтердiң толық емес тiзбесiн ұсынған жағдайда, Уәкiлеттi мемлекеттік орган өтiнiм берушi табыс еткен ұсыныстарды қараудан жазбаша нысанда бас тартады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кiрiс министрлігі белгiлеген тәртiппен төленетiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 131-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 маусымдағы № 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 25, 233-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 қарашадағы № 1605 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 49, 461-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 қыркүйектегi № 917 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 33, 298-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1240 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 382-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 43-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 16 наурыздағы № 406 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 155-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 1008 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 335-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi № 1166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 412-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 қазандағы № 1289 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 34, 448-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 наурыздағы № 281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 68-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 16, 175-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 268-құжат).