7) мынадай мазмұндағы 548-1-баппен толықтырылсын:
«548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
8) 566-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
1-тармақтың 9) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
9) 568-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.»;
10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 219-6, 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар)»;
қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (219-8, (екінші және үшінші бөліктері), 223-225, 225-1 (электр және жылу желілері тораптарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағында:
9) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;
2) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;
3) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;
4) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;».
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
495-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.».
4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат, № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлім. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік»;
2) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігі, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.».
5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж. № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын жайларда коммуналдық қызмет көрсету үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады.
Мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
Жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережелерінің 5-тармақтың 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.».
6. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж; № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
7-тармақтың 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;».
8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
8-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
10) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
17) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «объектiнiң (кешеннiң) дайындығына кешендi тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргiзетiн» деген сөздер «құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 18-баптың 3) тармақшасы «және оның аумақтық бөлімшелері;» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 19-баптың 9-1) тармақшасындағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 20-бапта:
12) тармақшадағы «республикалық маңызы бар» деген сөздер алып тасталсын;
12-1) тармақшадағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялауды» және «өтініш иелері мен лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған кезде лицензиялау ережелерінің, құрылыстың сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру ережелерінің» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жаңа 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;»;
14-1) тармақшадағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, лицензиялау» деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақшадағы «, оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық және лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және жұмыстардың жүргізілуін тоқтата тұру қажеттігі туралы лицензиарға нұсқама жіберу жолымен шаралар қолдану» деген сөздер алып тасталсын;
23) тармақшадағы «республикалық маңызы бар объектілер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 24-баптың 1-тармағында:
10-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;»;
13) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
8-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6) 25-баптың 1-тармағында:
10-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;»;
15) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
8-тармақтың 7) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
7) 27-баптың тақырыбы мен 1 және 2-тармақтарындағы «, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 31-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «бақылауын» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері объектілер құрылысына инспекция жүргізу, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау, осы Заңда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылатын жолмен;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «әзірлеушілер;» деген сөз «әзірлеушілер жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
8-тармақтың 9) тармақшасы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 32-баптың 3-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 33-бапта:
2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен және аумақтық бөлімшелерден тұрады.»;
«7. Объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлері тиісінше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін басшылары, олардың орынбасарлары мен штат қызметкерлері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.»;
8-тармақтың 11) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
11) 35-баптың 1-тармағында:
1-1) тармақшадағы «республикалық маңызы бар объектілердің құрылысына, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын» деген сөздер «және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәулет жобасы ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттік-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерін қамтуға тиіс.»;
13) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құрылыс жобасында (құрылыстық жобада) құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтін және өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.»;
8-тармақтың 14) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
14) 68-баптың 11-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және аумақтық бөлімшелерінің рұқсаты талап етіледі.»;
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
8-тармақтың 15) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
15) 73-баптың 8-тармағындағы «тексеру» деген сөз «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың 16) тармақшасы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
16) 78-баптың 4-тармағында:
1) тармақшадағы «ауытқушылықтардың жойылуын тексеру» деген сөздер «ауытқушылықтардың орындалуын белгілеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «белгілеу» деген сөзбен ауыстырылсын.
1-баптың 9-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; №13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):