«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 және 2004 жылғы 28 сәуiрдегі № 475 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 193 Қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiліп отырған:
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi;
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру ережесi (осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес) бекiтілсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тізбесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi";
кесте мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1-1-жолмен толықтырылсын:
"1-1 Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер,
гербицидтер, өсiмдiктердiң көктеуiне қарсы
құралдар мен өсуiн реттеуiштер, бөлшек сауда
үшiн қалыптарға немесе орауыштарға бөлшектеп
оралған немесе дайын препараттар немесе
бұйымдар түрiнде ұсынылған дезинфекциялайтын
және соған ұқсас заттар (күкiртпен өңделген
ленталардан, бiлтелер мен шырақтардан, шыбын
жабыстырғыш қағаздан басқа)* 3808-ден";
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қаулының 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармағы 1) тармақшасының он екiншi абзацын қоспағанда, осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 193 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде
(Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу
әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың
тiзбесiн қалыптастыру epeжеci
1. Осы Ереже Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн (бұдан әрі - Тiзбе) қалыптастыруға бiрыңғай әдiстi қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
2. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүдделi мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (бұдан әрi - өтiнiм беруші) мемлекеттік фискалдық саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi мемлекеттік орган) жiбередi.
3. Тiзбенi тауарлармен толықтыру жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) толықтыру қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарлар өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы немесе мұндай өндiрiстiң болмауы туралы қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның қосуға ұсынылып отырған тауармен Тiзбенi толықтыру қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бiрлiгiне теңгемен);
6) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшілендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған тауарлардың ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауына және кодтарына сәйкестiгi мәнiне қорытындысы.
4. Тiзбеден тауарларды алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса беріледi:
1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай тауарлар өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы өндiрушiнiң атауы көрсетiлген қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның алып тастауға ұсынылып отырған тауарды Тiзбеден алып тастау қажеттiгі туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған тауарлардың ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестiгі мәнiне қорытындысы.
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетілген мәлiметтермен қоса табыс етiлген ұсыныстарды қарайды және Уәкілеттi мемлекеттік орган ұсыныстарды алған күнiнен бастап 30 күнтізбелiк күн iшiнде өтiнiм берушiге Тiзбенi толықтырудың және (немесе) Тiзбеден тауарларды алып тастаудың орындылығы туралы негiздi қорытындыны бередi.
6. Өтiнiм берушi осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көзделген мәлiметтердiң толық емес тiзбесiн ұсынған жағдайда, Уәкiлеттi мемлекеттік орган өтiнiм берушi табыс еткен ұсыныстарды қараудан жазбаша нысанда бас тартады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 193 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 сәуірдегі
№ 475 қаулысымен
бекітілген
Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне
беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты
қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк
тiзбесiн қалыптастыру ережесi
1. Осы Ереже Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) қалыптастыруға бiрыңғай әдiстi қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
2. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүдделi мемлекеттік органдар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік фискалдық саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi мемлекеттік орган) жiбередi.
3. Тiзбенi мүлiкпен толықтыру жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) толықтыру қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiкке Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай мүлiк өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы немесе мұндай өндiрiстiң болмауы туралы қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның қосуға ұсынылып отырған мүлiкпен Тiзбенi толықтыру қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiктiң құны (мүлiктiң 1 бiрлiгi үшiн теңгемен);
6) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiктiң ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестiгi мәнiне қорытындысы.
4. Тiзбеден мүлiктi алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған мүлiкке Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай мүлiк өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы өндiрушiнiң атауы көрсетілген қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның алып тастауға ұсынылып отырған мүлiктi Тiзбеден алып тастау қажеттiгi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған мүлiктiң ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестігі мәнiне қорытындысы.
5. Уәкілеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтермен қоса табыс етiлген ұсыныстарды қарайды және Уәкілеттi мемлекеттік орган ұсыныстарды алған күнiнен бастап 30 күнтізбелiк күн iшiнде өтінiм берушiге Тiзбенi толықтырудың және (немесе) Тiзбеден мүлiктi алып тастаудың орындылығы туралы негiздi қорытындыны бередi.
6. Өтінiм берушi осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көзделген мәлiметтердiң толық емес тiзбесiн табыс еткен жағдайда, Уәкiлеттi мемлекеттік орган өтінiм берушi табыс еткен ұсыныстарды қараудан жазбаша нысанда бас тартады.